Қазақстан Республикасында шетел азаматының тұру ықтиярхаты мен азаматтығы жоқ адамдардың куәлiгiнiң үлгiлерiн (сипаттамасын) бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 23 қаңтар N 87

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасында шетел азаматының тұру ықтиярхаты мен азаматтығы жоқ адамдардың куәлiгiнiң бланкiлерiн жасау, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы паспорт жүйесi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 5 сәуiрдегi N 256 P930256_ қаулысын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 10, 124-бап) жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасында шетел азаматының тұру ықтиярхаты мен азаматтығы жоқ адамдардың куәлiгiнiң ұсынылып отырған үлгiлерi (сипаттамасы) бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының iшкi iстер министрлiгi Қазақстан Республикасында шетел азаматының тұру ықтиярхаты мен азаматтығы жоқ адамдардың куәлiгiнiң бланкiлерiн жасауды олардың сипаттамасына сәйкес қамтамасыз етсiн. Бланкiлердi әзiрлеу жөнiндегi шығыстар Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң шотына кейiннен ықтиярхат үшiн төлем жасап қаражатты қалпына келтiру жолымен Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң бекiтiлген сметасы шегiнде жүргiзiлсiн.
     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары


                                            Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 1996 жылғы 23 қаңтардағы N 87 қаулысымен бекiтiлген


        Шетел азаматы қоныстану ықтиярхатының үлгiсi (сипаттамасы) Q960087a а

      1. Ықтиярхат - мөлдiр пластикалық қаптамасы бар, көлемi 70Х100

мм, баспаханалық жолмен жасалған, түрлi-түстi кәртiшке. Мұндағы
жазулар мен сызықтар қара түстi бояумен түсiрiлген.
     2. Оның бет жағында:
     а) жоғарғы шетiнде:
     ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
     РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН
     деп жазылған, бұлардың арасында диаметрi 20 мм Қазақстан
Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген.
     б) олардан төмен -
     Шетел азаматының қоныстану ықтиярхаты
     Вид на жительство иностранного гражданина
     деген жазулар бар;
     в) елтаңбаның астында қоныстану ықтиярхатының нөмiрi көрсетiлген;
     г) сол жағында мөлшерi 33х43 мм сурет кәртiшкесi жапсырылған.
     3. Суретiнiң оң жағында төрт көлбеу сызық тартылған.
     Олардың астында:
     Тегi/Фамилия
     Аты/Имя
     Әкесiнiң аты/Отчество
     Туған күнi, айы, жылы/Дата рождения
     Төменде мәшине шығаратын текске орын қалдырылған.
     4. Сырт жағында сегiз көлбеу сызық тартылған.
     Олардың астында:
     Туған жерi/Место рождения
     Азаматтығы/Гражданство
     Тұрғылықты жерi/Место жительства
     Берген мекеме/Орган выдачи
     Берiлген күнi қолданылу мерзiмi/Дата выдачи-срок действия
     Қолы/Подпись


                                            Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 1996 жылғы 23 қаңтардағы N 87 қаулысымен бекiтiлген


           Азаматтығы жоқ адамның куәлiгiнiң үлгiсi (сипаттамасы) Q960087b b

      1. Азаматтығы жоқ адамның куәлiгi кiтапшасының көлемi 88х125 мм,

оның iшiнде сутамғы белгiлерi бар арнаулы қағаздан жасалған 16 парақ
орналастырылған. Жазулары мен беттерiндегi өрнегi қара түстi бояумен
түсiрiлген.
     2. Куәлiктiң мұқабасы қара-көк түстi, онда алтын түстi:
     а) Қазақ және ағылшын тiлдерiнде:
          ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
          REPUBLIC OF KAZAKSTAN
     деген батырма жазулар бар;
     б) ортасында - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы
     в) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк елтаңбасынан төмен қазақ
және ағылшын тiлдерiнде
          Азаматтығы жоқ адамның куәлiгi
          Stateless person certificate
     деген батырма жазулар бар.
     Мұқабаның iшкi жағында Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
елтаңбасының түрлi-түстi бейнесi.
     3. Азаматтығы жоқ адамның куәлiгiнiң бiрiншi бетiнде қазақ, орыс
және ағылшын тiлдерiнде
     Куәлiк Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылады
     Удостоверение является собственностью Республики Казахстан
     This certificate is the property of the Republic of Kazakstan
     деген жазулар жазылған;
     4. Екiншi бетiнде қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде:
        Мәлiмет/Сведения/Оbsеrvаtiоns
    деп жазылған.
     5. 3-беттен 24-бетке дейiн шетелге шыққан кезде қойылатын виза
мен рұқсат ету белгiлерiне арналған. Беттерiнiң жоғарғы жағында:
        Визалар/Visаs
     деген жазулар бар.
     Тақ санды беттерiнiң жоғарғы жағында куәлiктiң нөмiрi болады.
     6. 25-беттен 30-бетке дейiн тұрғылықты жерi туралы белгiлерге
арналған. Беттерiнiң жоғарғы жағында:
          Тұрғылықты жерi/Место жительства
     деген жазу бар.
     7. 31-беттiң төменгi жағында қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде:
     Осы құжат нөмiрленген 32 беттен тұрады
     Настоящий документ содержит 32 пронумерование страницы
     This dokument contains 32 numbeder pages
     деген жазу бар.
     8. 32-бетте қазақ және ағылшын тiлдерiнде:
     "Қазақстан Республикасы"/"Rеrubliс of Kazakstan"
     деп тiгiнен жазылған.
     Одан төмен солдан оңға қарай:
     Куәлiк/Сеrtifiсаtе; Түрi/Туре
     Мемлекет коды/соdе of state
     Куәлiктiң N /Сеrtifiсаtе N
     деген жазулар бар.
     Сол жағында сурет кәртiшкесiне орын қалдырылған, суреттiң оң
жағында мынадай жазу бар:
     Тегi/Фамилия/Surnаме
     Аты/Имя/Сivеn names
     Туған күнi, айы, жылы/Дата рождения/Dаtе of birth
     Туған жерi/Место роджения/Рlасе of birth
     Жынысы/Пол/Sех
     Берген мекеме/Орган выдачи/Аuthоritу
     Берiлген күнi/Дата выдачи/Dаtе of issue
     Куәлiк мерзiмi/Действителен до/Dаtе of expiry
     Төменде мәшине шығаратын текске орын қалдырылған.
     9. Мұқабаның iшкi жағында тiгiнен екi қатарда қазақ және орыс
тiлдерiнде:
     Азаматтығы жоқ адамның куәлiгi
     Удостоверение лица без гражданства
     деп тiгiнен екi жолға жазылған жазу бар.
     Төменгi жағында қазақ және орыс тiлдерiнде жазу үшiн орын
қалдырылған:
     Тегi/Фамилия
     Аты/Имя
     Әкесiнiң аты/Отчество
     Ұлты/Национальность
     Өз қолы/Подпись


      Осы жазулардың сол жағына диаметрi 25 мм Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген.