Жалпы мемлекеттiк пайдаланыстағы жүйеге арналған байланыс жабдықтарына кеден бажының ставкаларын белгiлеу туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 19 маусым N 841

Қолданыстағы
      Мемлекеттiк телекоммуникациялар жүйесiн кешендi жаңарту мен жалпы пайдаланыстағы жүйе абоненттерi үшiн көрсетiлетiн байланыс қызметiне арналған тарифтер деңгейiнiң тұрақтылығын сақтап қалу үшiн және "Қазақстан Республикасының импортталатын тауарларға кеден тарифi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 11 қаңтардағы N 1498 U941498_ Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-i, 1994 ж., N 2, 14-бап) 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

     Импортталатын байланыс аппаратурасына,коммутациялық автоматты
телефон станцияларына, сым, радиореле және жер серiгiнiң байланыс
жүйесiне арналған жабдықтарға, радиобайланыс пен радиохабарын
таратудың қабылдау-тарату құрылғысы, жалпы пайдаланылатын мемлекеттiк 
жүйенiң объектiлерiнде орнатуға арналған телефон және телеграф
аппараттарына (тауарлардың ТН СЭҚ бойынша коды 8517) кеден тарифi
0 процент мөлшерiнде белгiленсiн.

         Қазақстан Республикасының  
           Премьер-министрiнiң 
           бiрiншi орынбасары