Әкетiлетiн тауарларға кеден бажының ставкалары туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 12 наурыз N 299. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

Күшін жойған

      Отандық тауар өндiрушiлердiң мүдделерiн, экспортты ынталандыруды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының арасындағы Кедендiк одақ шеңберiнде сыртқы экономикалық қызметтiң заңдық және нормативтiк базасының бiрдей болуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Әкетiлетiн тауарларға кеден бажының ставкалары қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      2. "Әкетiлетiн тауарларға кеден бажының ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 6 қарашадағы N 1449 қаулысының /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 34, 435-бап/ күшi жойылған деп танылсын.
      3. Осы қаулы жарияланғаннан кейiн бiр ай өткен соң күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi 

    Қосымшаның қазақша аудармасы жоқ, орысша мәтіннен қараңыз