Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 5 наурыз N 280

Жаңартылған
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулер қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Импорттық дәрi-дәрмек және медициналық мақсаттағы жабдықтарға және химиялық реактивтерге баға белгiлеудiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 5 мамырдағы N 480 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 21, 214-бап);

     "Павлодар өнеркәсiп-қаржы альянсы" салааралық
өндiрiстiк-шаруашылық ассоциациясын құру туралы" Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 6 қазандағы N 1122
қаулысының 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж.,
N 42, 456-бап).

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi

                                         Қазақстан Республикасы
                                               Үкiметiнiң
                                        1996 жылғы 5 наурыздағы
                                            N 280 қаулысына
                                                қосымша

          Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр
             шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулер

     1. 
<*>
 
     Ескерту. 1 тармақтың күшi жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.03.19.         
              N 331 қаулысымен.  

P020331_

 


      2. "Энергия ресурстарының және өнiмдер мен көрсетiлетiн қызметтердiң басқа да түрлерiнiң бағасын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 1 маусымдағы N 484 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., 349-бап) 6-тармағының төртiншi абзацы алынып тасталсын.
      3. "Энергия ресурстарына бағаны ырықтандыру және кейбiр қызмет түрлерiнiң тарифтерiн реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 23 наурыздағы N 288 қаулысынан (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 15, 145-бап):
      5-тармақтағы - "өзiндiк құнының 25 процентi мөлшерiнде шектi рентабельдiлiк деңгейiмен қалыптасатын";
      7-тармақтың төртiншi абзацындағы - "сондай-ақ тұрғындарды орталық жылу жүйесiмен және ыстық сумен қамтамасыз ету" сөздерi алынып тасталсын.
      4. "Көмiр өнеркәсiбi кәсiпорындарының жұмысын тұрақтандыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 5 мамырдағы N 482 қаулысының 1-тармағының бiрiншi абзацындағы "және өзiндiк құнға" шаққанда рентабельдiлiктiң 50 процентiне дейiнгi мөлшердегi шектi деңгейiне (ренталық төлемдердi қоса)" және "Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге көмiр жөнелткен кезде еркiн баға рентабельдiлiктiң деңгейiмен шектелмейдi" деген сөздер алынып тасталсын.
      5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы 8-қаңтардағы N 3-ө өкiмi 2 тармағының үшiншi абзацындағы "Импорттық дәрi-дәрмек, медициналық мақсаттағы жабдықтарға және химиялық реактивтерге баға белгiлеудiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 5 мамырдағы N 480 қаулысының 1-тармағына сәйкес қойылған баға бойынша" деген сөздер алынып тасталсын.