Қарағанды көмiр бассейнiнiң көмiр шығаратын кәсiпорындарын мемлекеттiк қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: "Көмiр өнеркәсiбi саласының жұмысын тұрақтандыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 24 қаңтардағы N 74 P950074_ қаулысының "Қарағандыкөмiр" мемлекеттiк холдинг компаниясына, қазiргi "Қарағандышахтакөмiр" мемлекеттiк кәсiпорнына қатысты 2-тармағының қолданылу мерзiмi 1996 жылғы 1 сәуiрге дейiн ұзартылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi