Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанынан республикалық астық инспекциясын құру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 26 сәуiрдегi N 562

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Астық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын қайта құру мәселелерi" жөнiндегi 1995 жылғы 31 қаңтардағы N 105 P950105_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы., 1995 ж., N 4, 54-бап) сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң, Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң және Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Қазақ ССР Министрлер Советiнiң "Қазастықөнiмi" Қазақ мемлекеттiк-акционерлiк концернiн құру туралы" 1990 жылғы 28 желтоқсандағы N 551 қаулысына (Қаз ССР ҚЖ, 1991ж., N 6, 40-бап) сәйкес құрылған бұрынғы "Қазастықөнiмi" концернiнiң құрамына кiретiн Мемлекеттiк астық инспекциясын қайта құру және оның негiзiнде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанынан республикалық астық инспекциясын құру жөнiндегi ұсынысы қабылдансын. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.07.09. N 651 қаулысымен.
               P980651_
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанындағы республикалық астық инспекциясының иеленуiне, пайдалануына және басқаруына қайта құрылған Мемлекеттiк астық инспекциясының және оның облыстық басқармаларының балансындағы мүлiктi, негiзгi және айналымдағы қаржыны беру тапсырылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанындағы республикалық астық инспекциясына астықтың және оның ұқсатылған өнiмдерiнiң сапасына мемлекеттiк бақылау жасау жүктелсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанындағы республикалық астық инспекциясы туралы Ереженi әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне бекiтуге ұсынатын болсын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi