Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 26 қарашадағы N 992 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 25 қаңтар N 94. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.05.29. N 594 қаулысымен ~P020594

Күшін жойған
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық қазақ-пәкiстан бiрлескен комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 26 қарашадағы N 992 қаулысына /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 47, 687-бап/ мынадай өзгертулер енгізiлсiн:
      Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарды

құрылыс салу министрi А.А. Құлыбаев сауда-экономикалық,
ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық
қазақ-пәкiстан бiрлескен комиссияның қазақстандық бөлiгiнiң
төрағасы болып бекiтiлсiн;
     С.Қ. Әлиғожанов аталған комиссияның құрамынан шығарылсын.
     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
        бiрiншi орынбасары