1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне төлем
жасауға қабiлетi жоқ кәсiпорындарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 мамырдағы N 656 P950656_ қаулысына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 17, 194-бап) мынадай өзгерту енгiзiлсiн: Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне берiлетiн төлем жасауға қабiлетi жоқ кәсiпорындардың тiзбесi мыналармен толықтырылсын: "Карбид" АҚ, Қарағанды облысы "Каршахтастрой" АҚ, Қарағанды облысы "Кустанайасбест" АҚ, Қостанай облысы "Петропавл шағын литражды двигательдер зауыты" АҚ, Солтүстiк Қазақстан облысы. "Металлист"зауыты" АҚ, Батыс Қазақстан облысы. 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жоғарыда аталған акционерлiк қоғамдардың мемлекеттiк акциялар пакеттерiн иелену, пайдалану және басқару құқықтарын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне берсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi