"Инвестициялық жекешелендiру қорлары мен олардың басқарушыларына лицензия беру жөнiндегi Ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 21 шiлдедегi N 636 қаулысына P930636 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 31, 354-бап) мынадай өзгертулер енгiзiлсiн.
Комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Дуберман Ю.Е. - Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасының орынбасары, комиссияның төрағасы;
Құттыбаева К.С. - Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жаппай жекешелендiру жетекшi басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары;
Махмутова Н.Х. - Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жаппай жекешелендiру жетекшi басқармасы купондық сауда бөлiмiнiң бас маманы, комиссияның жауапты хатшысы.
4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 21 шiлдедегi N 636 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 19 қазандағы N 1033 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 42, 498-бап);
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 21 шiлдедегi N 636 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 6 желтоқсандағы N 1378 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 46, 508-бап).
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi