Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.
"Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған Ұлттық бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы N 1135 U931135_ Жарлығын орындау үшiн, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1995 жылғы 27 қаңтардағы N 28 қаулысымен бекiтiлген жеке жобалар бойынша мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiруге тиiстi кәсiпорындардың тiзбесiн ескере отырып және "Қазкоммерцбанк" акционерлiк банкiнiң өтiнiмi негiзiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. "Қазкоммерцбанк" акционерлiк банкiнiң Еуропалық Одағы тарапынан кепiлгер қаржыландыратын басқа консультациялармен бiрлесе қатыса отырып жеке жобалар бойынша мұнай-газ саласы кәсiпорындарын қайта жаңарту мен жекешелендiру мәселелерi жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне техникалық жәрдем көрсетiлген консалтингтiк жұмыстарды жүргiзуге құқық алуына берген өтiнiмi қанағаттандырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi сол кәсiпорындар құнын бағалаудың қаржылық, техникалық, құқықтық және стратегиялық мәселелерiн қамтитын мұнай-газ саласы кәсiпорындары топтарын жекешелендiрудiң стратегиялық жоспарын жасау, шетелдiк және отандық инвесторларды тарту, әлеуеттi инвесторлар мен қаржылық жағдайы туралы негiзгi мәлiметтердi талдау, тендерлер өткiзу жөнiнде қаржылық консультациялық қызмет көрсетуге "Қазкоммерцбанк" акционерлiк банкiмен және бұдан әрi Консультанттар деп аталатын консультант ретiнде таңдап алынған Еуропалық Одақпен Контрактi әзiрлеп, жасайтын болсын.
3. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi саланың кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру мен қайта топтастыру жөнiндегi жұмыстар аяқталғанға дейiн олардың жекешелендiрiлуiн қосымшаға сәйкес уақытша тоқтата тұрсын.
4. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi саланың кәсiпорындарынан ақпарат алуда, бизнес-жоспарлар жасауда, саланың кәсiпорындарын қайта жаңарту мен жекешелендiру жоспарларын жобалауда, әртүрлi инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн жасауда, кәсiпорындардың инвестициялық құнын бағалауда Консультанттарға жәрдем көрсетiп отырсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 12 мамырдағы
N 659 қаулысына
қосымша
Мұнай-газ саласы кәсiпорындарының
Тiзбесi
"Маңғыстаумұнайгаз" акционерлiк қоғамы <*>
"Актюбинскнефть" акционерлiк қоғамы
"Ембiмұнайгаз" акционерлiк қоғамы
"Қазақстанкаспийшельф" мемлекеттiк компаниясы
"Қазақгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясы
"Алаугаз" акционерлiк қоғамы
Павлодар мұнай өңдеу зауыты
Атырау мұнай өңдеу зауыты
Атырау полипропилен зауыты
Ақтау полиэтилен зауыты
Ескерту. Тiзбеге өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1996.01.05.
N 20 қаулысымен. P960020_