Қайта жаңарту және даму халықаралық банкiнiң қала көлiгiне берiлген займын пайдалану туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қ А У Л Ы С Ы 1995 жылғы 2 тамыз N 1062

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасына берiлген Қайта жаңарту және даму халықаралық банкiнiң қала көлiгiне берiлген займның қаражатын тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. АҚШ долларынан 40 миллион /қырық/ сомадағы займ қаржысының қосымшаға сәйкес бөлiнуi бекiтiлсiн.
      2. Займ қаражатының түсуi және пайдалануы республикалық бюджет арқылы жүзеге асырылады деп белгiленсiн. Бөлiнген қаражаттың мақсатты және тиiмдi пайдаланылуы, сондай-ақ олардың уақтылы өтелуi үшiн Қарағанды, Оңтүстiк Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы әкiмдерiне жауапкершiлiк жүктеледi, олардың мұқтаждықтарына осы займның шегiнде валюта қаржысы бөлiнген.
      3. Қарағанды, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының және Алматы қаласының әкiмдерi Қарағанды облыстық жолаушы көлiгi басқармасы, Оңтүстiк Қазақстан жолаушы автокөлiгi өндiрiстiк бiрлестiгi, Алматы қалалық жолаушы автокөлiгi өндiрiстiк бiрлестiгi және Алматы трамвай-троллейбус басқармасымен бiрлесiп берiлген займ қаражатын республикалық бюджетке қайтару жөнiнде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен он күн iшiнде кепiлдiк келiсiмдер жасасын.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi осы займды өтеу кестесiне сәйкес 1995 жылдан бастап жылдық бюджеттердiң жобаларында проценттердi төлеуге, ал 2000 жылдан проценттердi, негiзгi борышты өтеуге, тәуелсiз халықаралық аудиторлық фирманың займ қаржысының пайдаланылуын тексеру жөнiнде қызметiне төленетiн қажеттi қаржы қарастырсын.
      5. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi:
      Қарағанды, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының және Алматы қаласының әкiмдерiнен тауарлар мен қызметтердi сатып алу жөнiнде контрактылар жасауға сенiмхат алсын;
      займды жүзеге асыруға қатысушы Қарағанды, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының және Алматы қаласының әкiмдерiмен, сондай-ақ Қарағанды облыстық жолаушы көлiгi басқармасы, Оңтүстiк Қазақстан жолаушы көлiгi өндiрiстiк бiрлестiгi және Алматы трамвай-троллейбус басқармасымен бiрлесiп займ қаржысына алынған тауарлар мен қызметтерге есеп жүргiзiп, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Шетелдiк капиталды пайдалану жөнiнде комитетке және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне тоқсан сайын есеп берсiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 5-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкіметінiң 1996.08.20.
               N 1031 қаулысымен. P961031_

      6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет: <*>
      Халықаралық Қайта жаңарту және Даму банкiнiң ережелерiне сәйкес займды жүзеге асыруды жалпы үйлестiрудi iске асырсын және тауарлар мен қызметтердi сатып алуды жүргiзуге бақылау жасасын;
      займ қаржысының пайдаланылуына есеп жүргiзу және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне тоқсан сайын сыртқы борышты жиынтық есепке алу үшiн алдын ала белгiленген импорт бойынша есеп берсiн.
      Халықаралық Қайта жаңарту және Даму банкiне займ қаржысының пайдалануы туралы банктiң шарттарына сәйкес есеп берсiн.
      ЕСКЕРТУ. 6-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкіметінiң 1996.08.20.
               N 1031 қаулысымен. P961031_
      7. Қазақстанның мемлекеттiк Даму банкi займ бойынша төлемдердi жүзеге асырып, займ қаржысының пайдаланылғаны туралы банк жазбаларының көшiрмелерiне апта сайын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне берiп тұрады.
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi


                                Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 2 тамыздағы N 1062 қаулысына қосымша

              Халықаралық қайта жаңарту және даму банкiнiң
              қала көлiгiне арналған займ қаражатын бөлу
_________________________________________________________________
    Жауапты ұйымдар     |       Мақсаты         | Бағасы /млн.АҚШ
                        |                       |   долларымен
________________________|_______________________|________________
Алматы қаласының әкiмi   автобустар                 19,50

                         автобустардың босалқы
                         бөлшектерi                  2,40

                         троллейбустардың
                         босалқы бөлшектерi          1,60

                         кадрлар даярлау, кон.
                         сультациялық қызмет.
                         тер жабдықтар               0,94
                           ______________________________________
                                      Жиынтығы      24,44
 Қарағанды облысының     автобустар                  5,85
 әкiмi
                         автобустар мен трол.        2,20
                         лейбустардың босалқы
                         бөлшектерi

                         кадрлар даярлау, кон.
                         сультациялық қызметтер
                         жабдықтар                   0,79
                          _______________________________________
                                      Жиынтығы       8,84
 Оңтүстiк Қазақстан      автобустар                  3,85
 облысының әкiмi
                         автобустар мен тролей.
                         бустардың босалқы
                         бөлшектерi                  2,10

                         кадрлар даярлау,консу.
                         льтациялық қызметтер,
                         жабдықтар                   0,77
                          _______________________________________
                                      Жиынтығы       6,72
                                   _____________
                                      Барлығы       40,00