Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 мамырдағы N 656 қаулысына өзгерту енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 17 қаңтар N 65

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрлерi Кеңесiнiң шешiмiмен бекiтiлген, Қатысушы мемлекеттердiң 2000-шы жылға дейiнгi экономикалық тұтасуы бағдарламасына сәйкес және "Электробытприбор" акционерлiк қоғамының қатысуымен ұлтаралық компания құру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне төлем жасауға қабiлетi жоқ кәсiпорындарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 мамырдағы N 656 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 17, 194-бап) мынадай өзгерту енгiзiлсiн:

     Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне берiлетiн
төлем жасауға қабiлетi жоқ кәсiпорындардың тiзбесiнен
"Электробытприбор" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы, алынып
тасталсын.
     2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
Медетшi банкiнен "Электробытприбор" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк
акциялар пакетiн қайтарып алсын.

     Қазақстан Республикасы
     Премьер-Министрiнiң
     бiрiншi орынбасары