Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi орталық аппаратының Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппараттың қызметкерлерi шектi санының негiзiнде 24 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiнiң жанындағы Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгiне Бас директордың 1 орынбасарын ұстауына рұқсат берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiнiң жанындағы Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгiнiң орталық аппараты үшiн 2 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 26 ақпандағы
N 243 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ғылым және жаңа
технологиялар министрлiгiнiң жанындағы Атом
энергиясы жөнiндегi агенттiгi орталық аппаратының
ҚҰРЫЛЫМЫ
Ядролық қауiпсiздiк бөлiмi
Радиациялық қауiпсiздiк бөлiмi
Ядролық материалдар мен технологияларды таратпауды
бақылау бөлiмi