Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 23 маусымдағы N 871 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1995 жылғы 4 қазандағы N 1302. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі N 1411 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Жаппай жекешелендiрудi аяқтау туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 23 маусымдағы N 871 P950871_ қаулысына /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 22, 255-құжат/ мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1-тармақта:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда баяндалсын:
      "Инвестициялық жекешелендiру қорлары қабылдау пункттерiнiң халықтан жекешелендiру инвестициялық купондарын қабылдауды аяқтау күнi 1995 жылдың 30 қыркүйегi болып белгiленсiн";
      мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Халық банкiнiң жекешелендiру инвестициялық купондарының қабылдауының ақырғы күнi 1995 жылдың 30 қазаны болып белгiленсiн";
      екiншi абзац үшiншi абзац болып саналсын;
      3-тармақта:
      мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi абзацтармен толықтырылсын;
      инвестициялық жекешелендiру қорлары 1995 жылдың 30 қазанына дейiн инвестиция декларацияларын, сондай-ақ жекешелендiру инвестициялық купондары мен сатып алынған құнды қағаздар бойынша есептерiн берудi қамтамасыз етсiн;
      мамандандырылған купон аукциондары аяқталған соң купон иелерiнiң мүдделерiн қорғауды көздейтiн инвестициялық жекешелендiру қорларының қызметiн реттейтiн нормативтiк актiлер 1995 жылдың 1 қарашасына дейiн бекiтуге тапсырылсын. екiншi абзац төртiншi абзац болып саналсын. Мынадай мазмұндағы жаңа 4-тармақпен толықтырылсын: "4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Халық банкi купондарды қабылдау және мамандандырылған купондық аукциондарды өткiзудiң аяқталуына байланысты ұйымдастыру-техникалық шаралардың жүргiзiлуiн қамтамасыз етсiн"; 4-тармақ 5-тармақ болып саналсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi