Стандарттау және сертификаттау мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1995 жылғы 13 қыркүйектегi N 1259

Қолданыстағы
      "Стандарттау және сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 22 мамырдағы N 2298 K952298_ қаулысын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Стандарттау мен сертификаттау мәселелерi жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне шешуге енгiзiлiп, қоса берiлiп отырған өзгертулер бекiтiлсiн.
      2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Қазақ ССР-iнде тамақ және ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң кейбiр түрлерiн сертификациялауды енгiзу туралы" Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1990 жылғы 16 қазандағы N 417 қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1991 ж., N 1, 4-бап);
      "Стандарттау, сертификаттау және өлшем бiрлiгi мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiн өзгерту және күшiн жойған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 3 шiлдедегi N 566 қаулысымен бекiтiлген өзгертудiң 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 26, 321-бап)
     Қазақстан Республикасының     
         Премьер-министрi


                                            Қазақстан Республикасы    

Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 13 қыркүйектегi N 1259 қаулысымен бекiтiлген


           Стандарттау және сертификаттау мәселелерi жөнiнде
             Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне
                       енгiзiлетiн өзгертулер

      1."Қазақстан Республикасында стандарттар мен техникалық шарттардың сақталуына мемлекеттiк қадағалау туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 20 мамырдағы N 410 қаулысымен бекiтiлген Ережеде (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 18, 215-бап);
      мәтiндегi "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Стандарттау және метрология жөнiндегi Бас басқармасы (Қазбасстандарт)", "Қазбасстандартта", "Қазбасстандарт" сөздерi "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитет (Қазақстан Республикасының Мемстандарты)", "Қазақстан Республикасының Мемстандарты" сөздерiмен алмастырылсын;
      9 тармақтың:
      <*>
      он сегiзiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Заң бұзушы 15 күн iшiнде ерiктi түрде орындамаған стандарттау және сертификаттау туралы заңдарды бұзғаны үшiн белгiленген сомаларды заңды тұлғалардан өндiрiп алуға арналған ұйғарымның барлық түрлерiн Қазақстан Республикасы Мемстандартының

аумақтық органдары қадағалау объектi орналасқан жердегi салық
инспекциясына - орындау үшiн және кәсiпорынның есебi сақтаулы
банкке - Қазақстан Республикасында ақшасыз есептеулердi жүргiзу
тәртiбiне сәйкес шараларды қабылдау үшiн жолдайды";
     
<*>
 
     ЕСКЕРТУ. 1-тармақтан 4, 7-10-абзацтар алынып тасталған - ҚР Үкіметінiң
              1997.04.08. N 505 қаулысымен.

     2.
<*>

     3
<*>
. 
     Ескерту. 3-тармақ күшiн жойған - ҚР Үкiметiнiң 1996.02.21.
              N 225 қаулысымен.  

P960225_

 
     ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың күшi жойылды - ҚР Үкіметінiң 1997.08.15. N 1260
              қаулысымен.  

P971260_