1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-қимыл жоспары және 1996 жылға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметi шараларының кең ауқымды жоспары туралы<*>

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 ж. 12 қаңтар N 56. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

Күшін жойған

      "1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-қимыл бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 13 желтоқсандағы N 2680 Жарлығына сәйкес және экономикалық өзгерiстердiң жаңа сатысын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Мыналар бекiтiлсiн: 
      1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-қимыл жоспары (N 1 қосымша); 
      1996 жылға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Үкiмет шараларының кең ауқымды жоспары (N2 қосымша; N 3 қосымша, құпия). 
      2. Министрлiктер мен ведомстволардың басшылары, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi 1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-қимыл жоспары және 1996 жылға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметi шараларының кең ауқымды жоспарында айқындалған заңдық және нормативтiк актiлердiң уақтылы және сапалы әзiрленуiн қамтамасыз етсiн. 
      Министрлiктер, ведомстволар 1996 жылға арналған шаралардың кең ауқымды жоспарларын 1 ақпанға дейiн әзiрлесiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi басқа да мүдделi министрлiгiмен және ведомстволармен бiрлесiп, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "1996 жылға арналған Үкiметтiң заң жобалары жұмыстарының жоспары туралы" 1995 жылғы 15 желтоқсандағы N 1732 және "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң бiрiншi сессиясының қарауына заң жобаларын Үкiметтiң енгiзу туралы" 1995 жылғы 15 желтоқсандағы N 1733 қаулыларын осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныстарын екi апта мерзiмде ұсынсын. 
      4. Жауапты орындаушылар болып табылатын Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары, бiрге орындаушылардың келiсiмiмен, Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппаратына осы қаулының орындалу барысы туралы ақпарат берудi, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 10-нан кешiктiрмей, тоқсан сайын қамтамасыз етедi деп белгiленсiн. 
      5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың қатысуымен 1995-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Үкiметтiң Бағдарламасы және Iс-қимыл жоспарының мақсаттары мен мiндеттерi негiзiнде аталған Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз ететiн шаралардың кең ауқымды жоспарын жыл сайын әзiрлесiн, сондай-ақ Бағдарламаға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн. 
      6. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентiнiң Бағдарламаларының жүзеге асырылу барысы туралы баяндамасының жобасын тоқсан сайын әзiрлесiн. 
      7. 1996 жылға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Үкiметтiң iс-қимыл бағдарламасының кең ауқымды жоспарын бақылау жасау Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне жүктелсiн. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi 

       Ескерту: Қосымшалардың ресми аудармасы жоқ, орыс тiлiндегі  мәтіннен қараңыз.