"Инфракос" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 8 қаңтар N 27

Қолданыстағы
      "Байқоңыр" кешенi объектiлерiнiң мүлкiн сақтауды қамтамасыз ету мен ұтымды пайдалану жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 11 шiлдедегi N 946 P950946_ қаулысын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Байқоңыр" кешенiнiң Ресей Федерациясы жалға алғандардың құрамына кiрмеген және құрамынан шығарылатын объектiлерi мүлкiнiң негiзiнде, шаруашылық жүргiзу құқығында "Инфракос" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны құрылсын.
      2. "Инфракос" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының негiзгi мiндеттерi мыналар болып белгiленсiн;
      "Байқоңыр" кешенiнiң Ресей Федерациясы жалға алғандардың құрамына кiрмеген және құрамынан шығарылатын объектiлерiнiң сақталуын және ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету;
      аталған объектiлердi конверсиялау жобаларын әзiрлеу және жүзеге асыру.
      3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Аэроғарыш комитеті "Инфракос" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының уәкілетті органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығының субъектісі функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін. <*>
      3-1. "Инфракос" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына "Инфракос-Экос" еншілес мемлекеттік кәсіпорнын құруға рұқсат берілсін. <*>
      Ескерту. 3-тармақ өзгерді, 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР
               Үкіметінің 2001.06.07. N 770 қаулысымен. P010770_
      4. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi жанындағы Ұлттық аэроғарыш агенттiгi бiр ай мерзiм iшiнде, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес құрылтайшылық құжаттарын дайындап, "Инфракос" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын мемлекеттiк тiркеудi iске асырсын.
      5. "Инфракос" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының Байқоңыр қаласында орналасатын жерi айқындалсын.
      6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi жанындағы Ұлттық аэроғарыш агенттiгi "Инфракос" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына шаруашылық жүргiзу құқығында "Байқоңыр" кешенiнiң Ресей Федерациясы жалға алғандардың құрамына кiрмеген және құрамынан шығарылатын объектiлерiнiң мүлкiн белгiленген тәртiппен беретiн болсын.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi