Қазақстан Республикасындағы кәсiпорындарды, ұйымдарды, мекемелердi, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң Тәртiбiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 5 наурыз N 281

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасындағы кәсiпорындарды, ұйымдарды, мекемелердi, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң берiлiп отырған Тәртiбi бекiтiлсiн.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi


                                            Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281 қаулысымен бекiтiлген


            Қазақстан Республикасындағы кәсiпорындарды, ұйымдарды,
         мекемелердi, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ
         физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың
           және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң
                                ТӘРТIБI

      1. Қазақстан Республикасындағы кәсiпорындарды, ұйымдарды, мекемелердi, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен атауын өзгерту және олардың атауларының трнаскрипциясын өзгерту Тәртiбi "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 2572-ХII Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дайындалды.
      2. Республика министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi, Үкiмет құрамына енбейтiн орталық атқару органдары мен ведомстволары, жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдары Қазақстан Республикасының ұлттық, тарихи-географиялық ерекшелiктерiне негiзделген бiрыңғай ономастикалық саясатын жүзеге асыру жөнiндегi жұмыста осы Тәртiптi басшылыққа алады. Ол үшiн:
      Қазақстан Республикасында өткен кезеңде әртүрлi субъективтi жағдайлардың әсерiмен негiзсiз өзгертiлген тарихи-географиялық топонимдер бiртiндеп қалпына келтiрiлуi керек. Жаңа атаулар ұлттық, тiлдiк ерекшелiктер, сондай-ақ географиялық, тарихи, әлеуметтiк жағдайлар ескерiлiп барып берiлуге тиiс;
      барлық атаулардың дұрыс жазылуы қазiргi қазақ әдеби тiлiнiң нормаларына сәйкес жүргiзiлiп, ал орыс және басқа ұлт тiлдерiндегi транскрипциясы осы нормаларға сай келуi тиiс;
      республикаға айрықша еңбегi сiңген және оның тарихына, мәдениетiне, әдебиетi мен өнерiне елеулi үлес қосқан адам аттары, сондай-ақ мемлекет пен қоғам қайраткерлерiнiң және әлем деңгейiндегi ғылым мен мәдениет қайраткерлерiнiң есiмi осы Тәртiптiң 4-тармағында көрсетiлген объектiлерге берiлуi мүмкiн, бiрақ республика аумағында үш жағдайдан артық емес.
      3. Объектiлерге қазiр көзi тiрi адамдардың атын беруге тыйым салынады.
      Кәсiпорындарды, ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды және басқа физикалық-географиялық объектiлердi атау мен атауын өзгерту, топонимдерге нақтылық енгiзу мәселелерiне байланысты дауларды Қазақстан Республикасы Үкiметi жанындағы Мемлекеттiк ономастика комиссиясы шешедi.
      4. Өнеркәсiп, ауыл шаруашылығы кәсiпорын, құрылыс, жобалау, ғылыми-зерттеу, геологиялық бiрлестiктер мен ұйымдарды, жоғары, орта арнаулы оқу орындарын, мектептiң барлық түрлерiн, мектепке дейiнгi балалар мекемелерiн, бiлiм жүйесiнiң басқа да ұйымдарын, шығармашылық ұжымдарды, мәдени орталықтарды, айлақтарды, су құрылыстарын, жолаушы тасымалдайтын, балық аулайтын кемелердi, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ басқа физикалық-географиялық объектiлердi атау және атауын өзгерту, атаулардың транскрипциясын нақтылау туралы шешiмдi, тиiстi Республика министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң, Үкiмет құрамына енбейтiн орталық атқару органдары мен ведомстволарының, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының ұсынысымен және Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Мемлекеттiк ономастика комиссиясының ұйғарымына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдайды.
      5. Қазақстанның географиялық атаулары жиынтығының орыс және басқа тiлдердегi дұрыс транскрипциясы, сондай-ақ карталардағы, атластардағы, саяхаттық бағыттар көрсетiлген сызбалардағы, көпшiлiк пайдаланатын анықтамалық материалдардағы атаулар мiндеттi түрде Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Мемлекеттiк ономастика комиссиясымен келiсiледi, оның мақұлдауынан кейiн ғана бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
      6. Атаулары өзгерген кәсiпорындар мен ұйымдардың мөрлерiн, бұрыштамаларын, бланктерiн, басқа да құжаттарын ауыстыру Заңда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
      7. Объектiлердiң атауын тiркеу және ғылыми сараптан өткiзу, практикалық шараларды жүзеге асыруды бақылау, атауларды реттеудiң әдiстемесiн әзiрлеу, тұрғындар арасында түсiнiк жұмыстарын жүргiзу, түрлi анықтамалықтар, сөздiктер, ономастиканың өзектi мәселелерiне арналған әдiстемелiк еңбектер шығару, ғылыми практикалық конференциялар мен кеңестер өткiзудi Қазақстан Республикасының Ұлт саясаты жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жүзеге асырады.