"Қазақстан Республикасының импортталған тауарларға кеден тарифы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 11 қаңтардағы N 1498 U941498_ Жарлығының 3-тармағына сәйкес және отандық өнiмнiң бәсекелесу қабілетiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Қазақстан Республикасы Кеден-тариф кеңесiнiң 1995 жылғы 19
шiлдедегi N 4 Қазақстан Республикасына импортталатын бөтелкелерге
(СЭҚ ТН коды 701090410-701090570), тығындарға (СЭҚ ТН коды
8309-8390) екi процент мөлшерiнде баж салығын белгiлеу туралы
шешiмiне келiсiм бiлдiрiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi