1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi белгiленген тәртiппен "Актюбинскнефть" "Южнефтегаз" және "Шымкентнефтеоргсинтез" акционерлiк қоғамдарын жекешелендiру туралы мәселенi, сондай-ақ олардың осы аталған серiктестiктердiң қатысуымен құрылған бiрлестiктердiң жарғылық қорларына салымдарындағы құқықтық мұрагерлiгi мәселелерiн шешетiн болсын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1995 жылғы 24 тамыздағы N 310 өкiмiмен құрылған мұнай-газ саласы кәсiпорындарын жекешелендiру жөнiндегi ведомствоаралық комиссия Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiмен бiрлесiп екi апта мерзiмде тендер өткiзу шарттары мен мерзiмiн әзiрлеп, тендер күнiн 1995 жылғы 20 желтоқсаннан бастауды көздей отырып, жекешелендiрiлетiн кәсiпорындар туралы ақпараттық меморандумды даярлап, оны тендер процесiне қатысушыларға жiберудi қамтамасыз ететiн болсын.
3. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi осы аталған акционерлiк қоғамдарды жеке жоба бойынша жекешелендiретiн болсын.
4. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi мен Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi таңдап алынған консультанттардың мұнай-газ саласының осы аталған кәсiпорындарын жекешелендiру процесiн жүзеге асыруы үшiн Қазақстан Республикасының жер қойнауы туралы қажеттi ақпарат алуына жәрдемдесетiн болсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi