"ЮТЭК" отын-энергетика компаниясының Президентi және Байқаушы кеңесi туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 7 тамыз N 1089

Қолданыстағы
      "Республиканың оңтүстiк аймақтарындағы отын-энергетика кешенi кәсiпорындарының жұмысын жақсарту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 29 сәуiрдегi N 602 P950602_ қаулысын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. С. Дүзбаев "ЮТЭК" отын-энергетика компаниясының

президентi болып тағайындалсын.
     2. "ЮТЭК" отын-энергетика компаниясының Байқаушы кеңесiнiң
құрамына акциялардың мемлекеттiк пакетi иелерiнен мыналар
бекiтiлсiн:
     Балғымбаев Н.Ө. - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
                       өнеркәсiбi министрi - Кеңес төрағасы

                кеңес мүшелерi:
     Храпунов В.В.   - Қазақстан Республикасының Энергетика және
                       көмiр өнеркәсiбi министрi
     Қалмырзаев С.С. - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
                       мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк
                       комитетiнiң төрағасы
     Байгелдиев Ө.   - Жамбыл облысының әкiмi
     Хасанов Т.      - "Мұнайгаз" мемлекеттiк холдинг
                       компаниясының президентi
     Мәдиев Б.М.     - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
                       мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк
                       комитетi жетекшi басқармасының бастығы
     Ғалымгереев Б.Ж.- Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
                       өнеркәсiбi министрлiгiнiң кеңесшiсi
     Дүзбаев С.      - "ЮТЭК" отын-энергетика компаниясының
                       президентi
     3. Байқаушы кеңес төрағасына осы Компания президентiмен
контракт жасау тапсырылсын.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi