Заңды тұлға - салық төлеушiнiң салық, сондай-ақ алым және бюджетке
төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша мемлекет алдындағы берешегiне байланысты салық қызметi органдары билiк етуi шектелген мүлiктi сату жөнiнде мамандандырылған ашық аукцион өткiзудiң тәртiбi мен шарттары туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн. <*> ЕСКЕРТУ. Өзгертулер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 19.03.1996 ж. N 333 қаулысымен. P960333_ ЕСКЕРТУ. Өзгертулер енгiзiлдi - ҚР Үкіметінiң 1999.12.30. N 2029 қаулысымен. P992029_ Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 шiлдедегi N 952 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН Заңды тұлға - салық төлеушiнiң салық, сондай-ақ алым және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша мемлекет алдындағы берешегiне байланысты салық қызметi органдары билiк етуi шектелген мүлiктi сату жөнiнде мамандандырылған ашық аукцион өткiзудiң тәртiбi мен шарттары туралы ЕРЕЖЕ <*> ЕСКЕРТУ. Атауы мен мәтiнiне өзгертулер енгiзiлдi - ҚР Үкіметінiң 19.03.1996 ж. N 333 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. Атауы сөздермен толықтырылды - ҚР Үкіметінiң 1999.12.30. N 2029 қаулысымен. P992029_ I. Жалпы ережелер
1. Салық төлеушiнiң тыйым салынған мүлкiн өткiзу жөнiндегi мамандандырылған ашық аукцион ретiнде (бұдан әрi аукцион) салық төлеушiнiң мемлекеттiк бюджет алдындағы салық, сондай-ақ алым мен басқа да мiндеттi төлемдер, айыппұл мен өсiм жөнiндегi бюджетке берешегiн өтеу мақсатында салық қызметі органдары билiк етудi шектеген мүлкiнiң сатылуы өткiзiлетiн орын ұғынылады. <*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінiң 1999.12.30. N 2029
қаулысымен. P992029_
2. Аукцион өткiзудi ұйымдастырушы мүдделi салық қызметiнiң органдары (бұдан әрi - Сатушы) болып табылады. Аукционға Сатушының өкiлдерi мiндеттi түрде қатысуы тиiс және салық төлеушiнiң - билiк етуi шектелген меншік иесінің (шаруашылықты жүргізу құқығына ие кәсіпорын) өкілдерi де қатыса алады. Егер аукционның өткiзiлетiн күнi, уақыты және орны туралы хабардар етiлген салық төлеушi аукционға келмесе, онда саудаластық оның қатысуынсыз өткiзiледi. Бұл ретте хабардар ету деп басшыға немесе оның орнындағы адамға қол қойдырып табыс ету немесе салық төлеушi заңды тұлғаның билiк етуi шектелген мүлкiнiң тiзiмдеме актiсiнде салық төлеушiнiң көрсеткен заңды мекен-жайы бойынша арнайы хатпен аукционның өткiзiлетiн күнi, уақыты және орны туралы жазбаша хабарламаны жолдау ұғынылады. <*>
ЕСКЕРТУ. Өзгертулер енгiзiлдi - ҚР Үкіметінің 19.03.1996 ж.
N 333 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.06.14.
N 741 қаулысымен. P990741_
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінiң 1999.12.30. N 2029
қаулысымен. P992029_
3. "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөнiндегi агенттiк" ашық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Мамандандырылған аукционды өткiзушi) аукционды өткiзушi болып табылады.";
3) мәтiндегi "Сауданы ұйымдастырушы... қабылдайды" "Сауданы ұйымдастырушыға", "Сауданы ұйымдастырушы", "Сауданы ұйымдастырушының", "Сауданы ұйымдастырушы... даярлап", "Сауданы ұйымдастырушылармен", "Сауданы ұйымдастырушы... ұсынады, "Сауданы ұйымдастырушы... бередi" деген сөздер тиiсiнше "Мамандандырылған аукцион өткiзушi... қабылдайды", "Мамандандырылған аукцион өткiзушiге", "Мамандандырылған аукцион өткiзушi" "Мамандандырылған аукцион өткiзушiнiң", "Мамандандырылған аукцион өткiзушi... даярлап,", "Мамандандырылған аукцион өткiзушiлермен", "Мамандандырылған аукцион өткiзушi... ұсынады" "Мамандандырылған аукцион өткiзушi ... бередi" деген сөздермен ауыстырылсын. <*>
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚРҮ-нiң
19.03.1996 ж. N 333 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.06.14.
N 741 қаулысымен. P990741_
4. Сауданы ұйымдастырушы салық төлеушi-борышқордан аукциондық сату шарттары бойынша өткiзу үшiн мүлiк қабылдайды, сонымен бiрге тауарлық-материалдық құндылықтарды жеткізу және (немесе) сақтау тәртiбi айқындалады. <*>
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Үкіметінiң
19.03.1996 ж. N 333 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінiң 1999.12.30. N 2029
қаулысымен. P992029_
5. Осы Ережеге сәйкес өткiзiлетiн аукционға сатып алушы ретiнде жеке тұлғалар және меншiк нысанына қарамастан барлық заңды тұлғалар, оның iшiнде билiк етуi шектелген мүлiктiң иесi салық төлеушi де (бұдан әрi - Сатып алушы) қатыса алады.
Осы Ереженiң 8-1-тармағында көзделген жағдайларда Қазақстан
Республикасының Үкiметi мамандандырылған ашық аукционға қатысушыларға ерекше талаптар белгiлеуге құқылы. <*> Ескерту. Абзацпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.03.21. N 424 қаулысымен. P000424_ 6. Аукцион арқылы сатылатын мүлiк (жылжитын, жылжымайтын) бұдан әрi "тауар, тауарлар" деп аталады. 7. Салық қызметi органдарының аукционға қоятын билiк етуi шектелген мүлiктiң рыноктағы бағасын белгiлеу үшiн құрамына Сатушының, Мамандандырылған аукцион өткiзушiнiң өкiлдерi және аудитор (бағалаушы) кiретiн комиссия құрылады. Аудитордың көрсеткен қызметiне ақы төлеу Мамандандырылған аукцион өткiзушінің комиссиялық сыйақысы есебiнен жүзеге асырылады. Комиссия салық комитетi төрағасының бұйрығымен құрылады. <*> ЕСКЕРТУ. Ереже 7-тармақпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1996.10.17. N 1278 қаулысымен. P961278_ ЕСКЕРТУ. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.06.14. N 741 қаулысымен. P990741_ II. Аукционды өткiзуге дайындық
8. Сатушы жасалған сауда шартына сәйкес Сауданы ұйымдастырушылардың тауарлардың атауы, саны, тауарлар жөнiндегi қажеттi құжаттаманы тiркелуге жататын мүлiк бойынша құқық белгiлейтiн құжаттардың көшiрмелерiмен қамтитын билiк етуi шектелген мүлiктiң тiзiмдеме актiсiн бередi, сондай-ақ онымен аукцион өткiзiлетiн күндi белгiлейдi, бiрақ ол мүлiкке билiк етуi шектелген сәттен 30 күннен кешiктiрмей өткiзiлуге тиiс. Мамандандырылған аукцион өткiзушi Сатушы тапсырған тiзiмдеме актiсi негiзiнде аукционға қатысушыларға сатылатын ақпараттық бюллетень жасайды. <*> .
Аукционда сатылатын тауарлардың әуелгi (бастапқы) бағасын Сауданы ұйымдастырушы белгiлейдi комиссия қатысқан кезде, олардың нарықтық бағасын, бiрақ комиссия белгілегеннен кем емес негiзге ала отырып. <***>
Салық қызметi органдарының билiк етуi шектелген мүлiктiң құрамына кiретiн бағалы қағаздарды сатудың тәртiбi мен шарттары бағалы қағаздар рыногы туралы заңдармен айқындалады. <*>
ЕСКЕРТУ. Өзгертулер енгiзiлдi - ҚР Үкіметінiң 19.03.1996 ж.
N 333 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. Сөздермен толықтырылды, үшiншi абзац алынып тасталды - ҚР
Үкіметінiң 17.10.1996 ж. N 1278 қаулысымен. P961278_
ЕСКЕРТУ. 7-тармақ 8-тармақ болып саналсын; 8-30-тармақтар тиiсiнше
9-31 тармақтар болып саналсын - ҚР Үкіметінiң 17.10.1996 ж.
N 1278 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 8-тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚР Үкіметінің
1999.06.14. N 741 қаулысымен. P990741_
8-1. Салық төлеушілердің - заңды тұлғалардың республиканың экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға ықпал етуі мүмкін, салық қызметі органдары билік етуді шектеген мүліктерін сату кезінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жеке шешімдерімен мамандандырылған ашық аукцион өткізудің ерекше тәртібі мен шарттары белгіленуі мүмкін. <*>
ЕСКЕРТУ. 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінiң 1999.12.30.
N 2029 қаулысымен. P992029_
9. Сауданы ұйымдастырушылармен аукционда сатуға ұсынылатын
тауарлар туралы ақпараттық хабарлама даярлап, оны аукцион өткiзiледi деп жарияланған күннен кемiнде 10 күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды ұйымдастырады. <**> ЕСКЕРТУ. Өзгертулер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 19.03.1996 ж. N 333 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 9-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.06.14. N 741 қаулысымен. P990741_ 10. Ақпараттық хабарлама мынадай мәлiметтердi қамтуға тиiс: аукцион өткiзiлетiн күн, уақыт және орын; Сатылатын мүлкінің жалпы құны көрсетіліп, аукционға қойылатын салық төлеуші - заңды тұлғаның атауы; <*> (төртінші абзац) <*> (бесінші абзац) аукционға қатысу үшiн төленетiн ақша және ол аударылуға тиiс Сатушының арнаулы шотының реквизиттерi; <*> аукцион шығасысын өтейтiн жарна сомасы және ол аударылуға тиiс Сауданы ұйымдастырушылар арнаулы шотының реквизиттерi <*> ; аукционға қатысу үшiн өтiнiм қабылданатын мекен-жай, уақыты және мерзiмi; Сатушының қалауы бойынша өзге де ақпараттар. ЕСКЕРТУ. Өзгертулер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 19.03.1996 ж. N 333 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.06.14. N 741 қаулысымен. P990741_ ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінiң 1999.12.30. N 2029 қаулысымен. P992029_ III. Сатып алушылардың аукционға қатысу шарттары
11. Аукцион арқылы сатылатын тауарларды сатып алғысы келетiн Сатып алушылар несие төлеу тиiс. Сатып алушы Сауданы ұйымдастырушылардың қатысуға өтiнiшiн және несие төлегенi жөнiнде төлем құжаттарын бередi <*> .
ЕСКЕРТУ. Өзгертулер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 19.03.1996 ж. N 333
қаулысымен.
12. Аукцион шығасысы Сауда ұйымдастырушыға тиесiлi комиссиялық
сыйақы есебiнен жабылады. Комиссиондық сыйақының мөлшері Сатушы мен Мамандандырылған аукцион өткізушінің арасындағы келісім бойынша айқындалады, ол сатудан алынған қаражаттың 10%-нен аспауға тиіс. <*> ЕСКЕРТУ. 11-тармақ жаңа редакцияда берiлдi - ҚРҮ-нiң 19.03.1996 ж. N 333 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 12-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.06.14. N 741 қаулысымен. P990741_ ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінiң 1999.12.30. N 2029 қаулысымен. P992029_ 13. Сауданы ұйымдастырушылармен саудадағы (аукционға) қатысушылардың билеттерiн даярлайды, олар мынадай мәлiметтердi қамтиды <*> : Сатып алушының саудаға қатысу нөмiрi; Сатып алушы саудаға қатысып отырған тауардың атауы; сауданы өткiзу шарттары. ЕСКЕРТУ. Өзгертулер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 19.03.1996 ж. N 333 қаулысымен. 14. Сатып алушы саудаға (аукционға) қатысушы мәртебесiн билеттi алған сәттен, бiрақ сауданы өткiзу уақытынан 2-3 күннен кешiктiрмей алады; Саудаға (аукционға) қатысушының; саудаға өзi немесе өз өкiлдерi арқылы қатысуға; саудаға салынатын тауар жөнiнде қосымша тегiн мәлiметтер, нақтылаулар алуға; саудада сатылатын тауарды алдын-ала көруге; құқығы бұзылған жағдайда сотқа немесе төрелiк сотқа шағым жасауға; аукцион өткiзiлуiнен кемiнде 5 күн бұрын жазбаша хабарлай отырып, саудаға қатысу жөнiндегi өз өтiнiшiн қайтарып алуға құқығы бар. 15. Саудаға қатысушы болып табылмайтын адамдарға кiру билеттерi сатылады. Кiру билеттерiнiң саны мен олардың бағасын Сауданы ұйымдастырушылармен айқындайды <*> . ЕСКЕРТУ. Өзгертулер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 19.03.1996 ж. N 333 қаулысымен. IV. Сауданы өткiзу тәртiбi 16. Сауда, егер оған саудаға (аукционға) қатысушының кемiнде екеуi қатысса, өткiзiледi.
17. Сауданы өзара келiсiмде айқындалған шарттар бойынша Сауданы ұйымдастырушылармен жалдаған аукционшы өткiзедi <*> .
Аукционшы сатуға қойылатын тауарларды ауызша сипаттайды.
Тауардың бастапқы бағасын жарияланған сәт сауданың басы болып табылады.
Тауардың бастапқы бағасы хабарланғаннан кейiн 10 минут iшiнде оны сатып алуға дайын тұрған сатып алушы табылмаса, ал саудаластыққа қатысушылар саны үшеуден кем болмаса, аукционшы тауардың бағасын Сатушының және Саудаластықты ұйымдастырушының келiсiмi бойынша старттық бағасынан көп дегенде 40 процентке арзандатуға құқылы <**> .
Егер тауардың бағасы кемiтiлгеннен кейiн сатылмаса, оны аукционға салу тоқтатылады. Тауар аукционнан алынады және бастапқы бағасын өзгертумен, Сатушылар мен Сауда ұйымдастырушылар арасындағы келiсiммен, салық төлеушiлердiң келiсiмi бойынша аукционға қайта қойылуы мүмкiн. Егер бастапқы бағадан кем емес баға бойынша тауар сатып алуға ниет бiлдiрушi сауданың бiр ғана қатысушысы келсе, аукцион болмады деп саналады, ал тауар осы қатысушыға сату үшiн саудадан алынады. Мұндай жағдайда, салық төлеушi-борышқор мен сатып алушы арасында Сауда ұйымдастырушысы комиссиялық сыйақы төлей отырып, сатып алу-сату шарты жасалады <***> .
ЕСКЕРТУ. Өзгертулер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 19.03.1996 ж. N 333
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. Төртiншi абзацы жаңа редакцияда берiлдi - ҚР Үкіметінiң
17.10.1996 ж. N 1278 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. Бесiншi абзацы жаңа редакцияда берiлдi - ҚР Үкіметінiң
19.03.1996 ж. N 333 қаулысымен.
18. Сауда барысында қатысушылар өз билеттерiнiң нөмiрiн аукционшыға көрсетiп, өз бағасын атайды.
19. Егер аукционшы соңғы бағаны үш рет жарияланғаннан кейiн саудаға қатысушылардың ешқайсысы одан жоғары бағаны атамасы, аукционшы балғаны соғумен бiр уақытта соңғы бағаны атаған қатысушының тауарды сатып алғанын хабарлайды.
20. Сауда барысында тауарға соңғы бағаны ұсынған қатысушы Сауданы ұйымдастырушылармен белгiлеген уақыт Сауданы ұйымдастырушылар өкiлiне қатысушы билетiн көрсетуге және сауданың қорытындысы туралы хаттамаға қол қоюға тиiс. Хаттамаға Сауданы ұйымдастырушылар, Сатушының өкiлдерi, сондай-ақ аукционшы қол қояды <*> .
ЕСКЕРТУ. Өзгертулер енгiзiлдi - ҚР Үкіметінiң 19.03.1996 ж. N 333
қаулысымен.
21. Хаттамада сатып алушы, тауардың атауы, тауардың бастапқы құны мен сату бағасы, сондай-ақ сатып алу-сату шартына қол қою жөнiндегi тараптардың мiндеттемелерi және сатып алушының сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас тартқаны үшiн жауапкершiлiгi туралы мәлiметтер көрсетiледi.
Сауда қорытындылары туралы хаттаманың көшiрмесi Сатып алушыға берiледi және ол сатып алу-сату шартын жасауға құқық беретiн құжат болып табылады.
22. Сауда қорытындылары туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан қатысушы саудаға одан әрi қатысу құқығынан айырылады. Мұндай жағдайда аталған тауар бойынша сауда қайта жалғасады немесе тауар келесi саудаға шығарылады. Бұл туралы шешiмдi Сатушы қабылдайды.
23. Баға айырмасын (арзандату мөлшерiн) салық төлеушi төменде көрсетiлген тәртiппен өтейдi.
Егер аукциондық сатудан кейiн салық төлеушiнiң мүлкi толық немесе iшiнара өтпей қалса, мүлiкке билiк етудi шектеу жөнiндегi енгiзiлген шешiм салық органы салық төлеушiге - сатылатын мүлiктiң иесiне келiсiм жағдайында мүлiктiң өтпеген бөлiгiн қайта бағалау (арзандату) жөнiнде ұсыныс жасайды және сонымен бiр мезгiлде олардың құнының кемiген айырмасын өтеу мақсатында мүлiктiң қосымша санынан билiк етудi шектеу жөнiнде шешiм енгiзiледi <*> .
ЕСКЕРТУ. Өзгертулер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 19.03.1996 ж. N 333 қаулысымен. 24. Сатудың және бюджетпен есеп айырысудың аяқталған жөнiнде салық органынан жазбаша хабарлама алғаннан кейiн аталған мүлiк салық төлеушiнiң балансынан шығарып тастауға жатады. 25. Егер салық төлеушi салық және бюджетке төлемдер бойынша берешегiн билiк етуi шектелген мүлiктiң саудасы басталғанға дейiн өтесе, онда бұған дейiн аукционды ұйымдастыруға байланысты шыққан барлық шығынды салық төлеушi төлейдi <*> . ЕСКЕРТУ. Өзгертулер енгiзiлдi - ҚР Үкіметінiң 19.03.1996 ж. N 333 қаулысымен. V. Сатып алу-сату шарты
26. Сауда аяқталғаннан кейiн сауда қорытындылары туралы хаттама негiзiнде Сатып алушы мен Сатушы тауарды сатып алу-сату шартына қол қояды. Онда шарттың мәнiсi, жақтардың құқы, мiндеттерi және жауапкершiлiгi, толық сату құны мен төлем нысаны, төлем қаржысын аудару үшiн Сатушының арнаулы бюджеттiк шотының нөмiрлерi және басқа да шарттар көрсетiледi.
27. Тауардың толық сату құны тауарды сатудың түпкiлiктi бағасы болып табылады.
28. Толық есеп айырысу тiкелей сауда аяқталғаннан кейiн жүргiзiледi. 3 банктiк күн iшiнде қатысушы сатып алғаны (тауар) үшiн тиесiлi соманы арнаулы бюджет есептерiне аударуы тиiс.
Егер сатып алушы 3 банктiк күн iшiнде сатып алғаны (тауар) үшiн тиесiлi соманы төлемесе, онда сатып алу-сату шарты бұзылған болып есептеледi және Сатып алушының төлеген несие сомасы қайтарылуға жатпайды. Сауданы ұйымдастырушы баға ұсынған (неғұрлым жоғары) басқа саудаға қатысушыға ұсынады, ол сатып алуға тiлек бiлдiрсе, онымен сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамаға қол қояды, хаттама негiзiнде Сатып алушы мен Сатушы арасында сатып алу-сату шарты жасалады.
29. Сауданы ұйымдастырушы Сатушыға оның сауданы өткiзу қорытындылары туралы талаптарына сәйкес есеп бередi, бұл есепте аукционға қабылданған тауарлардың саны, бағасы мен құны, аукционда сатылған тауарлардың саны, бағасы мен құны, Сатып алушының алған тауарларына төлем жасау фактiсiн растайтын құжаттар, сауданы өткiзуге кеткен шығыстар мен басқа да қажеттi мәлiметтер көрсетiлуi қажет.
30. Сауда өткiзу жөнiндегi Сатып алушының жарна сомаларымен және кiру билеттерiнiң құнымен өтелмеген шығыстар мүлiктерi аукционда сатылған салық төлеушiнiң есебiнен жүзеге асырылады.
VI. Аукциондық сату алымдарды төлеу тәртiбi
31. Салық төлеушiнiң салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша мемлекет алдындағы берешегiне байланысты салық қызметi органдары тыйым салған мүлiктердi сату жөнiндегi мамандандырылған ашық аукционның ұйымдастырушылары мен өткiзушiлерi аукциондық сату алымдарын 0 ставкасымен төлейдi.