Зейнетақылар мен жәрдемақыларды уақтылы төлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
I. Облыстардың, Алматы қаласының әкiмдерi мынаған мiндеттелсiн:
меншiк нысанына қарамастан кәсiпорындар, ұйымдар және мекемелердiң басшылары Қазақстан Республикасының Зейнетақы қоры алдындағы қарыздарын өтеудiң мүмкiндiктерiн екi апта мерзiмде iздестiрiп, тапсын. Тиiстi шаралар қабылдау үшiн қарыздарының сомасы көрсетiлген борышкерлердiң жеке тiзiмдерiн үстiмiздегi жылдың 25 қазанына дейiн Үкiметке тапсырсын;
облыстық қаржы басқармалары Қазақстан Республикасының Зейнетақы қоры алдындағы бюджеттiк ұйымдардың қарыздарын үстiмiздегi жылдың 1 қарашасына дейiн қайтарып, үстiмiздегi жылдың 1 қазанына дейiнгi жағдай бойынша, балаларға жәрдемақыларды қоса, зейнетақы қорынан төленген төлемдердiң толық мөлшерде орнын толтырсын;
Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорынан алынған қаржының оған мезгiлiнен кешiктiрiлiп қайтарылған мұндай фактiлерге алдағы уақытта жол берiлмесiн. Осы тапсырма орындалмаған әрбiр нақты фактi бойынша қызметiнен босатуға дейiн кiнәлiлерге неғұрлым батыл шаралар қолдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың жарналары бойынша Қазақстан Республикасының Зейнетақы қоры мен олардың толық және уақтылы есеп айырысуды жүзеге асыруы үшiн бюджеттiк ұйымдардың республикалық бюджеттен уақытылы қаржыландырылуын қамтамасыз етсiн.
3. <*>
Ескерту. 3-тармақтың 2-шi абзацы жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң
1995.12.28. N 1600 қаулысымен. P951600_
ЕСКЕРТУ. 3-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.04.01.
N 447 қаулысымен. P970447_
Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына толық мөлшерде ақша сомаларын аударуға төлеушiлердiң есепшоттарындағы қаржы жетпеген жағдайда Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорының орталықтандырылған есепшотына аударылуға жататын сомасын банктер бiрiншi кезекте төлейдi.
Жалақы төлеу үшiн ақша алынатын чектiң екiншi жағында Қазақстан Республикасының тиiстi халықты әлеуметтiк қорғау орталығының "Зейнетақы қорына сақтандыру шаралары бойынша берешегi жоқ" деген белгiсi қойылса ғана банк жалақы бередi.
Халықты әлеуметтiк қорғаудың облыстық басқармаларына Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына дұрыс есептелмеген және толық аударылмаған сомаларды сақтандырушылардың есеп айырысу, ағымдағы және басқа есепшоттарынан сөзсiз /ықтиярсыз/ өндiрiп алу құқығы берiлсiн.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне қажет болған жағдайда өзiнiң нормативтiк актiлерiне тиiстi өзгертулер енгiзу ұсынылсын.
5. 1995 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының бюджетi мен Зейнетақы қорының берешектерiн өзара өтеудi жүргiзуге байланысты "Қазақстан Республикасының бюджетi мен Зейнетақы қорының берешектерiн өзара өтеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 5 шiлдедегi N 928 қаулысымен Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 4 қыркүйектегi N 328 өкiмiнiң күшi жойылған деп танылсын.
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi