Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару және құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларын өсiру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 11 шiлде N 945. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.12.25. N 1620 қаулысымен.

Күшін жойған
      "1995 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 15 наурыздағы N 2120 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары туралы" 1995 жылғы 13 сәуiрдегi N 458, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жеке мәселелерi туралы" 1995 жылғы 13 сәуiрдегi N 468, "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдары қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары туралы" 1995 жылғы 14 сәуiрдегi N 474, "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетiнiң мәселелерi туралы" 1995 жылғы 16 мамырдағы N 694, "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң жеке құрамының ақшалай табысы (еңбекақысы туралы)" 1995 жылғы 24 мамырдағы N 733, "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң ақшалай табысы (еңбекақысы) туралы" 1995 жылғы 15 маусымдағы N 829 Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулыларымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару және құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларына 1995 жылғы 1 шiлдеден бастап 1,12 түзетпе есептiк коэффициентi қолданылсын.
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi