Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 21 ақпан N 225. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.05.20. N 851 қаулысымен. ~P970851

Күшін жойған

      "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының құрылымын жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 қазандағы N 2541 U952541_ Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 33, 409-бап) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi туралы Ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      2. Қазақстан Республикасы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитеттiң оның құзырына жатқызылған мәселелер бойынша шешiмдерi Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi, өзге де атқарушы органдары мен меншiк нысанына қарамастан заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi деп белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiне Үкiметтiң тапсырмасымен стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi халықаралық, шетелдiк, аймақтық және ұлттық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiруге өкiлеттiк берiлсiн.
      4. Төрағаға бекiтiлген құрылым, саны және еңбекақы қоры шегiнде штаттық кестенi бекiту құқығы берiлсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитеттiң аумақтық органдарының, кәсiпорындарының және ұйымдарының тiзбесi бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      6. Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң және оның ведомстволық бағыныстағы органдардың стандарттаудың, техникалық шарттардың, метрологиялық ережелердiң сақталуына, өлшем құралдарының жай-күйi мен қолданылуына, сондай-ақ физикалық көлемдер бiрлiгiнiң эталондық базасын құру және ұстау, Қазақстан Республикасының негiзгi стандарттарын және мемлекетаралық стандарттарды жасауға мемлекеттiк қадағалау бөлiгiндегi қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
 
            ЕСКЕРТУ. 6-тармақтың 2-абзацы алынып тасталды - ҚРҮ-нiң
               1997.04.08. N 505 қаулысымен. P970505_
      7. "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 22 сәуiрдегi N 424 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 19, 190-бап);
      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 6 ақпандағы N 115 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 5, 62-бап) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулардың 30-тармағы;
      "Стандарттау және сертификаттау мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 13 қыркүйектегi N 1259 P951259_ қаулысымен

 

(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 30, 377-бап) бекiтiлген

стандарттау және сертификаттау мәселелерi жөнiнде Қазақстан

Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулердiң

3-тармағының күшi жойылған деп танылсын.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрi


                                       Қазақстан Республикасы

                                           Үкiметiнiң

                                      1996 жылғы 21 ақпандағы

                                         N 225 қаулысымен

                                           БЕКIТIЛГЕН

         Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология

            және сертификаттау жөнiндегi комитетi туралы

                            ЕРЕЖЕ


                     I. Жалпы ережелер


 
       1. Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi (Қазақстан Республикасының Мемстандарты) Қазақстан Республикасындағы стандарттау, метрология, сертификаттау және стандарттардың талаптарының, техникалық жағдайлардың және өлшеу құралдарының жай-күйiне сақталуына мемлекеттiк қадағалау саласындағы мемлекеттiк басқаруды жүзеге асырушы орталық атқарушы орган болып табылады.
      2. Қазақстан Республикасының Мемстандарты өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiн, халықаралық шарттары мен келiсiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алып жүзеге асырады.
      3. Қазақстан Республикасының Мемстандартты заңды тұлға болып табылады, орыс және қазақ тiлдерiнде өзiнiң атауы жазылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк гербi бейнеленген мөрi, фирмалық бланкiлерi, арнаулы белгiсi мен тексеру, сертификаттау жұмыстарын, өлшеу құралдарының сериялық шығарылымын тiркеуге және куәландыруға және басқа да мақсаттарға арналған мөртаңбалары бар.
 
                II. Мiндеттерi мен функциялары
      4. Мемстандарттың негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      өнiмнiң сапасын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының мүдделерiн, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, халықаралық рынокқа шығу кезiнде тауар айырбасында техникалық кедергiлердi жою мақсатында стандарттау, метрология, сертификаттау саласында бiрыңғай ғылыми-техникалық саясат жүргiзу;
      нарықтық қатынастардың дамуына жағдай жасайтын нормативтiк база құру;
      стандарттау, сертификаттау және өлшемдер бiрлiгiнiң мемлекеттiк жүйесiн әзiрлеу, жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мен жетiлдiру;
      физикалық шамалар бiрлiктерiнiң эталондық базасын құру мен қолдау;
      Қазақстан Республикасының стандарттарын халықаралық, аймақтық және мемлекетаралық стандарттарға сәйкестiкке келтiру;
      заңдар мен нормативтiк актiлердi әзiрлеуге қатысу, стандарттау, метрология, сертификаттау, мемлекеттiк қадағалау бойынша әдiстемелiк құжаттар әзiрлеу;
      стандарттау, метрология және өлшемдер бiрлiгiнiң халықаралық, мемлекетаралық және мемлекеттiк жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен заңды тұлғалардың жұмысын үйлестiру және ұйымдастыру-әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыру;
      өнiмнiң сапасына, стандарттардың талаптары мен техникалық шарттардың сақталуына, метрологиялық қағидалар мен өлшеу құралдарының жай-күйiне мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыру.
      5. Мемстандарт өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
      Қазақстан Республикасында стандарттауды, метрология мен сертификаттауды дамытудың негiзгi бағыттарын айқындайды;
      Қазақстан Республикасының министрлiктерiмен, мемлекеттiк комитеттерiмен және басқа орталық және жергiлiктi атқарушы органдарымен бiрлесiп өнiмнiң техникалық деңгейiн және сапасын көтеру, оның сыртқы рынокта бәсекелестiк қабілетiн арттыру жөнiндегi ағымдағы және ұзақ мерзiмдi бағдарламаларды әзiрлеуге қатысады;
      стандарттаудың, метрология және сертификаттаудың мемлекетаралық және аймақтық жүйелерiн әзiрлеуге қатысады, оның жұмыс iстеуiн ұйымдастырады;
      стандарттау, метрология және сертификаттау объектiлерi бойынша мемлекетаралық бағдарламаларды жасауға және жүзеге асыруға қатысады;
      стандарттау, метрология және сертификаттауды дамытудың қол жеткен деңгейiне баға бередi, бұл салаларда ғылым мен техника жетiстiктерiн мейлiнше тиiмдi пайдалану жолдарын айқындайды;
      Қазақстан Республикасының министрлiктерiмен, мемлекеттiк комитеттерiмен, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдарымен және стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттермен бiрлесiп мемлекеттiк стандарттаудың жыл сайынғы жоспарларын әзiрлейдi және оларды бекiтедi, сондай-ақ мемлекетаралық стандарттау жоспарларына ұсыныстар дайындайды;
      Қазақстан Республикасының стандарттарын және стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi басқа да нормативтiк құжаттарды әзiрлеудi, қайта қарауды, сараптауды, бекiту мен тiркеудi ұйымдастырады;
      басқа елдердiң мемлекеттiк, мемлекетаралық, аймақтық, халықаралық және ұлттық стандарттарының қорын құрады және жүргiзедi;
      мемлекеттiк, мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi халықаралық ұйымдардың ережелерi мен ұсыныстамаларын басып шығарады, қайта басуды және тартуды жүзеге асырады;
      министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттерге, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға және шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге өнiмге және шығарылған өлшеу құралдарына арналған тiркелген нормативтiк құжаттама туралы, сондай-ақ стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы нормативтiк құжаттама талаптарының өзгерiсi туралы хабарлайды;
      стандарттардың талаптары мен техникалық шарттардың, метрологиялық қағидалардың сақталуына, өлшеу құралдарының жай-күйi мен қолданылуына ведомстволық қызметтердiң, орталық атқарушы органдардың және меншiктiң барлық нысанындағы заңды тұлғалардың стандарттау және метрология қызметтерiнiң жұмысына мемлекеттiк қадағалауды, сондай-ақ сертификатталған және лицензияланған өнiмге инспекциялық бақылауды ұйымдастырады және жүргiзедi;
      мемлекеттiк қадағалаудың нәтижелерiн қорытындылайды, отандық өнiмнiң техникалық деңгейi мен бәсекелестiк қабiлетiне (тауарлар, қызмет көрсету) талдау жасайды, отандық және импортталған өнiмнiң сапасы туралы, стандарттардың талаптары мен техникалық шарттардың бұзылуы туралы деректер банкiн қалыптастырады және Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат бередi;
      өнiмдi сертификаттау және сапа жүйелерi жөнiндегi жұмыстарды (қызмет, қызмет көрсету), сертификаттау жөнiндегi органдарды, сынақ зертханаларын (орталықтарын) мен кәсiпорындарды бекiту мен тiркеудi ұйымдастырады және жүргiзедi;
      сертификаттау жөнiндегi тiркелген органдар, сынақ зертханалары (орталықтары мен кәсiпорындары, сертификатталған өнiм мен сертификатталған сапа жүйелерi туралы) туралы басқарушы органдар мен меншiктiң барлық нысанындағы заңды тұлғаларға, мүдделi халықаралық, аймақтық және ұлттық ұйымдарға хабарлайды;
      техникалық-экономикалық және әлеуметтiк ақпаратты жiктеу мен кодтау, өнiмдi каталогтау, өнiмдi штрихтi кодтау жүйесiн енгiзу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
      мемлекеттiк қару-жарақ кадастрын жүргiзудi ұйымдастырады;
      өлшеу құралдарын жасау, тексеру, жөндеу, сату және жалға беру, алкогольды өнiм өндiру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк нышанын бiлдiретiн заң жүзiнде бекiтiлген материалдық бейнелi заттар жөнiндегi заңды және жеке тұлғалардың қызметiне лицензиялау жүргiзедi;
      физикалық шамалар бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондық базасын қажеттi деңгейде сақтауды, қолдауды және дамытуды қамтамасыз етедi;
      қолдануға рұқсат етiлген өлшеу құралдарының, стандартты үлгiлердiң, тiркелген тексеру зертханалары мен метрологиялық қызметтердiң мемлекеттiк реестрiн жүргiзедi;
      мемлекеттiк және ведомстволық метрологиялық қызметтердiң, заттар мен материалдардың стандарттық үлгiлерi қызметтерiнiң жұмыс iстеуiн ұйымдастырады;
      Қазақстан Республикасында шығарылған және импортталған өлшеу құралдарына мемлекеттiк сынақтар, өлшеу құралдары мен өлшем жүйелерiне мемлекеттiк тексерiс пен метрологиялық аттестация жүргiзедi, сондай-ақ өлшеу құралдарын жасайтын, жөндейтiн, жалға беретiн және сататын заңды тұлғалардың есебiн алады;
      стандарттау, сертификаттау және метрология саласында мамандар мен аудиторлар даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн көтерудi ұйымдастырады және жүргiзедi, аудиторлардың мемлекеттiк реестрiн жүргiзедi;
      стандарттау, метрология және сертификаттау саласында халықаралық және мемлекетаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      Үкiметтiң тапсыруы бойынша стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi халықаралық, шетелдiк, аймақтық және ұлттық ұйымдарда Қазақстан Республикасын бiлдiредi;
      Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi аймақтық органдарының, кәсiпорындары мен ұйымдарының қызметiнiң негiзгi бағыттарын айқындайды, олардың қызметiне бақылау жасайды;
 
            ЕСКЕРТУ. 5-тармақтан 27-абзац алынып тасталды - ҚРҮ-нiң
               1997.04.08. N 505 қаулысымен. P970505_
 
                III. Құқықтары мен мiндеттерi
      6. Қойылған мiндеттер мен жүктелген функцияларын орындау үшiн Қазақстан Республикасы Мемстандартының мыналарға құқы бар:
      өз құзыретi шегiнде министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен меншiктiң барлық нысанындағы заңды тұлғалардың орындауы мiндеттi шешiмдер қабылдайды;
      Қазақстан Республикасының Мемстандартына жүктелген мiндеттердi орындау үшiн белгiленген тәртiппен кәсiпорындарда, ұйымдар мен меншiктiң барлық нысанындағы басқа да заңды тұлғаларда болады;
      стандарттардың талаптары мен техникалық шарттардың, метрологиялық қағидалар мен сертификаттау ережелерiнiң бұзылуы фактiлерiн анықтаған кезде белгiлi бiр заң шараларын қабылдайды;
      өнiм мен тауарлар сатуға және тұтынуға жарамсыз деп танылған жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен оларды жою немесе одан әрi өңдеуге шешiм қабылдайды;
      стандарттау, метрология, сертификаттау және өнiмнiң сапасы бойынша министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен заңды тұлғалардың жүргiзген жұмысының жай-күйi туралы оларды тыңдайды, өз құзыретiнiң шегiнде тиiстi шаралар қабылдайды, өзiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн белгiленген тәртiппен қажеттi ақпаратты сұрайды және алады;
      стандарттау, метрология, сынақтар мен сертификаттау саласындағы бiрлескен жұмыс үшiн белгiленген тәртiппен жоғары бiлiктi мамандарды тартады;
      өнiмге, сапа жүйесiне, өлшеу құралдарының үлгiлерiн жасау мен бекiтуге сертификаттар бередi;
      шетел сертификаттарын, белгiлерiнiң сәйкестiлiгiн тану ережелерiн белгiлейдi, шетел сынақ орталықтарын, тексеру зертханаларын және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сертификаттау жүйесiндегi сертификаттау жөнiндегi органдарды тiркеудi жүргiзедi;
      алкогольды өнiм өндiру, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк нышанын бiлдiретiн заң жүзiнде бекiтiлген материалдық-бейнелi заттар жасау, сондай-ақ өлшеу құралдарын жасау, тексеру, жөндеу, сату және жалға беру құқына заңды және жеке тұлғаларға белгiленген нысанда лицензиялар бередi;
      министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен және заңды тұлғалармен бiрлесiп стандарттарды әзiрлеу жөнiндегi техникалық комитеттер құрады;
      әкiмшiлiк және экономикалық санкцияларын қолдану немесе олардың күшiн жою жөнiнде шешiмдер, сондай-ақ аумақтық органдар жүргiзген тексерiстердiң нәтижесi бойынша кәсiпорындарға, ұйымдар мен басқа да заңды тұлғаларға заңмен белгiленген ықпал ету шараларын қабылдайды.
      7. Қазақстан Республикасының Мемстандарты:
      стандарттау, метрология және сертификаттау саласында бiрыңғай ғылыми-техникалық саясат жүргiзуге;
      өнiмнiң, тауарлар мен қызмет көрсетулердiң сапасы мәселелерiнде тұтынушылар құқықтарын қорғауға;
      халықаралық рынокқа шығу кезiнде тауар айырбасындағы кедергiлердi жоюға жәрдем беруге;
      нарықтық қатынастарды дамытуға жағдай жасайтын нормативтiк база құруға;
      стандарттау, сертификаттау және өлшемдер бiрлiгi мемлекеттiк жүйесiнiң жұмыс iстеуiн және жетiлдiрiлуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
 
                IV. Басшы органдары
      8. Қазақстан Республикасының Мемстандартын Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын Төраға басқарады. Мемстандарт Төрағасы өзiнiң лауазымы бойынша стандарттар мен өлшеу құралдарын қадағалау жөнiндегi Қазақстан Республикасының бас мемлекеттiк инспекторы болып табылады.
      Қазақстан Республикасы Мемстандартының Төрағасы:
      орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда, ұйымдар мен кәсiпорындарда Қазақстан Республикасы Мемстандартының мүдделерiн бiлдiредi, шарттар жасайды, банктерде есеп айырысу және басқа да шоттар ашады, Қазақстан Республикасының Мемстандартына жүктелген мiндеттердiң орындалуына жеке жауапкершiлiкте болады;
      Қазақстан Республикасы Мемстандартының құрылымдық бөлiмшелерi мен оған ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындар мен ұйымдардың қызметiн ұйымдастырады;
      Қазақстан Республикасы Мемстандартының жүйесiне кiретiн аумақтық органдардың (стандарттар мен өлшеу құралдарын қадағалау жөнiндегi облыстардың бас инспекторларын), кәсiпорындар мен ұйымдардың басшыларын тағайындайды және босатады;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсыруы бойынша стандарттау және метрология жөнiндегi халықаралық, шетелдiк, аймақтық және ұлттық ұйымдарда Қазақстан Республикасының Мемстандартын бiлдiредi.
      9. Қазақстан Республикасы Мемстандарты Төрағасының орынбасарын Қазақстан Мемстандарты Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайды.
      Қазақстан Республикасы Мемстандарты Төрағасының орынбасары лауазымы бойынша стандарттар мен өлшеу құралдарын қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспектордың орынбасары болып табылады.
      10. Қазақстан Республикасының Мемстандартында алқа құрылады, оның сандық құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi, жеке құрамын Қазақстан Республикасы Мемстандартының Төрағасы бекiтедi. Алқаның шешiмдерi Қазақстан Республикасы Мемстандарты Төрағасының қаулылары және бұйрықтарымен жүзеге асырылады.
 
                V. Аумақтық органдардың, кәсiпорындар мен ұйымдардың
                               жұмысын ұйымдастыру
      11. Қазақстан Республикасының Мемстандарты оған ведомстволық бағыныстағы аумақтық органдардың, кәсiпорындар мен ұйымдардың жұмысына тiкелей басшылық жасайды. Қазақстан Республикасының Мемстандарты мен оған ведомстволық бағыныстағы аумақтық органдарының,

 

кәсiпорындар мен ұйымдардың арасындағы өзара қарым-қатынасы

"Мемлекеттік кәсiпорындар туралы" Қазақстан Республикасы

Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкес және осы Ережемен

реттеледi.

     12. Қазақстан Республикасының Мемстандарты Қазақстан

Республикасының тиiстi мемлекеттiк органдарына белгiленген тәртiппен

мерзiмдi және жиынтық жылдық есептi тапсырады.


                                       Қазақстан Республикасы

                                           Үкiметiнiң

                                       1996 жылғы 21 ақпандағы

                                           N 225 қаулысына

                                            ҚОСЫМША

            Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және

            сертификаттау жөнiндегi комитетi аумақтық органдарының,

                         кәсiпорындары мен ұйымдарының

                               Т I З Б Е С I

     Қазақстан Республикасы Мемстандартының

     Алматы стандарттау және метрология

     орталығы                                    Алматы қаласы


     Қазақстан Республикасы Мемстандартының

     Ақмола стандарттау және метрология

     орталығы                                    Ақмола қаласы


     Қазақстан Республикасы Мемстандартының

     Ақтөбе стандарттау және метрология

     орталығы                                    Ақтөбе қаласы


     Қазақстан Республикасы Мемстандартының

     Атырау стандарттау және метрология

     орталығы                                    Атырау қаласы


     Қазақстан Республикасы Мемстандартының

     Шығыс Қазақстан стандарттау және

     метрология орталығы                         Өскемен қаласы


     Қазақстан Республикасы Мемстандартының

     Жамбыл стандарттау және метрология

     орталығы                                    Жамбыл қаласы


     Қазақстан Республикасы Мемстандартының

     Жезқазған стандарттау және метрология

     орталығы                                    Жезқазған қаласы


     Қазақстан Республикасы Мемстандартының

     Батыс Қазақстан стандарттау және

     метрология орталығы                         Орал қаласы


     Қазақстан Республикасы Мемстандартының

     Қарағанды стандарттау және метрология

     орталығы                                    Қарағанды қаласы


     Қазақстан Республикасы Мемстандартының

     Қызылорда стандарттау және метрология

     орталығы                                    Қызылорда қаласы


     Қазақстан Республикасы Мемстандартының

     Көкшетау стандарттау және метрология

     орталығы                                    Көкшетау қаласы


     Қазақстан Республикасы Мемстандартының

     Қостанай стандарттау және метрология

     орталығы                                    Қостанай қаласы


     Қазақстан Республикасы Мемстандартының

     Маңғыстау стандарттау және метрология

     орталығы                                    Ақтау қаласы


     Қазақстан Республикасы Мемстандартының

     Павлодар стандарттау және метрология

     орталығы                                    Павлодар қаласы


     Қазақстан Республикасы Мемстандартының

     Солтүстiк Қазақстан стандарттау және

     метрология орталығы                         Петропавл қаласы


     Қазақстан Республикасы Мемстандартының

     Семей стандарттау және метрология

     орталығы                                    Семей қаласы


     Қазақстан Республикасы Мемстандартының

     Талдықорған стандарттау және метрология

     орталығы                                    Талдықорған қаласы


     Қазақстан Республикасы Мемстандартының

     Торғай стандарттау және метрология

     орталығы                                    Арқалық қаласы


     Қазақстан Республикасы Мемстандартының

     Оңтүстiк Қазақстан стандарттау және

     метрология орталығы                         Шымкент қаласы


     Қазақстан Республикасы Мемстандартының

     кәсiпорындардың арақ өнiмдерiн өндiру

     құқығын тексеру орталығы                    Алматы қаласы


     Қазақстан Республикасы Мемстандартының

     "ҚАЗСЕРТИКО" өнiмдердi сертификаттау

     және сынау орталығы                         Алматы қаласы


     Қазақстан Республикасы Мемстандартының

     "СТАНДАРТЫ" баспа-полиграфиялық

     кәсiпорны                                   Алматы қаласы