Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 3 қазандағы N 1093 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1995 жылғы 1 тамыздағы N 1048

Қолданыстағы
      Пайдалы қазбалардың кен орындарын ашқаны үшiн бiржолғы ақшалай сыйақылар төлеудi ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      "Пайдалы қазбалардың кен орындарын алғаш ашушылар және оларды ашқаны үшiн мемлекеттiк сыйақылар беру туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 3 қазандағы N 1093 P941093_ қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 40, 438-бап) бекiтiлген пайдалы қазбалардың кен орындарын алғаш ашушылар және оларды ашқаны үшiн мемлекеттiк сыйақылар беру туралы Ережеге мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      II бөлiмнiң бiрiншi абзацындағы "өнеркәсiптiк құндылығы бар" сөздерiнен кейiн "бұрын ақшалай сыйақылар, немесе диплом, немесе "Кен орындарын алғаш ашушылар" өңiрлiк белгi алған объектiлерден басқа" деген сөздермен толықтырылсын.
      II бөлiмнiң он екiншi абзацындағы:
      "Жер қойнауын қорғау мен минералдық шикiзат базасын ұлғайтудың республикалық қорынан аударылымдардың бiр бөлiгi" деген сөздер "Жер қойнауын қорғау мен минералдық шикiзат базасын ұлғайтудың республикалық қоры" сөздерiмен ауыстырылсын.
      мынадай сөздермен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi жыл сайын аталған Қордан өнеркәсiптiк құндылығы бар пайдалы қазбалардың кен орындарын ашқаны үшiн бiржолғы мемлекеттiк сыйақылар төлеуге, геологиялық барлауға бағытталған қаражат көлемiнен 0,5-1,0 процент шегiнде қаражат көздейдi".
      III бөлiмнiң алтыншы абзацындағы "Мемлекеттiк комиссияға" деген сөздер "Ведомствоаралық комиссияға" деген сөздерiмен алмастырылсын.
      III бөлiмнiң сегiзiншi абзацы алынып тасталсын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi