Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 18 қаңтардағы N 62 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1995 жылғы 17 қарашадағы N 1562. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.05.29. N 594 қаулысымен ~P020594

Күшін жойған
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Шет елдермен ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық комиссиялар /комитеттер, кеңестер/ туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 18 қаңтардағы N 62 қаулысына /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 3, 38-құжат/ мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
      1. Қазақстан Республикасының Экономика министрi - Ө.Е.Шөкеев

экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi Қазақстан-Жапония комитетi
қазақстандық бөлiгiнiң төрағасы болып бекiтiлсiн.
     2. Басқа жұмысқа ауысуына байланысты А.А.Тiлеубердин аталған
Комитеттiң қазақстандық бөлiгiнiң төрағалығы мiндетiнен
босатылсын.
     Қазақстан Республикасының   
        Премьер-министрi