Алматы темiр жол басқармасын тәуекелдiк үшiн төлемдер жөнiндегi мiндеттемелерден босату туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 30 қараша N 1613. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.05.13. N 431 қаулысымен. ~P980431

Күшін жойған
      Қазақстан Республикасына "Дружба" шекаралық темiр жол өткелiн техникалық жарақтандыру жұмыстарын жүзеге асыру үшiн Жапон Үкiметi бөлген кредит қаражатын тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Соңғы займ иесi - Алматы темiр жол басқармасы "Қазақстан Республикасының кепiлдiктерiн есепке алуды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 16 қарашадағы N 1300 қаулысымен бекiтiлген кредиттiң өтелмеген қалдығы бойынша берiлген кепiлдiктiң валютамен алғанда жылдық 1% мөлшерiнде тәуекелдiк үшiн төлем жөнiндегi мiндеттемелерден босатылсын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi