"Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму банкiнiң Бағдарламалық займын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 22 қаңтардағы N 74 қаулысына мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
4-тармақтың екiншi абзацы:
"Қызмет көрсетушi банкiлерi мен түпкi заемшылар тарапынан көрсетiлген қаржылардың республика бюджетiне сөзсiз, толық қайтарылуын ескерiп" деген сөздермен басталып, одан әрi мәтiн бойынша баяндалсын.
5-тармақ "екi апта мерзiм iшiнде" сөздерiнен кейiн "қызмет көрсетушi банкiлер немесе түпкi заемшылар тарапынан кепiлдi мiндеттеме берiлетiн тетiктi" анықтасын деген редакцияда баяндалсын.
7-тармақ мынадай редакцияда баяндалсын:
"7. Займ қаржысын түпкi заемшылардың пайдалану процедурасын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi анықтайтын лизинг негiзiнде жүргiзiлуi мүмкiн деп белгiленсiн".
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi