1. Қазақстан Республикасында тауарлардың шығу тегi туралы сертификат беру мен куәландыру жөнiндегi өкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi болып табылады деп белгiленсiн. <*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармақтағы сөздер ауыстырылды - ҚРҮ-нiң 1997.04.08. N 505 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.07.03. N 634 қаулысымен. P980634_ 2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi сауда режимi туралы келiсiмдермен көзделген преференцияны Қазақстан Республикасына тарату үшiн ТМД-ға мүше мемлекеттердiң сыртқы экономикалық ведомстволарына, ЕЭҚ-ға және басқа шетелдерге мөрдiң және тауарлардың шығу тегi туралы сертификаттарды растауға өкiлеттi адамдардың қойған қолының үлгiлерiн жiберсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары