Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi N 1035 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 13 наурыз N 304. Күшi жойылды - ҚР Үкіметінiң 2000.08.12. N 1253 қаулысымен. ~P001253

Күшін жойған
      Сыртқы экономикалық қызметтi одан әрi ырықтандыру және оның заңдық-нормативтiк базасын Кеден одағы шеңберiнде жүйеге келтiру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының алдағы Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымына кiруiне байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Биржалық тауарлардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан

Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi N 1035  

P951035_

 
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 26, 302-бап)
мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
     1-қосымшаға:
     "Астық, ауыл шаруашылығы өнiмi, оның ұқсатылған өнiмдерi" деген
1-бөлiмнен мына жолдар алынып тасталсын:

     Сары май                             0405        1 т
     Табиғи бал                           0409        1 т
     Маралдың, киiктiң мүйiзi             050790       -
     Тоқал бұғының қыны, аюдың етi
     жыландардың улары                    0510         -
     Балықтың дайын немесе құтыға
     салынған өнiмi                       1604        1 т
     Iрi қараның терiсiнен өңделген терi  4104        5000 ш.дм.
     Ұсақ малдың терiсiнен өңделген терi  4105        4000 ш.дм.
     Ұн және жарма                        1101-1105   20 т
     Ет                                   0201-0205   1 вагон
     Қызылша қанты                        1701        1 т
     Тазартылмаған этил спиртi            2207, 2208  100 дал;

     аталған бөлiмге мына жол қосылсын:
     "жарма                               1103-1105    20 т";

     "Өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiм" деген 2-бөлiмнен мына
жолдар алынып тасталсын:

     Цемент                            2523       1 вагон
     Қара металдардың шойыны           7208-7217  20 т
     Көмiр, соның iшiнде кокстелетiнi  2701       10 вагон
     Ферроқорытпалар                   7202       20 т
     Түстi металдар                    7401-7405, 20 т
                                       7407, 7408,
                                       7501, 7502,
                                       7504, 7601,
                                       7603, 7604,
                                       7801-7804,
                                       7901,
                                       7903-7905,
                                       8001, 8004.
     Тыңайтқыштар                      3101-3105  1 вагон
     Ағаш және одан жасалған бұйымдар  4401, 4403,
                                       4407       1 вагон
     Аккумулятор                       8507       500 дана
     Автошиналар                       4011       500 дана



      2. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi осы қаулының 1-тармағында аталған тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан шығаруды 1996 жылдың 5 наурызына дейiн тауар биржаларында жасалған контрактiлер бойынша биржалық тауарларды шығарудан басқа, экспорттық биржалық мәмiлелер жасау туралы куәлiктi ұсынусыз, жүктiк кеден декларациясының негiзiнде жүзеге асырсын, оларды шығару бұрынғы қолданылып жүрген тәртiпке сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Қазақстан Республикасының Кеден комитетiмен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас салық инспекциясымен, Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен және Халықаралық Қазақстан агроөнеркәсiп биржасымен бiрлесiп 1996 жылдың 30 наурызына дейiн экспортқа шығарылатын өнiмдердi жөнелту

алдындағы инспекция қызметiн iске асыру үшiн бiрлескен орган құруды
ескере отырып, экспортқа шығарылатын тауарлардың бағасына бақылау
жасауды ұйымдастыру жөнiндегi қаулының жобасын әзiрлеп, оны Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi