Телерадио хабарлары мен деректер берудiң ұлттық спутниктiк жүйесi туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 26 қыркүйек N 1284

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасында бұқаралық ақпаратты дамыту және техникалық құралдарын жаңғырту, телерадио хабарлары желiсiнiң қазiргi материалдық-техникалық базасын тиiмдi пайдалану, бұқаралық ақпараттың тәуелсiз құралдарының жұмыс iстеуi үшiн жағдай жасау, сондай-ақ мемлекеттiк және корпорациялық ақпарат, оның iшiнде банк жүйесi мен бағалы қағаздар нарығы желiсiн дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, "Қазақстан теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясы, "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясы, "Казинформтелеком" акционерлiк қоғамы ұсынған телерадио хабарлары мен деректер берудiң ұлттық спутниктiк жүйесiн дамыту тұжырымдамасы бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң, "Қазақстан теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясының, "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясының, "Казинформтелеком" акционерлiк қоғамының "Интелсат" халықаралық спутник жүйесi байланысы және телерадио хабарлары мен деректер берудiң мемлекеттiк және коммерциялық желiсiн iске қосатын басқа ұйымдар негiзiнде телерадио хабарлары мен деректер берудiң ұлттық спутниктiк жүйесiн құру мен пайдалану үшiн "Қазақстан телекоммуникация консорциумы" акционерлiк қоғамын құру туралы ұсынысы қабылдансын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi телерадио хабарлары мен деректер берудiң ұлттық спутниктiк жүйесiнiң жобасын мемлекеттiк үлес қосып қатысуы, сондай-ақ жобаның мемлекеттiк бөлiгiн қайтарылатын етiп кредиттеу жолымен 13 миллион АҚШ долларына дейiнгi сомада инвестициялауды қамтамасыз ететiн болсын.
      Телерадио хабарлары мен деректер берудiң ұлттық спутниктiк жүйесiнiң жобасын инвестициялаудың қалған бөлiгiн 1995 жылы берiлетiн жабдыққа алдын ала төлем жасауды қоса алғанда "Қазақстан телекоммуникация консорциумы" акционерлiк қоғамының қатысушылары дербес жүзеге асырады деп белгiленсiн.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi байланыс арнасын жалдауға кететiн бюджет шығының жобаны iске асырудан үнемделген сомаға қысқартуды көздейтiн болсын.
      4. Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетi жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет жобаға сараптық бағамдау жүргiзiп, оның нәтижесiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсынатын болсын.
      5. <*>
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ күшiн жойды - ҚР Үкіметінiң 1998.05.13. N 431
               қаулысымен. P980431_

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне жүктелсiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi