Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 25 қаңтардағы N 64 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 4 қаңтар N 12. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.05.29. N 594 қаулысымен ~P020594

Күшін жойған
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөнiндегi қазақ-иран үкiметаралық бiрлескен комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 25 қаңтардағы N 64 P930064_ қаулысына мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
      1. Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөнiндегi қазақ-иран үкiметаралық бiрлескен комиссиясының Қазақстан жағының төрағасы болып Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрi Ю.И. Лавриненко бекiтiлсiн.
      2. С.Қ. Әлиғожанов аталған комиссия құрамынан шығарылсын.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi