1. Қазақстан Республикасы мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiнiң тұтынушыларды газбен қамтамасыз етудi басқарудың құрылымы мен жүйесiн жетiлдiру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
"Алаугаз" және "Қазақгаз" мемлекеттiк холдинг компанияларының акционерлiк қоғамдардың мемлекеттiк акциялар пакеттерiн иелену, пайдалану және басқару жөнiндегi өкiлеттiктерiн 1 және 2 қосымшаларға сәйкес тоқтатып, бұл өкiлеттiктердi мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi аумақтық комитеттерге берсiн.
"Ақтаутрансгаз", "Ақтөбетрансгаз", "Жайықтрансгаз", "Оралтрансгаз", "Қазақгазбайланыс", және "Оралмұнайтранс" мемлекеттiк кәсiпорындарының базасында "Батыстрансгаз" акционерлiк қоғамын құрсын. "Батыстрансгаз" акционерлiк қоғамы табиғи газды тасымалдауды өндiрушiлер және берушiлермен шарттар негiзiнде жүзеге асырады деп белгiленсiн. "Қазақгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясы "Батыстрансгаз" акционерлiк қоғамына мемлекеттiк акциялар пакетiн иелену, пайдалану және басқару құқықтарын берсiн;
Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiмен бiрлесiп құрылатын "Батыстрансгаз" және "Қарашығанақ газ өнеркәсiбi" акционерлiк қоғамдарын, сондай-ақ газ шаруашылығындағы акционерлiк қоғамдарды жекешелендiрудi жеке жобалар бойынша жүзеге асырсын;
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiне мемлекеттiң атынан iс қимыл жасау құқығын берiп, газ шаруашылығының акционерлiк қоғамдарына "алтын акцияны" белгiлеген тәртiппен енгiзсiн;
"Алаугаз" мемлекеттiк холдинг компаниясының балансындағы мүлiк ескерiлiп, осы қаулыға қол қойылған бiр ай мерзiм iшiнде "Алаугаз" мемлекеттiк холдинг компаниясының жарғы қорын құрсын.
3. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi "Қазақгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясымен бiрлесiп сұйық конденсат пен сұйық газды өндiру, тасымалдау, өңдеу және олардың өңделген өнiмдерiн сату, сондай-ақ Қарашығанақ мұнайгаз конденсатының кен орны бойынша өнiмдi бөлудiң қағидалары туралы аралық Келiсiмге /бұдан әрi - Келiсiм/ сәйкес тоқсан сайын төлемдер алу жөнiнде құқықтар мен мiндеттемелердiң "Қарашығанақгазөнеркәсiбi" акционерлiк қоғамына берiлуiн қамтамасыз етсiн.
"Қазақгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясы Келiсiмнiң қолданысы аяқталғанға дейiн оның бiр тарапы болып белгiленсiн.
4. 1995 жылдың 10 қыркүйегiнен бастап табиғи газды өндiрушiлермен және берушiлермен ол үшiн өзара есеп айырысу және шарттар жасауды газ шаруашылығының акционерлiк қоғамдары немесе басқа газды көтерме тұтынушылар дербес жүзеге асырады деп белгiленсiн. Газ шаруашылығындағы акционерлiк қоғамдар газды беру және тасымалдауды жергiлiктi тарату жүйелерi бойынша газды тұтынушылармен және сатып алушылармен шарттар негiзiнде жүргiзедi.
"Алаугаз" мемлекеттiк холдинг компаниясы қызметiнiң негiзгi бағыты газды өндiрушiлермен және берушiлермен шарттар негiзiнде табиғи газды Бұқар газ өндiрушi ауданы - Алматы арналы газ құбырымен және сұйытылған газды темiр жол цистерналарымен тасымалдау болып белгiленсiн.
5. Газды пайдалану және тасымалдау саласында бiрыңғай техникалық саясат жүргiзу Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiне жүктелсiн.
6. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi табиғи және сұйытылған газ үшiн тұтынушыларға берешектердiң өтелуiн қамтамасыз етсiн және төлемдердiң уақтылы төленуiне тұрақты бақылау жасалуын жүзеге асырсын.
7. Газ шаруашылығының акционерлiк қоғамдары өздерi алған газдың үлесi мөлшерiнде "Қазақгаз" және "Алаугаз" мемлекеттiк холдинг компанияларының борыштары және мiндеттемелерi бойынша құқылық мұрагерлерi болып табылады деп белгiленсiн.
"Алаугаз" мемлекеттiк холдинг компаниясы бюджет алдындағы берешектер /директивтi кредиттердi, республикалық аралық есепке алу кредиттерiн және салықтар бойынша төлемдерiн қоса/ актiлерiн салғастыруды бiр ай мерзiмде жүргiзсiн және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп кредиттiк шарттарды түпкi заемшыларға қайта ресiмдесiн.
8. Қазақстан Республикасы Азаматтық қодексiнiң /жалпы бөлiм/ қабылдануына байланысты "Алаугаз" және "Қазақгаз" мемлекеттiк холдинг компаниялары белгiлеген тәртiппен "Алаугаз" және "Қазақгаз" акционерлiк қоғамдары болып атауын өзгертсiн.
9. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне газды сатып алуға және арналы газ құбырлары мен жергiлiктi тарату тораптары бойынша тасымалдау шығындардың тұрғын үйлердi жылыту үшiн халыққа босатылатын табиғи газға 1995 жылдың 1 қазанынан 50 процентi, 1996 жылдың 1 қаңтарынан 65 процентi және 1996 жылдың 1 шiлдесiнен 100 процентi мөлшерiнде тарифтер енгiзу тапсырылсын.
10. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң" Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға /II кезең/ арналған ұлттық бағдарламасы туралы" 1993 жылғы 5 наурыздағы N 1135 Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 20 шiлдедегi N 633 қаулысының /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 30, 353-бап/ 6 қосымшасындағы 11 және 14-тармақтарының күшi жойылған деп танылсын.
11. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi және Әдiлет министрлiгi осы қаулыға сәйкес Үкiметтiң бұрын қабылданған шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы Ұсыныстарын екi ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 6 қыркүйектегi N 1237 қаулысына 1 қосымша
"Алаугаз" мемлекеттiк холдинг компаниясының
мемлекеттiк акциялар пакетiне иелiк ету, пайдалану және басқару жөнiндегi өкiлеттiгi тоқтатылатын акционерлiк қоғамдардың Тiзбесi Қосу-реттеу акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы "Ақмолагазмонтаж" акционерлiк қоғамы, Ақмола қаласы "Газ" акционерлiк құрылыс қоғамы, Ақтөбе қаласы Атырау құрылыс акционерлiк қоғамы, Атырау қаласы "СМУ Қарагандагазмонтаж" акционерлiк қоғамы, Қарағанды қаласы Қызылорда құрылыс монтаж акционерлiк қоғамы, Қызылорда қаласы Қостанай құрылыс акционерлiк қоғамы, Қостанай қаласы Мақтаарал құрылыс акционерлiк қоғамы, Оңтүстiк Қазақстан облысы, Славянка поселкесi Павлодар құрылыс монтаж акционерлiк қоғамы, Павлодар қаласы "СМУ Петропавловскгазмонтаж" акционерлiк қоғамы, Петропавл қаласы "Семгазсервис" акционерлiк қоғамы, Семей қаласы Талдықорған құрылыс акционерлiк қоғамы, Талдықорған қаласы Шымкент құрылыс-монтаж акционерлiк қоғамы, Шымкент қаласы "Газкомплект" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы Ақмола газ шаруашылығы акционерлiк қоғамы, Ақмола қаласы Алматы газ шаруашылығы акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы Жамбыл газ шаруашылығы акционерлiк қоғамы, Жамбыл қаласы Жезқазған газ шаруашылығы акционерлiк қоғамы, Жезқазған қаласы Қарағанды газ шаруашылығы акционерлiк қоғамы, Қарағанды қаласы Қызылорда газ шаруашылығы акционерлiк қоғамы, Қызылорда қаласы Көкшетау газ шаруашылығы акционерлiк қоғамы, Көкшетау қаласы Павлодар газ шаруашылығы акционерлiк қоғамы, Павлодар қаласы Солтүстiк Қазақстан газ шаруашылығы акционерлiк қоғамы, Петропавловск қаласы Талдықорған газ шаруашылығы акционерлiк қоғамы, Талдықорған қаласы Темiртау газ шаруашылық акционерлiк қоғамы, Темiртау қаласы Торғай газ шаруашылығы акционерлiк қоғамы, Арқалық қаласы Оңтүстiк Қазақстан газ шаруашылығы акционерлiк қоғамы, Шымкент қаласы Өскемен газ шаруашылығы акционерлiк қоғамы, Өскемен қаласы
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 6 қыркүйектегi N 1237 қаулысына 2 қосымша
"Қазақгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясының
мемлекеттiк акциялар пакетiне иелiк ету, пайдалану және басқару жөнiндегi өкiлеттiгi тоқтатылатын акционерлiк қоғамдардың тiзбесi "Құрылысгаз" акционерлiк қоғамы, Орал қаласы "Ақсай" акционерлiк қоғамы, Орал қаласы "Асыл-Газ" акционерлiк қоғамы, Орал қаласы "Газреттеу" акционерлiк қоғамы, Шымкент қаласы Ақтөбе газ шаруашылығы акционерлiк қоғамы, Ақтөбе қаласы Атырау газ шаруашылығы акционерлiк қоғамы, Атырау қаласы Батыс Қазақстан газ шаруашылығы акционерлiк қоғамы, Орал қаласы Қостанай газ шаруашылығы акционерлiк қоғамы, Қостанай қаласы Маңғыстау газ шаруашылығы акционерлiк қоғамы, Ақтау қаласы