Қазақстан Республикасының аумағындағы стратегиялық шабуыл жасау қаруларын жою жөнiндегi Үкiметтiк комиссия туралы Ереже бекiтiлсiн (қоса берiлдi).
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 25 қыркүйектегi N 1280 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасының аумағында стратегиялық шабуыл
қаруларын жою жөнiндегi Үкiмет комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 6 ақпандағы N 119 қаулысына сәйкес құрылған Қазақстан Республикасының аумағында стратегиялық шабуыл қаруларын жою жөнiндегi Үкiмет комиссиясы:
республиканың аумағында уақытша орналасқан стратегиялық шабуыл жасау қаруларын (бұдан әрi-СШҚ) жою бөлiгiнде Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiн жүзеге асыру;
жергiлiктi табиғи ортаны бастапқы қалпына келтiру, әскери қалашықтар мен СШҚ инфрақұрылымының объектiлерiн белгiленген нормаларға сәйкес келтiру, мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының өкiлеттi органы болып табылады.
2. Оның құзырында қабылданған Комиссияның шешiмдерiн Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттiк басқару органдары орындауға мiндеттi.
3. Комиссияның жеке құрамын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi.
4. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитетi Комиссияның жұмыс органы болып табылады. <*>
ЕСКЕРТУ. 4-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкіметінiң 1996.08.20. N 1031 P961031_ , 1997.06.20. N 997 Р970997_ , 1999.09.10. N 1363 Р991363_ , қаулыларымен.
2. Комиссияның мақсаттары мен мiндеттерi
5. Комиссияның негiзгi мақсаты 1991 жылғы 31 шiлдедегi стратегиялық шабуыл жасау қаруларын қысқарту және шектеу туралы Шартқа 1992 жылғы 23 мамырдағы Лиссабан хаттамасы бойынша Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiн жүзеге асыру бөлiгiнде министрлiктердiң, ведомстволар мен жергiлiктi атқару органдарының қызметiн үйлестiру болып табылады.
6. Комиссия өзiнiң қызметiнде мынадай мiндеттердi орындайды:
СШҚ мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының өкiлеттiк етуi;
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан СШҚ-ны қысқарту жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу көлемiн тәртiбi мен түрлерiн жоспарлау;
Ресей Федерациясының аумағына енгiзiлетiн арнайы жабдықтар, техника және мүлiк бөлiктерiнiң тiзбелерiн келiсу және түгендеудi жүргiзу;
Қазақстан Республикасының өкiлеттi органдарына берiлетiн Ресей Федерациясының стратегиялық қарулы күштерiнiң (бұдан әрi-СҚК) мүлкiнiң, жабдықтарының және объектiлерiнiң тiзбелерiн айқындау;
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан СШҚ жою жөнiндегi жұмыстарды қамтамасыз ету және ұйымдастыру, сондай-ақ жер учаскелерiн қайта өңдеу мәселелерiн шешу;
СШҚ-ны жою және оларды Қазақстан Республикасының аумағында орналастырудың зардаптарын жою жөнiндегi жұмыстарын орындалуын бақылау, сондай-ақ Ресей Федерациясының аумағына енгiзiлетiн СҚК мүлкiне келiсiлген тiзбелердiң көлемiнде бақылау жасау;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдарына СШҚ-ның қысқартылу барысы туралы мәлiметтер беру;
СШҚ-ны қысқарту және шектеу туралы Шартқа тараптардың инспекциялар жүргiзу тәртiбiн келiсу.
7. Комиссия әскери қалашықтарды, үйлер мен ғимараттарды, қару-жарақтар мен әскери техниканы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында СШҚ-ны қысқарту туралы келiсiмнiң шеңберiнде босатылатын басқа да объектiлердi Қазақстан Республикасынан қабылдауды жүзеге асыратын органдарды құрады.
3. Комиссияның құқықтары
8. Комиссия мыналарға құқықты:
Қазақстан Республикасының аумағында СШҚ-ны қысқарту жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу және ұйымдастыру үшiн қажеттi мәлiметтердi Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекеттiк басқару органдарынан сұрауға;
министрлiктер, ведомстволар және жергiлiктi органдардың
мамандары мен сарапшыларын тартып жекелеген мәселелер бойынша жұмыс топтарын құруға; өзiнiң құзыры шеңберiндегi мәселелердi жедел қойып, оларды Қазақстан Республикасының қарауына енгiзуге. 4. Комиссияның жұмыс органының жұмыс тәртiбi 9. Комиссияның жұмыс органы - Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитет Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитетi туралы Ереже және осы Ереже бойынша берiлген құзыры мен құқықтардың шеңберiнде шешiмдер қабылдайды. <*> ЕСКЕРТУ. 9-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкіметінiң 1996.08.20. N 1031 P961031_ , 1997.06.20. N 997 Р970997_ , 1999.09.10. N 1363 Р991363_ , қаулыларымен.