1. "Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк акциялар пакетiн оған басқаруға беру туралы "Қазинтерметалл" акционерлiк қоғамының ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiмен келiсiп, "Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк акциялар пакетiн басқару құқына контракт жасасын.
Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан аталған контрактыға қол қоюға Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасына өкiлеттiк берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамын "Ақсұңқар" мемлекеттiк холдинг компаниясының құрамынан заңдарда белгiленген тәртiппен шығарсын.
4."Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамын басқару контрактысы шарттарының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi