Мұнайгаз саласындағы кәсiпорындардың қаржылық жай-күйiнiң ауыр екенiн ескерiп Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"1995 жылы көктемгi егiс жұмыстарын жүргiзу үшiн ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 26 сәуiрдегi N 546 қаулысының 1-тармағындағы Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiнiң ауыл шаруашылығы үшiн мұнай өнiмдерiн жiберудi iске асырған және 1995 жылғы бюджетке төлемдер бойынша берешектерi бар кәсiпорындарға олардың есеп айырысу есепшотына түскен ақшалай қаражаттың 50 процентiн жалақы мен басқа да шұғыл мұқтаждарды төлеуге жұмсау, бұл қаржының қалған 50 процентiн бюджеттiң есебiне жiберу құқығын беру бөлiгiнiң қолданылуы 1996 жылдың 1 қаңтарына дейiн ұзартылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi