Тауарлар мен қызмет көрсетулер үшiн қолма-қол ақшамен есеп айырысуды ұйымдастыруды жетiлдiру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 18 қазандағы N 1342 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы N 258 қаулысымен.

Күшін жойған

      Тауарлар мен қызмет көрсетулер үшiн есеп айырысуды және экономикада бастапқы еңбекақының өсуi жағдайында қолма-қол ақша айналысын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге 1995 жылдың 20 қазанынан бастап тауарлар мен қызмет көрсетулерге бағаны мынадай ретпен/тиындарды/ дөңгелектеу ұсынылсын:
                      1-ден  25-ке дейiн - 0;
                      26-дан  75-ке дейiн - 50;
                      76-дан  99-ға дейiн - 100.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi