1. "Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамының Мырғалымсай кен орны рудниктерiнiң шахталық су төккiштерiне қатысты шығынды қаржыландыру үшiн республиканың Өнеркәсiп және сауда министрлiгiне Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң резерв қорынан 100 (жүз) млн. теңге бөлiнсiн.
2. <*> ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың күшi жойылған - ҚРҮ-нiң 1998.05.13.N 431 қаулысымен. P980431_ 3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi 1995 жылғы 1 шiлдеге дейiн "Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамының Мырғалымсай кен орны рудниктерiнiң консервация жобаларын белгiленген тәртiппен бекiтетiн болсын. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары