"Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштерi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына және "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанынан Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiнде комитет құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 7 қазандағы N 1879 Жарлығына сәйкес әскери-техникалық құралдар мен екi рет қолданылатын өнiмдердi дайындау, өндiру, жөндеу және қызмет көрсету саласындағы қауiпсiздiктi бақылаудың мемлекеттiк жүйесiн құру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитетте осы мақсат үшiн тiркелген барлық меншiк нысандарындағы Қазақстан Республикасының кәсiпорындары мен ұйымдары үшiн мiндеттi әскери-техникалық құралдар мен екi рет қолданылатын өнiмдердi дайындау, өндiру, жөндеу және қызмет көрсету тәртiбi осы қаулының 1-3 қосымшаларына сәйкес белгiленсiн.
ЕСКЕРТУ. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20.
N 1031 қаулысымен .
2. Мыналар бекiтiлсiн:
- Қазақстан Республикасында әскери-техникалық құралдар мен екi рет қолданылатын өнiмдердi дайындау, өндiру, жөндеу және қызмет көрсету саласындағы барлық меншiк нысандарындағы кәсiпорындар мен ұйымдардың қызметiн лицензиялаудың Мемлекеттiк жүйесi туралы ереже (1-қосымша);
- Әскери-техникалық құралдар тiзбесi (2-қосымша);
- Екi рет қолданылатын өнiмдердiң тiзбесi (3-қосымша).
3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитет:
берiлген лицензиялар туралы Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне ай сайын мәлiмет берiп отырады;
мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен келiсу бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне осы қаулының 2,3-қосымшасында келтiрiлген Тiзбенi түзету жөнiнде ұсыныс енгiзедi.
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiмен және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен бiрлесiп әскери-техникалық құралдар мен екi қызмет көрсетудiң белгiленген тәртiбiнiң сақталуына бақылауды қамтамасыз етедi деп белгiленсiн.
ЕСКЕРТУ. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20.
N 1031 қаулысымен .
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 12 мамырдағы
N 657 қаулысына
1-Қосымша
Қазақстан Республикасында әскери-техникалық құралдар
мен екi рет қолданылатын өнiмдердi дайындау, өндiру,
жөндеу және қызмет көрсету саласындағы меншiктiң барлық
нысандарындағы кәсiпорындар мен ұйымдардың қызметiн
лицензиялаудың Мемлекеттiк жүйесi туралы
Ереже
1. Осы Ереже:
а) оларға қару-жарақ, оқ-дәрi, әскери техника мен солардың қосалқы бөлшектерi;
оларды дайындау үшiн арнаулы материалдар, жабдықтар;
әскери-техникалық құралдардан қорғанудың ұжымдық және жеке құралдары;
әскери улағыш заттар және солардан қорғану құралдары;
аңшы және спорт мылтығы және оның оқ-дәрiсi;
өзiн-өзi қорғаудың химиялық құралдары жататын әскери-техникалық
құралдары (бұдан әрi - ӘТҚ);
б) екi рет қолданылатын өнiмдердi (бұдан әрi - ЕҚӨ) дайындау, өндiру, жөндеу және қызмет көрсету саласындағы меншiктiң барлық нысандарындағы кәсiпорындар мен ұйымдардың қызметiн лицензиялаудың, сондай-ақ пайдаланылып болған ӘТҚ мен ЕҚӨ-нi жоюдың (құрту, кәдеге жарату, көму) және ұқсатудың тәртiбi мен шартын айқындайды.
2. Терминдер мен анықтамалар:
Қару - қарулы күресте қарсыласқа тойтарыс беруге арналған құрылғылар мен құралдар. Әдетте ол тойтарыс беру құралдары мен оларды мәжеге жеткiзу құралдарынан тұрады.
Қару-жарақ - әртүрлi қару мен оны қолдануды қамтамасыз ететiн құралдардың жиынтығы.
Әскери-техника - қарулы күштердiң жауынгерлiк және күнделiктi қызметiн қамтамасыз ету үшiн оларды жарақтандыруға арналған қару, жауынгерлiк және жауынгерлiк емес техникалық құралдар.
Оқ-дәрi - тiршiлiк иесiн, техниканы күйретуге, ғимараттарды (табиғи құралымдарды) қиратуға немесе басқа да арнайы мiндеттердi орындауға тiкелей арналған қару-жарақтың құрамдас бөлiгi.
Екi рет қолданылатын өнiм - келiсiлген құжаттар (техникалық шарттар, стандарттар) негiзiнде қарулы күштердiң мүддесi үшiн бастапқы өндiрiлген, кейiннен азаматтық мақсатқа пайдалануға жiберiлген өнiмдер, сондай-ақ "Ядролық материалдар, технологиялар, жабдықтар, қондырғылар, ядролық емес арнаулы материалдар, қоса қабат мақсатта пайдаланылатын жабдықтар, материалдар мен технологиялар, радиоактивтi сәуле көздерi мен изотопты өнiмдер экспорты мен импорты туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 9 наурыздағы N 183 қаулысымен айқындалған ядролық технологияға қатысы бар материалдар.
3. Дайындалуы, өндiрiлуi, жөнделуi және қызмет көрсетiлуi Қазақстан Республикасында лицензиялауды талап ететiн ӘТҚ мен ЕҚӨ-нiң тiзбелерiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi.
4. ӘТҚ мен ЕҚӨ-нi дайындау, өндiру, жөндеу және қызмет көрсету құқығы бар кәсiпорындар мен ұйымдарды есепке алуды Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнде жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитет (бұдан әрi - Қорғанысөнеркәсiпкомы) әскери-техникалық құралдар мен екi рет қолданылатын өнiмдердi дайындайтын, өндiретiн, жөндейтiн және қызмет көрсететiн кәсiпорындар мен ұйымдардың Мемлекеттiк тiзiлiмiне (бұдан әрi - Мемлекеттiк тiзiлiм) енгiзе отырып жүргiзедi, оның мазмұндық нысаны осы Ереженiң 1-қосымшасында келтiрiлген.
ЕСКЕРТУ. 4-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20.
N 1031 қаулысымен .
5. ӘТҚ мен ЕҚӨ-нi дайындауға, өндiруге, жөндеуге және қызмет көрсетуге үмiткер кәсiпорындар мен ұйымдарды тiркеу мен есепке алу үшiн қарулы күштерге қатысы бар немесе ӘТҚ мен ЕҚӨ-нi пайдалану құқына ие ұйыммен аталған қызметке шартты (контрактiнi) ұсына отырып, Қорғанысөнеркәсiпкомына өтiнiм бередi.
Лицензия бере отырып, аталған қызметке рұқсат ету туралы Қорғанысөнеркәсiпкомының дәйектелген қорытындысы кәсiпорын мен ұйымды Мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзудiң шарты болып табылады, оның мазмұндық нысаны осы Ереженiң 2-қосымшасында келтiрiлген.
6. Мемлекеттiк тiзiлiмге енген кәсiпорындар мен ұйымдарға ӘТҚ мен ЕҚӨ-нi дайындау, өндiру, жөндеу және қызмет көрсету құқығына лицензияны Қорғанысөнеркәсiпкомы бередi.
Лицензия алмай тұрып Мемлекеттiк тiзiлiмге ену мәлiмделген қызметпен шұғылдануға құқық бермейдi.
7. Лицензия субъектiнiң (кәсiпорын немесе ұйымның) ӘТҚ мен ЕҚӨ-нiң белгiлi бiр түрлерi мен номенклатурасын дайындау, өндiру, жөндеу және қызмет көрсету құқығын куәландыратын құжат болып табылады.
Субъектiнiң құқықты пайдалануы лицензияны алған сәттен басталады да әрекет ету мерзiмi аяқталған, күшi жойылған немесе лицензия заңда белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылған жағдайда тоқтатылады.
8. Дайындауға, өндiруге жөндеуге немесе қызмет көрсетуге арналған шарттың (контрактiнiң) қолданылу мерзiмiне лицензия мынадай құжаттарды тапсырған күннен бастап бiр ай iшiнде берiледi:
кәсiпорынның немесе ұйымның өтiнiмi;
мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
нотариат куәландырған жарғының көшiрмесi;
мәлiмделген қызметке арналған шарт (контракт);
жоспарланған ӘТҚ мен ЕҚӨ-нi дайындаудың, өндiрудiң, жөндеудiң немесе қызмет көрсетудiң тактикалық-техникалық сипаттамалары;
а) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң - сол кәсiпорын немесе ұйым өтiнiмiнiң негiздiлiгi, режимдiк шаралардың және мемлекеттiк қауiпсiздiктiң қамтамасыз етiлуi мен жеткiлiктiлiгi туралы;
б) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң - бұйымдарды, олардың жинақтаушы және босалқы бөлшектерiн сақтау мен тасымалдау кезiнде белгiленген шарттардың есепке алынуына, қамтамасыз етiлуiне бақылауды ұйымдастыру туралы;
в) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң - тапсырыс берушiлердiң өкiлдерi тарапынан дайындалған және берiлген өнiмнiң сапасы мен жинақталуына бақылауды қамтамасыз ету туралы;
г) санитарлық, өрттен қорғау, кен-техникалық және экологиялық қадағалау органдарының - айналадағы ортаның, азаматтардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету туралы қорытындылары.
9. Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мiндеттi сақтандырылуға жататын қызметке лицензия белгiленген тәртiппен жасалған сақтандыру туралы шарты болғанда ғана берiледi.
10. Мемлекеттiк қорғаныс тапсырыстары бойынша шарттарды (контрактiлердi) орындау басым тәртiппен лицензияландырылады.
11. Шаруашылық жүргiзушi субъектiге берiлген лицензияны басқа шаруашылық жүргiзушi субъектiге беруге болмайды, бiрақ ол белгiленген тәртiппен қайта рәсiмделуi мүмкiн.
12. ӘТҚ мен ЕҚӨ-нi дайындау, өндiру, жөндеу және қызмет көрсету жөнiндегi жұмыстың технологиялық жағынан өзара байланысты түрлерiн жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiге, әдетте, жұмыстың барлық түрлерiне ортақ бiр лицензия берiледi.
13. Шетелдiк субъектiлер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген алып қоюды ескере отырып, жалпы негiзде лицензияландырылады.
14. ӘТҚ мен ЕҚӨ-нi дайындауды, өндiрудi, жөндеу мен қызмет көрсетудi тiркеу және оған лицензия берiлгенi үшiн төлем жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен тарифтер бойынша жүзеге асырылады.
15. Берiлген барлық лицензиялардың көшiрмелерi мемлекеттiк құжаттарды сақтау ережелерiне сәйкес Қорғанысөнеркәсiпкомында сақталады.
16. Лицензия беруден бас тарту өтiнiш жасаушыға лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмде жазбаша түрде бiлдiрiледi.
Егер лицензия белгiленген мерзiмде берiлмесе немесе бас тарту өтiнiш жасаушыға негiзсiз деп ұғынылса, Қорғанысөнеркәсiпкомының әрекетiне Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне шағым жасалуы мүмкiн.
17. Қорғанысөнеркәсiпкомы мемлекеттiк басқарудың тиiстi органдарын тарта отырып, ӘТҚ мен ЕҚӨ-нi дайындаудың, өндiрудiң, жөндеу мен қызмет көрсету, жұмысты атқарушылардың бiлiктiлiгi мен кәсiби деңгейi, ӘТҚ мен ЕҚӨ-нiң сапасы мен жинақтылығы жағдайларын инспекциялық тексерулердi жүзеге асыруға мiндеттi.
18. Мемлекеттiк тiзiлiмге тиiстi өзгерiстер енгiзе отырып, Қорғанысөнеркәсiпкомының шешiмiмен мынадай жағдайларда лицензияның:
лицензиядан бас тартқанда;
кәсiпорын, ұйым қайта ұйымдастырылғанда немесе таратылғанда;
жұмысты орындаудың белгiленген тәртiбi бұзылғанда, өндiрiлген және мәлiмделген өнiмнiң тұрпаты мен номенклатурасы сәйкес келмегенде;
осы Ереженiң 8-тармағында аталған мемлекеттiк басқару органдарының ұсынуы бойынша;
шығарылған өнiмге (жұмысқа, қызмет көрсетуге) арналған стандарттар мен техникалық шарттардың талаптары сақталмағанда;
лицензия берiлетiн қызметке тыйым салу туралы мемлекеттiк жоғары органдардың шешiмдерi болғанда лицензиялардың күшi жойылуы мүмкiн.
19. ӘТҚ мен ЕҚӨ-нi осы Ереженi бұза отырып дайындауға, өндiруге, жөндеуге немесе қызмет көрсетуге берген шаруашылық жүргiзушi субъектiлер немесе лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауап бередi.
1-Қосымша
Әскери-техникалық құралдар мен екi рет қолданылатын
өнiмдердi дайындайтын, өндiретiн, жөндейтiн және
қызмет көрсететiн кәсiпорындар мен ұйымдардың
Мемлекеттiк тiзiлiмi
------------------------------------------------------------------
N | Кәсiпорынның,|Өнiм (жұмыс, қызмет)|Енгiзу үшiн |Лицензияның
Р/| ұйымның |көрсету), негiзгi | негiз |берiлгенi
с |деректемелерi | сипаттамалары | |туралы белгi
-------------------------------------------------------------------
1 | 2 | 3 | 4 | 5
-------------------------------------------------------------------
2-Қосымша
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi
жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi
комитеттiң Елтаңбалы бланкi
-----------------------------------------------------
(дайындауға, өндiруге, жөндеуге, қызмет көрсетуге)
----------------------------------------------------
(ӘТҚ мен ЕҚӨ түрлерi)
Лицензия
Айы, күнi N ------дана
N-------
1. Лицензиат және оның деректемелерi
2. Мемлекеттiк тiзiлiм бойынша мағлұматтары
3. Лицензия сұрату негiзi
4. Лицензияның нысаналы мақсаты
5. Лицензияның қолданылу мерзiмi
6. Лицензияға төлем
Берiлдi:
----------------күшi сақталады
___________________________________________________________________
Атауы, негiзгi тактикалық| СЭҚ |Өлшем | Өндiрiске | Рұқсат
техникалық сипаттамасы |-------|бiрлiгi|қабылданған | етiлген
| ТН | | айы-күнi, | қызмет
|-------| |акт N______ |
|жөнiндегi | |
| коды | | |
------------------------------------------------------------------
"Лицензиар" "Лицензиат"
Тегi, аты, әкесiнiң аты Тегi, аты, әкесiнiң аты
Лауазымы Лауазымы
қолы қолы
Айы, күнi Айы, күнi
М.О. М.О.
3-қосымша
Лицензия алуға
Өтiнiм
1.___________________________________________________________
(лицензиат және оның деректемелерi)
2. ___________________________________________________________
(қандай мақсатқа)
_____________________________________лицензия берудi өтiнемiн.
(ӘТҚ, ЕҚӨ номенклатурасы)
3. Сұрату үшiн негiздеме:_____________________________________
(шарттың немесе контрактiнiң N мен
______________________________________________________________
айы, күнi тапсырыс берушi туралы мағлұматтар)
______________________________________________________________
4.____________________________________________________________
(Шарттың немесе контрактiнiң күшi сақталатын мерзiм)
5. Өндiруге сұралынатын ӘТҚ немесе ЕҚӨ мөлшерi:
______________________________________________________________
6. Өндiрiстiк мүмкiндiктерi:__________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
7. Өтiнiмге мыналар қоса тiркеледi:
- Мәлiмделген қызметтiң шарты (контрактiсi) __________________
- Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi ______________
- Нотариалды расталған жарғының көшiрмесi __________________
- Дайындауға, өндiруге, жөндеуге және қызмет
көрсетуге жоспарланған ӘТҚ мен ЕҚӨ-нiң
тактикалық-техникалық сипаттамалары __________________
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк
комитетiнiң қорытындысы __________________
- Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
министрлiгiнiң қорытындысы __________________
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрлiгiнiң қорытындысы __________________
- Қазақстан Республикасы Өнеркәсiпте жұмысты
қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен
қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң
қорытындысы __________________
- Қазақстан Республикасы Экология және
биоресурстар министрлiгiнiң қорытындысы __________________
М.О. Лицензиаттың қолы, лауазымы,
айы, күнi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Комитетiнiң
1995 жылғы 12 мамырдағы
N 657 қаулысына
2-Қосымша
Лицензиялар бойынша дайындау, өндiру, жөндеу
мен қызмет көрсету жүзеге асырылатын
әскери-техникалық құралдарының
Тiзбесi
-------------------------------------------------------------------
N | Атауы | СЭҚ ТН | Лицензиар
Рет |-------------|
саны |бойынша коды |
-------------------------------------------------------------------
1 | 2 | 3 | 4
-------------------------------------------------------------------
1. Атыс қаруы, жүйелерi, оның қосалқы
бөлшектерi мен тетiктерi 930100000 Қорғаныс
Өнеркәсiбi
комитетi
2. Артиллериялық қару-жарақтар,
жүйелерi,блоктары, оның құрастырушы
және қосалқы бөлшектерi 930690900 -"-
3. Ракеталық кешендер, жүйелерi,
блоктары, олардың құрастырушы және
қосалқы бөлшектерi, оларды қалпына
келтiру жөнiндегi жұмыстар 930690900 -"-
4. Радиолокациялық қару-жарақтар,
жүйелерi, блоктары, олардың
құрастырушы және қосалқы бөлшектерi 852700000 -"-
5. Радиоқабылдағыштар, жүйелерi,
блоктары, олардың құрастырушы және Қорғаныс
қосалқы бөлшектерi 852700000 өнеркәсiбi
6. Әскери кемелер, оның iшiнде авторлық комитетi
қадағалау, жөндеу және техникалық
көмек 930690900 -"-
7. Торпедолық қару-жарақ, жүйелерi,
блоктары, олардың құрастырушы
және қосалқы бөлшектерi 930690900 -"-
8. Миналық қару-жарақ, жүйелерi,
блоктары, олардың құрастырушы
және қосалқы бөлшектерi 930690900 -"-
9. Тральдық қару-жарақ, жүйелерi,
блоктары, олардың құрастырушы
және қосалқы бөлшектерi 930690900 -"-
10. Басқару аппаратурасы, ракеталық
кешендердiң бақылау-тексеру
аппаратуралары, құрастыру
жиынтықтары, құралдары, олардың
жабдықтары 930690900 -"-
11. Ракеталық, торпедолық, миналық
қарулардың аппаратуралары, жүйелерi,
блоктары, құрастырушы және қосалқы
бөлшектерi 930690900 -"-
12. Авиациялық техниканың агрегаттары,
құралдары, құрастырушы және қосалқы
бөлшектерi 88033010 -"-
13. Десант түсiру құралдары, парашюттер 880400000 -"-
14. Қару-жарақ пен әскери техниканы
жөндеу мен оған техникалық қызмет
көрсетудiң жылжымалы құралдары 870590 -"-
15. Қарудың, қару-жарақтың және
технологиялардың перспективалық
түрлерi Қорғаныс
Өнеркәсiбi
комитетi
келiсу
бойынша
16. Аңшы және спорт мылтығы, оқ-дәрi 930320900 Қорғаныс
мен олардың қосалқы бөлшектерi 930510000 өнеркәсiбi
930621000 комитетi
17. Әскери-техникалық құралдардан 4016
қорғанудың ұжымдық және жеке 5906
адам қолданатын құралдары 8710 -"-
18. Суық қару 9307 -"-
19. Өзiн-өзi қорғаудың химиялық 9304
құралдары 9306 -"-
20. Пайдаланылып болған әскери.-
техникалық құралдарды жою мен
қайта өңдеу 3601-3604,
6536,8802,
87059,
9301-9306
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 12 мамырдағы
N 657 қаулысына
3-Қосымша
ЕСКЕРТУ. 3-Қосымша өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 шілдедегі N 763 қаулысымен .
Екi рет қолданылатын өнiмдердiң
Тiзбесi
------------------------------------------------------------------
N | Атауы | СЭҚ ТН | Лицензиар
Рет| |бойынша коды|
саны | |
------------------------------------------------------------------
1 | 2 | 3 | 4
------------------------------------------------------------------
1. Радиостанциялар 657151010 Қорғаныс
657112021 өнеркәсiбi
комитетi
2. Радио хабарларын ыдырату 6554231000
станциялары 6555702000
6554101080 -"-
3. Жылжымалы шеберханалар 870590 -"-
4. УПУ-1М әмбебап тесiп өту 6688370099 -"-
қондырғылары
5. Шынжыр табанды
транспортер-сүйрегiш 871000000 -"-
6. Аккумуляторлар мен сiлтiлi
батареялар 226301000 -"-
7. Ядролық техникаларға қатысы бар
екi рет қолданылатын материалдар Қазақстан
Республикасы
Министрлер
Кабинетiнiң
1993 жылғы
9 наурыздағы
N183
қаулысына
сәйкес
8. Жарылғыш заттар, өнеркәсiптiк Қазақстан
мақсаттағы жарылғыш және Республикасы
пиротехникалық заттар мен Министрлер
олар қолданылатын бұйымдардан басқа Кабинетiнiң
1994 жылғы
8 сәуiрдегi
N 355
қаулысына
сәйкес
9. Пайдаланып болған екi рет Қорғаныс
қолданылған өнiмдердi жою мен қайта өнеркәсiбi
өңдеу комитетi