Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 21 қарашадағы N 1582 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 19 наурыз N 335. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.12.02. N 1225 қаулысымен. ~P981225

Күшін жойған
      Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      "Жаңа астана" бюджеттен тыс республикалық қоры туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 21 қарашадағы N 1582 P951582_ қаулысымен бекiтiлген "Жаңа астана" бюджеттен тыс республикалық қоры туралы Ережеге (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 36, 462-бап) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1-тармақтағы "(бұдан әрi - Қор)" сөздерiнен кейiн "Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы жанынан" сөздерi қосылсын, одан әрi мәтiн бойынша;
      2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тұрғын үй құрылысы банкiнiң операциялық басқармасында" сөздерi "Қазақстан Республикасының Халық банкiнде" сөздерiмен алмастырылсын;
      3-тармақтың төртiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тұрғын үй құрылысы банкiнiң депозиттерiне" сөздерi "Қазақстан Республикасы Халық банкiнiң депозиттерiне" сөздерiмен ауыстырылсын;
      6-тармақтағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тұрғын үй құрылысы банкi" сөздерi "Қазақстан Республикасының Халық банкi" сөздерiмен ауыстырылсын;
      7-тармақтағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тұрғын үй құрылысы банкi" сөздерi "Қазақстан Республикасының Халық банкi және Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы" сөздерiмен алмастырылсын;
      8-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Қордың Байқаушы кеңесi" сөздерi "Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы" сөздерiмен алмастырылсын;
      9-тармақтағы "Байқаушы кеңесi" сөздерi "Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы" сөздерiмен алмастырылсын;
      10-тармақта:
      бiрiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасының Үкiметi" сөздерiнен кейiн "Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы Аппараты Басшысының ұсынуы бойынша" сөздерi қосылсын;
      мына мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Қор дирекциясы аппаратының санын Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының төрағасы бекiтедi";
      12-тармақ "Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы Аппараты Басшысының ұсынуы бойынша" сөздерiмен толықтырылсын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi