1. <*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.06.12. N 954
қаулысымен. P970954_
2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi мүдделi министрлiктердiң және ведомстволардың келiсуi бойынша Қазақстан Республикасының барлық сауда желiлерi мен қоғамдық тамақтану кәсiпорындары үшiн, меншiк нысанына қарамастан, сақталуы мiндеттi алкогольдi iшiмдiктер мен сыра сатудың бөлшек сауда ережесiн әзiрлесiн және бекiтсiн.
Көтерме сауда ережесiнде арақ-шарап бұйымдарымен және сыраны сауда жасауға рұқсат берудiң тәртiбi қарастырылсын.
Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң арақ-шарап бұйымдарын және оны сатудың бөлшек сауда ережесiн сақтауына шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
импортталатын алкогольдi iшiмдiктер мен сыраға кеден бажы мен акциз ставкаларының дұрыстығына және толық төлетiп алынуына бақылау күшейтiлсiн, осы бұйымдарды әкелудi жасыру мен салық төлеудi азайту мақсатында олардың орнына алкогольсiз сусындар мен басқа тауарлар туралы декларация тапсыру фактiлерiне жол берiлмесiн.
4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"1993 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы N 170 қаулысының 7-тармағы;
"1993 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi Төралқасының қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 15 маусымдағы N 506 қаулысының арақ-шарап бұйымдары мен сыра бөлiгiндегi 6-тармағының екiншi - алтыншы абзацтары.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi