Тәуелсiз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердiң кәсiпорындары мен салаларының өндiрiстiк кооперациясын дамытуды қолдаудың жалпы шарттары мен механизмi туралы келiсiм мен осы келiсiмдi жүзеге асырудың механизмi туралы хаттаманың орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы<*> ЕСКЕРТУ. Қаулының және Ереженiң мәтiнiне өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20. N 1031 қаулысымен. ~P961031

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 4 шiлде N 914

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы мен Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы басқа да мемлекеттердiң кәсiпорындары мен салалары арасындағы өзара тиiмдi өндiрiстiк кооперацияны дамыту үшiн қолайлы жағдайды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы мен Тәуелсiз Мемлекеттер Достығына қатысушы басқа да мемлекеттердiң кәсiпорындары мен салалары арасындағы өндiрiстiк кооперация мен өндiрiстi мамандандыру шеңберiнде тауарлар (жұмыс, қызмет көрсету) берудiң тәртiбi туралы Ереже (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, Қазақстан Республикасы Кеден комитетi мен атқарушы өкiметтiң басқа да мемлекеттiк органдары Ашғабат қаласында 1993 жылғы 23 желтоқсандағы қол қойылған Тәуелсiз мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң кәсiпорындары мен салаларының өндiрiстiк кооперациясын дамытуды қолдаудың жалпы шарттары мен механизмi туралы Келiсiмдi (бұдан әрi - 1993 жылғы 23 желтоқсандағы Келiсiм) уақытша қолдану туралы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер үкiметтерiнiң 1994 жылғы 15 сәуiрдегi қабылдаған шешiмiне орай, осы Келiсiм аталған мемлекеттер үкiметтерiнiң 1994 жылғы 15 сәуiрдегi шешiмiмен енгiзiлген өзгерiстердi ескере отырып және 1994 жылғы 15 сәуiрде Мәскеуде қол қойылған осы Келісiмнiң ажыратылмас бөлiгi болып табылатын Келiсiмдi жүзеге асырудың механизмi туралы Хаттама (бұдан былай - Хаттама) бойынша Қазақстан Республикасы қабылдаған мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етсiн.
      3. Осы Келiсiммен және Хаттамамен көзделген өндiрiстiк кооперация және өндiрiстi мамандандыру туралы келiсiмдердi жасау мен жүзеге асыру үшiн жауапкершiлiк мыналарға жүктелсiн:
      Қазақстан Республикасының өнеркәсiп және сауда министрлiгiне - кен-металлургия, химия, мұнай-химия, машина жасау және қорғаныс (азаматтық өнiм жөнiндегi) кешендерiнiң кәсiпорындары, жеңiл, ағаш, ағаш өңдеу өнеркәсiптерi мен сауда кәсiпорындары бойынша;
      Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiне - отын-энергетика кешенiнiң, оның iшiнде атом өнеркәсiбi мен атом энергетикасы кәсiпорындары бойынша;
      Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiне - мұнай-газ кешенiнiң кәсiпорындары бойынша;
      Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне - көлiк және байланыс кәсiпорындары бойынша;
      Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiне - құрылыс кешенiнiң және руда емес материалдардың кәсiпорындары мен ұйымдары бойынша;
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне - мал шаруашылығының өнiмiн ұқсатушы кәсiпорындары бойынша.
     4. Осы қаулының 3-тармағында көрсетiлген атқарушы өкiметтiң мемлекеттiк органдары Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне, Өнеркәсiп және сауда министрлiгiне, және Қазақстан Республикасы Кеден комитетiне өндiрiстiк кооперация мен өндiрiстi мамандандыру туралы келiсiмдердiң көшiрмелерiн, сондай-ақ осы келiсiмдердiң негiзiнде жасалған шаруашылық шарттар, контрактылар бойынша тауарларды (жұмыс, қызмет көрсету) берiп тұрушы (алып тұрушы) Қазақстан кәсiпорындарының тiзбесiн ұсынуды қамтамасыз

етсiн.
     5. Қазақстан Республикасы Кеден комитетi бiр ай мерзiмде 
Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы осы Келiсiм мен 
Хаттамаға сәйкес берiлiп тұратын тауарларды тасымалдаудың тәртiбiн 
айқындасын, сондай-ақ осы тауарлардың жеткiзiлiмiн есепке алуды 
қамтамасыз етсiн.
     Қазақстан Республикасы
      Премьер-министрiнiң
      бiрiншi орынбасары
                                     Қазақстан Республикасы
                                     Министрлер Кабинетiнiң
                                     1995 жылғы 4 шiлдедегi
                                       N 914 қаулысымен
                                         БЕКIТIЛГЕН
         Қазақстан Республикасы мен Тәуелсiз Мемлекеттер
         Достастығына қатысушы басқа да мемлекеттердiң
         кәсiпорындары мен салалары арасындағы өндiрiстiк
         кооперация мен өндiрiстi мамандандыру шеңберiнде
               тауарларды (жұмыс, қызмет көрсету)
                    берудiң тәртiбi туралы
                          ЕРЕЖЕ


      1. Осы Ереже 1993 жылдың 23 желтоқсанында Ашғабатта қойылған (бұдан әрi - 1993 жылғы желтоқсандағы келiсiм) Қазақстан Республикасы мен Тәуелсiз Мемлекеттер Достығына қатысушы мемлекеттердiң кәсiпорындары мен салаларының өндiрiстiк кооперация мен өндiрiстi мамандандыру шеңберiнде тауарлар (жұмыс, қызмет көрсету) берудiң тәртiбi туралы үкiметаралық Келiсiмдi және 1994 жылдың 15 сәуiрiнде Мәскеуде қол қойылған осы Келiсiмдi жүзеге асырудың механизмi туралы Хаттаманы (бұдан әрi - тиiсiнше Келiсiм және Хаттама) жүзеге асыру мақсатында әзiрлендi.
      2. 1993 жылғы 23 желтоқсандағы Келiсiмге және Хаттамаға сәйкес осы Ереже кооперация бойынша берiлетiн тауарлардың ретi мен кедендiк ресiмдеу мәселелерi жөнiндегi бiр iзге түсiрiлген нормативтiк құжаттарды қабылдаған және оларды iске қосқан мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарда қолданылады.
      3. Ереже бiрлестiктердi, акционерлiк қоғамдарды, бiрлескен кәсiпорындарды, ұйымдарды қоса алғанда Қазақстан Республикасының кәсiпорындары мен салаларының Достастыққа қатысушы басқа да мемлекеттердiң кәсiпорындарымен, салаларымен және ұқсас құрылымдарымен 1993 жылғы 23 желтоқсандағы Келiсiмге және Хаттамаға сәйкес өндiрiстiк кооперация мен өндiрiстi мамандандыру шеңберiнде тауарлар берудiң және қызметтер көрсетудiң тәртiбiн айқындайды.
      4. Өндiрiстiк кооперация мен өндiрiстi мамандандыру шеңберiнде тауарлар берiп тұру дегенiмiз - шикiзатты, материалдарды, тораптарды, бөлшектердi, босалқы бөлшектердi, дайындамаларды, жартылай өңделген өнiмдердi, жинақтаушы бұйымдарды және технологиялық өзара байланысты өндiрiс пен түпкi өнiмдi бiрлесiп шығару үшiн қажеттi салалық және салааралық мақсаттағы басқа да бұйымдарды берiп тұру.
      Көрсетiлетiн қызметтер дегенiмiз - жобалау және жөндеу жұмыстары, техникалық қызмет көрсету және технологиялық операциялар.
      Тауарларды тексерудiң кедендiк режимдерiнiң шеңберiнде берiп тұру дегенiмiз - Келiсiмге қатысушы елдердiң кедендiк заңдарында белгiленген шарттарға сәйкес тауарлар беру.
      5. Ереженiң күшi Достастыққа қатысушы басқа мемлекеттердiң кәсiпорындарымен және ұқсас құрылымдарымен өндiрiстiк операция мен өндiрiстi мамандандыру туралы халықаралық салалық және салааралық келiсiмдердiң негiзiндегi 1993 жылғы 23 желтоқсандағы Келiсiм шартымен контракт (шарт) жасаған кәсiпорындарға, акционерлiк қоғамдарға, бiрлестiктерге, бiрлескен кәсiпорындарға, басқа да шаруашылық субъектiлерiне таратылады.
      6. Қару-жарақ пен әскери техниканы өндiруге арналған арнаулы жинақтаушы бұйымдарды, материалдарды, жабдықтар мен технологияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерi мен халықаралық мiндеттемелерiн сақтау мақсатындағы реттеудiң тарифтiк емес шараларына жататын басқа да тауарларды берiп тұру Қазақстан Республикасының күшiндегi заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      7. Қазақстан Республикасының тарапынан келiсiмдердi жасау мен жүзеге асыру үшiн жауапкершiлiк атқарушы өкiметтiң мемлекеттiк органдарына жүктеледi. Олар мынадай кәсiпорындар бойынша аталған келiсiмдi жасайды:
      кен-металлургия, химия, мұнай-химия, машина жасау, қорғаныс (азаматтық өнiм жөнiндегi) кешендерi, жеңiл, ағаш, ағаш өңдеу өнеркәсiптерi, сауда бойынша - Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi;
      отын-энергетика кешенi, оның iшiнде атом өнеркәсiбi мен атом энергетикасы кәсiпорындары бойынша - Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi;
      мұнай-газ кешенi - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi;
      көлiк және байланыс - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi;
      құрылыс кешенi - Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi;
      мал шаруашылығының өнiмiн ұқсату жөнiнде - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi.
      Атқарушы өкiметтiң көрсетiлген органдарының басқару саласына кiрмейтiн кәсiпорындар, ұйымдар мен бiрлестiктер келiсiмдерге қосылу үшiн өндiрiстiң тиiстi профилiмен байланысты ұсыныстарын жоғарыда аталған атқару өкiметiнiң органдарына жолдайды.
      8. Келiсiмдерге өндiрiстiң мамандандырылуын сақтаушы және тауарлар шығару мен қызметтер көрсету жөнiндегi кооперацияға қатысушы кәсiпорындардың, бiрлестiктер мен ұйымдардың тiзбесi, олар кооперация арқылы шығаратын өнiмдердiң, көрсететiн қызметтердiң аса маңызды түрлерiнiң номенклатурасы мен жеткiзiлiмнiң көлемi енгiзiледi.
      Технологиялық қажеттiлiк туындаған жағдайда кооперация арқылы шығаратын өнiмнiң тiзбесiне басқа салалардың өнiмi енгiзiлуi мүмкiн. Бұл орайда оны тiзбеге қосудың негiздемесi үшiн атқарушы өкiметтiң Келiсiмге қол қойған органы жауапты болады.
      Халықаралық мiндеттемелерге сәйкес өнiмнiң, стратегиялық маңызды шикiзат тауарларының, оның iшiнде ұқсатуға келiп түсетiн алыс-берiс шикiзаттың, сондай-ақ осы Ереженiң 5-тармағында ескертiлген келiсiмдерге енгiзiлетiн Қазақстан Республикасы мен Достастыққа қатысушы басқа да мемлекеттердiң арасындағы қолданып жүрген келiсiмдерге сәйкес еркiн сауда тәртiбiнен алынып тасталуға жататын өнiмнiң де тiзбелерiн осы Ереженiң 7-тармағында аталған атқарушы өкiмет органдары алдын-ала Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне, Өнеркәсiп және сауда министрлiгiне табыс етедi.
      9. Осы Ереженiң 7-тармағында аталған мемлекеттiк атқарушы өкiмет органдары жасалған келiсiмдердiң көшiрмелерiн Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне, Өнеркәсiп және сауда министрлiгiне және Қазақстан Республикасы Кеден комитетiне жiбередi.
      10. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Өнеркәсiп және сауда министрлiгi атқарушы өкiметтiң мүдделi мемлекеттiк органдарын тартып:
      өнiм алмасудың баламалылығын тексеру мақсатындағы бағаларды сараптауды, өнеркәсiптiң машина жасау және электротехникалық базасын қамтамасыз етушi меншiктi өндiрiстердi қолдаудың мөлшерiне сараптауды қоса алғанда осы келiсiмдерге талдау жасауды және баға берудi жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының кәсiпорындары мен салаларының Достастыққа қатысушы басқа да мемлекеттердiң кәсiпорындарымен, салаларымен өндiрiстiк кооперациясын дамыту және қолдау механизмiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi және оларды Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне табыс етедi.
      11. Халықаралық мiндеттемелерге сәйкес Қазақстаннан берiлетiн экспорт, сондай-ақ стратегиялық маңызды шикiзат тауарлары Қазақстан республикасының күшiндегi заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      12. Кооперация арқылы шығарылған өнiмдi беру Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы басқа мемлекеттермен сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы мемлекетаралық келiсiмдерге енгiзiлуi мүмкiн.
      13. 1993 жылғы 23 желтоқсандағы Келiсiмге және Хаттамаға сәйкес берiлетiн тауарларды Қазақстан Республикасының Кеден шекарасы арқылы өткiзудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасы Кеден комитетi бекiтедi, ол бұл тауарлардың жеткiзiлiмiн есепке алуды қамтамасыз етедi.
      14. Келiсiмдердiң iске асырылуы Қазақстан Республикасы кәсiпорындарының, бiрлестiктерi мен ұйымдарының олардың негiзiнде Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы басқа мемлекеттердiң кәсiпорындары мен ұқсас құрылымдарының арасында контракт (шарт) жасау жолымен жүзеге асырылады.
      15. 1993 жылғы 23 желтоқсандағы Келiсiм негiзiнде жасалған контракт (шарт) бойынша берiлетiн тауарлар мен қызметтер үшiн кәсiпорындар арасындағы есеп айырысу және ақы төлеу Қазақстан Республикасының өкiлеттi банктерiнде ашылған есеп шоттар арқылы жүзеге асырылады.
      16. 1993 жылғы 23 желтоқсандағы Келiсiмге сәйкес өндiрiстiк кооперация мен өндiрiстi мамандандыру шеңберiнде Қазақстан Республикасына берiлетiн тауарларды үшiншi бiр елдерге, оның iшiнде шетелдiк жеке және заңды тұлғаларға немесе халықаралық ұйымдарға өз аумағынан осы өнiмдi жiберiп отырған мемлекеттiң өкiлеттi органының жазбаша келiсiмiнсiз қайта экспорттауға болмайды.
      17. Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсiп палатасының жүйесiндегi кәсiпорындар шарт негiзiнде мүдделi ұйымдар мен кәсiпорындарға маркетингтiк зерттеулер жүргiзуге, кадрларды даярлауға, құқықтық, ақпараттық және лизинг қызметiн көрсетуге, кәсiпорындардың өндiрiстiк кооперациясын дамытуға бағытталған көрмелер, жарнамалық компаниялар ұйымдастыруға көмек көрсете алады.