1. Астананы көшiрудiң алғашқы кезеңiнде орналастыруға жататын Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды орналастыру жөнiндегi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк комиссиясы ұсынған жоғары және орталық мемлекеттiк органдардың тiзбесi қосымшаға сәйкес мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Президентi Iс Басқармасының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Уақытша жұмысшы аппаратының, Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiнiң, Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1996 жылы Ақмола қаласында олардың қызметiнiң басталуын ескере отырып, жетекшi жедел топ құру туралы осы қаулыға қосымшада көрсетiлген мемлекеттiк органдарды орналастыруды әзiрлеу мен қамтамасыз ету үшiн, сондай-ақ Ақмола қаласында құрылыс салу мен оның инфрақұрылымын дамытуда жұмыстарды ұйымдастыру жөнiндегi ұсыныстармен келiсiлсiн.
3. Ақмола қаласына Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды орналастыру жөнiндегi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк комиссиясы;
<*>
Ақмола облысының әкiмiмен бiрлесiп, көшетiн мемлекеттiк органдарды орналастыруға арналған үй-жайлар мен ғимараттардың тiзбесiн анықтасын.
1996 жылғы 20 қаңтарға дейiнгi мерзiмде үй-жайлар мен ғимараттарды көшетiн мемлекеттiк органдарға белгiленген тәртiппен бекiту, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне тапсырылсын.
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгертiлдi - ҚР Үкiметiнiң 1997.04.10. N 530
қаулысымен.
4. Осы тiзбеге енбеген мемлекеттiк органдар өз қызметiн Алматы қаласында одан әрi жалғастыратын болады, осыған байланысты, алғашқы кезеңде жаңа астанаға көшетiн министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттер мен өзге орталық мемлекеттiк органдарға екi апта мерзiмде аталған органдар аппаратының көшу тәртiбiн, қалатын мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасауы үшiн аппараттың бiр бөлiгiнiң өз қызметiн Алматы қаласында жалғастыруын айқындасын және оны Ақмола қаласына Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының қарауына енгiзсiн.
5. Мемлекеттiк органды белгiлеген мерзiмде көшiруге тиiстi
органның басшылары жауапты деп белгiленсiн. <*> 6. Қазақстан Республикасы Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi комиссияға осы қаулының орындалуына бақылау жасау жүктелсiн. <*> ЕСКЕРТУ. Қаулы 5,6,-тармақтармен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 1997.04.10. N 530 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1887 қаулысына қосымша <*> 1997 жылғы мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына көшiрудiң тiзбесi мен мерзiмi _____________________________________________________________________ Мемлекеттiк органның атауы і Көшiру мерзiмi _____________________________________________________________________ 1 і 2 _____________________________________________________________________ Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi (келiсiм бойынша) IV тоқсан Қазақстан Республикасының Парламентi және оның аппараттары (келiсiм бойынша) IV тоқсан Қазақстан Республикасының Үкiметi және Қазақстан Республикасы Премьер- Министрiнiң Кеңсесi IV тоқсан Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм бойынша) IV тоқсан Республикалық ұлан (келiсiм бойынша) IV тоқсан Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы (келiсiм бойынша) IV тоқсан Конституциялық Кеңес (келiсiм бойынша) IV тоқсан Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша)* IV тоқсан Орталық сайлау комиссиясы (келiсiм бойынша) IV тоқсан Жоғарғы Сот (келiсiм бойынша) IV тоқсан Бас Прокуратура (келiсiм бойынша)* IV тоқсан Мемлекеттiк тергеу комитетi (келiсiм бойынша)* IV тоқсан Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiк (келiсiм бойынша) II тоқсан Стратегиялық ресурстарды бақылау жөнiндегi агенттiк (келiсiм бойынша) IV тоқсан Стратегиялық жоспарлау жөнiндегi агенттiк (келiсiм бойынша) IV тоқсан Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi (келiсiм бойынша) IV тоқсан Iшкi iстер министрлiгi және Iшкi әскерлер қолбасшысының бас басқармасы* III тоқсан Сыртқы iстер министрлiгi* IV тоқсан Ауыл шаруашылығы министрлiгi II тоқсан Көлiк және коммуникациялар министрлiгi II тоқсан Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi IV тоқсан Қаржы министрлiгi* IV тоқсан Экономика және сауда министрлiгi* IV тоқсан Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi IV тоқсан Әдiлет министрлiгi IV тоқсан Қорғаныс министрлiгiнiң жедел тобы** - "Қазақстан теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясы III тоқсан Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық мемлекеттiк органдары Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi комиссияның аппараты III тоқсан __________________________________ * 1997 жылы мемлекеттiк органның бiрiншi басшысының белгiлеуiмен, аппараттың бiр бөлiгi көшiрiледi. ** 1996 жылы көшiрiлдi
Ескерту. Мемлекеттiк органдарды көшiру мерзiмiн айлар бойынша Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi комиссия белгiлейдi.
ЕСКЕРТУ. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 1997.04.10. N 530
қаулысымен.