Мемлекеттiк және шаруашылық басқару функцияларын ажырату, мемлекеттiк почта жүйесiн одан әрi жетiлдiру, меншiктi қаржы ресурстарын шоғырландыру, Қазақстан Республикасының почталық байланыс кәсiпорындарының қызметiн үйлестiру мақсатында және "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 Заң күшi бар
Жарлығына
сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Мемлекеттiк почтасы, шаруашылық жүргiзу құқығымен Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi жанындағы Почта байланысының республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына (бұдан әрi - Кәсiпорын) айналдырылсын.
2. Кәсiпорын Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Мемлекеттiк почтасының құқықтық мұрагерi болып табылады.
3. Кәсiпорынды Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi тағайындайтын бас директор басқарады. Бас директорға Кәсiпорынның құрылымын және оның штаттық кестесiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес дербес белгiлеу құқығы берiлсiн.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi республикалық бюджетке тиiсiнше өзгертулер енгiзсiн.<*>
ЕСКЕРТУ. 3-тармақтың 1-абзацы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 1999.06.17. N 794
қаулысымен
.
4. Почта байланысының аумақтық және басқа мемлекеттiк кәсiпорындары қоса берiлiп отырған қосымшаға сәйкес, еншiлес кәсiпорынның құқығымен Кәсiпорынға тiкелей бағынады деп белгiленсiн.
5. Почта жiберiлiмдерiнiң өңдеу, тасымалдау және жеткiзу технологиялық процесiн ажыратуға болмайтынын ескерiп, олардың өндiрiстiк процеске қатысу үлесiне қарай ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк еншiлес кәсiпорындардың табыстарын қайта бөлу және табыс салығы жөнiнде Кәсiпорынға республикалық бюджетпен есеп айырысуларды орталықтандырылған тәртiппен жүргiзудi жүзеге асыруға рұқсат берiлсiн.
6. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрлiгi екi ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi жанындағы Почта байланысы республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның Жарғысын бекiтiп, Қазақстан Республикасының көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Мемлекеттiк почтасын қайта құруға байланысты ұйымдастыру және басқа да шараларды жүргiзсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1995 жылғы 13 қарашадағы
N 1521 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi жанындағы Почта байланысы республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның құрамына еншiлес кәсiпорын құқымен енген кәсiпорындардың
Тiзбесi
1-25. <*>
26. <*>
27. <*>
28. "Поштажабдықтау" мемлекеттiк почта кәсiпорындарын
материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудiң
Алматы базасы
29. <*>
ЕСКЕРТУ. 29-жолмен толықтырылды - ҚР Үкіметінiң 1997.06.11. N 950
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. 26-жол алып тасталды - ҚР Үкіметінiң 1998.10.16. N 1049
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. 1-25,27,29-жолдар алып тасталды - ҚР Үкіметінiң 1999.05.27. N 661
қаулысымен
.