Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорының қаржы жинауды жақсарту және зейнетақылар мен жәрдемақылардың төленуiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1995 жылғы 28 қарашадағы N 1600. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 781 қаулысымен

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, Еңбек министрлiгi, Қаржы министрлiгiнiң және олардың жергiлiктi органдарының 1995 жылғы 10 айдағы мiндеттерiн үйлестiру және Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына аударымдардың азаюына, зейнетақылар мен жәрдемақылардың төленуiнiң кешiктiрiлуiне, зейнетақымен қамтамасыз ету реформасының қажеттiгiне байланысты шиеленiскен әлеуметтiк проблемаларды шешу жөнiндегi Қазақстан Республикасының Үкiметi Төралқасының кеңейтiлген мәжiлiсiнде олардың жұмысының қорытындысын талқылаудың нәтижесiн ескерiп, Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрi А.С.Павлов, Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрi С.С.Әйiмбетов, Қазақстан Республикасының Еңбек министрi П.И.Крепак еңбекақының, зейнетақының және жәрдемақының уақтылы төленуiн қамтамасыз етпегенi үшiн ескертiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi /Әйiмбетов С.С./: 
      Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорының органдарындағы есепке алу және заңды тұлғалар мен жеке адамдарды тiркеудi толық қамту мақсатында Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына барлық төлеушiлердiң жарналарын салғастырып тексерудi салық инспекциясының органдарымен бiрлесiп, екi апта мерзiмде жүргiзсiн: 
      Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына берешектердiң прокуратура мен сот органдары арқылы ықтиярсыз өндiрiлiп алынуын қамтамасыз етсiн; 
      Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына мiндеттi төлемдер бойынша берешектерiнiң сомасын 1996 жылдың 1 наурызына дейiн аударған төлеушiлердiң сақтық жарналарын уақтылы төлемегенi үшiн 1995 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша есептелген есiмдi есептен шығарсын;<*> 
      Қазақстан Республикасының Үкiметiне мемлекеттiк зейнетақымен қамтамасыз етудi реформалау, ерiктi зейнетақымен қамсыздандыруды құру, зейнетақы мен материалдық-тұрмыстық жеңiлдiктерi ретке келтiру жөнiндегi заң актiлерiнiң жобаларын 1996 жылдың 1 ақпанына дейiн мерзiмде тапсырсын. 
       Ескерту. 2-тармақтың 4-шi абзацына өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 1996.02.12. N 188 қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi /А.С.Павлов/ 
      Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң бюджетте және Үкiметтiң шешiмдерiмен қарастырылған әлеуметтiк бағдарламаларды қаржыландыру бөлiгiндегi шағымдарды  қарап, ұсыныстарын енгiзсiн. 
      4. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi:
      сақтық жарналарының толық және уақтылы түсуiне бақылау жасалуын қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Зейнетақы қоры органдары қызметкерлерiнiң санын көбейту мүмкiндiгiн қарастырсын;
      <*>
       ЕСКЕРТУ. 4-шi тармақтың 3-абзацы күшiн жойды - ҚР Үкіметінiң   1996.09.19. N 1149 қаулысымен.
      5. <*> 
       ЕСКЕРТУ. 5-тармақтың күшi жойылды - ҚР Үкіметінiң 1997.04.01.  N 447 қаулысымен.
      (6-тармақ)<*>
       ЕСКЕРТУ. 6-шы тармақ күшiн жойған - ҚР Үкіметінiң 1996.07.09. N 857 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi