Энергия берудi шектеу мен тұтынушыларды энергиямен жабдықтау көздерiнен қиып тастауды ретке келтiру туралы Ереженi бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 19 желтоқсан N 1743
Қолданыстағы1. Энергия берудi шектеу мен тұтынушыларды энергиямен жабдықтау көздерiнен қиып тастауды ретке келтiру туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика және Көмiр өнеркәсiбi министрлiгi энергия тұтынушылардың апаттық-технологиялық броньдарының актiлерiн қайта ресiмдеудi, сондай-ақ электр және жылу энергиясын беруге шарттар жасау кезiнде, оларға пайдаланылған энергияға есеп айырысудың мерзiмi мен кезеңiн бұзған тұтынушыларды энергиямен жабдықтау көздерiнен қиып тастау және энергия беруге шектеу енгiзудiң шарттары мiндеттi түрде қосылуын қамтамасыз етсiн.
3. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi тиiстi аумақта барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен бюджеттiк ұйымдардың пайдаланылған электр және жылу энергиясы үшiн есеп айырысу және энергия тұтыну тәртiбiн сақтауында энергиямен жабдықтау ұйымдарына пәрмендi көмек көрсетсiн. Қазақстан Республикасы Энергетика және көмiр министрлiгi белгiлеген энергиямен жабдықтау және тұтыну тәртiбiне қол сұғушылыққа жол берiлмесiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1995 жылғы
19 желтоқсандағы
N 1743 қаулысымен
Бекiтiлдi
Энергия берудi шектеу және тұтынушыларды энергиямен
жабдықтау көздерiмен қиып тастауды ретке келтiру туралы
ЕРЕЖЕ
1. Осы Ереже энергия беруге шектеу енгiзу мен меншiк нысанына қарамастан электр және жылу энергияларын тұтынушы кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар мен энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың арасында жасалған шарттарда қарастырылған пайдаланылған энергия үшiн есеп айырысудың мерзiмi мен кезеңдiлiгi бұзылған кезде, тұтынушыларды энергиямен жабдықтау көздерiнен қиып тастаудың тәртiбiн айқындайды.
2. Энергиямен жабдықтаушы ұйым онда шектеу енгiзудiң негiзi, күнi және уақыты көрсетiлген энергия берудi шектеудiң енгiзiлуi туралы хабарламаны тұтынушыға жiбередi. Сонымен бiр мезгiлде шектеудiң енгiзiлуi туралы жергiлiктi атқарушы органдар да хабарланады.
Энергия берудi шектеудiң күнi мен уақыты туралы тұтынушы ескертiлген кезде, шектеу туралы хабарлама күшiне дейiн басталған өндiрiстiң технологиялық мерзiмiнiң аяқталу мүмкiндiгi назарға алынуы тиiс.
Апаттық-технологиялық броньдар актiлерiнде белгiленген тәртiпке сәйкес негiзде апаттық бронi бар кәсiпорындар, мекемелер және ұйымдарға энергия беруге шектеу, көрсетiлген бронь мөлшерiне дейiн енгiзiледi.
3. Энергия берудi шектеудi енгiзу туралы хабарлама алған кезде тұтынушы, қызметкерлердiң жарақат алуын, жабдықтардың зақымдануын, терiс экологиялық және басқа да зардаптардың алдын алуға бағытталған шаралар кешенiн орындауға мiндеттi.
4. Шектеу енгiзiлгеннен кейiн де пайдаланылған энергия үшiн төлемдер жасалмаған жағдайда, энергиямен жабдықтаушы ұйым оларға алдын ала ескертiп, тұтынушыларды (апаттық бронi бар кәсiпорындардан басқаларын) энергиямен жабдықтау көздерiнен толық қиып тастауға құқығы бар.
5. Тұтынушыларға энергия берудi шектеу, оларды төлемдердiң кешiктiрiлгенi үшiн өсiм төлеуден босатпайды.
6. Алдыңғы айдағы электр және жылу энергиясының пайдаланылғаны үшiн тұтынушылардың есеп айырысуының соңғы мерзiмi әрбiр келесi айдың 10-шы күнi болып белгiленсiн.
7. Олардың шешiмi бойынша, энергия берудi шектеу және тұтынушыларды энергиямен жабдықтау көздерiнен қиып тастау енгiзiлетiн энергиямен жабдықтау ұйымдарының лауазымды адамдары, мұндай шешiмдердiң негiздiлiгi тұтынушылардың уақтылы ескертiлуi, шектеулердiң көлемi және олардың қолданылу мезгiлiнiң ұзақтығы үшiн қолданыстағы заңдарға сәйкес жауап тартады.