Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 мамырдағы N 659 қаулысына өзгерту енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 5 қаңтар N 20

Қолданыстағы
      Өзен кен орнын оңалту және "Өзенмұнайгаз" өндiрiстiк бiрлестiгiн акциялау мен жекешелендiру жөнiнде тендер бойынша консультант сайлау жобасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      1. "Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған Ұлттық бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы N 1135 Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 мамырдағы N 659 P950659_ қаулысының қосымшасына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 17, 196-құжат) мынадай өзгерту енгiзiлсiн:
      Мұнай-газ саласы кәсiпорындарының тiзбесiнен "Өзенмұнайгаз" акционерлiк қоғамы" сөздерi алынып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi басқа да мүдделi министрлiктермен, комитеттермен және өзге де мемлекеттiк органдармен келiсе отырып,

"Өзенмұнайгаз" өндiрiстiк бiрлестiгiн акцияларын және тендерлiк
негiзде сайланған тәуелсiз консультантты тарта отырып, оның қызметiне
Дүниежүзiлiк банктiң N 3744-КZ (Мұнай саласына техникалық көмек
жобасы) займының қаражаты есебiнен ақы төлей отырып, жекешелендiрудi
жүзеге асырсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi