Қазақстан Республикасының Кеден комитетiнiң қызметтiк жеңiл автомашиналар лимитiн көбейту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1995 жылғы 23 қазандағы N 1376. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

Күшін жойған

      Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы Кеден қызметiн басқарудың бiрлiгi туралы келiсiмдердi жүзеге асыру жөнiндегi бiрiншi кезектегi шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      Қазақстан Республикасы Кеден комитетi жанындағы Ресей Федерациясы Мемлекеттiк Кеден комитетiнiң Өкiлдiгi қызметкерлерiне қызмет көрсету үшiн "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 16 мамырдағы N 694 қаулысымен бекiтiлген /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 18, 199-бап/ Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң қызметтiк жеңiл автомашиналар лимитi 3 бiрлiкке көбейтiлсiн. 

       Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi