Қазақстан Республикасының мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызметi туралы ереженi бекiту жөнiнде

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 25 сәуiрдегi N 547

Қолданыстағы

     "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, мемлекеттiк санитариялық
қадағалау органдары мен мекемелерінiң тиiмдiлiгiн және пәрмендiлiгiн 
арттыру мақсатымен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi
қаулы етедi:
     Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық 
қызметi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-министрiнiң
      бiрiншi орынбасары
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1995 жылғы 25 сәуiрдегi
                                           N 547 қаулысымен
                                                 Бекiтiлген

               Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
           санитариялық-эпидемиологиялық қызметi туралы
                             Ереже

            I. Жалпы ережелер



      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк санитариялық- эпидемиологиялық қызметi - органдар мен мекемелердiң бiрыңғай орталықтандырылған жүйесi, олардың басты мiндетi қоршаған ортаның қолайсыз факторларының халықтың денсаулық жағдайына зиянды әсерiн болдырмау, анықтап, жойып отыру, санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға бақылау жасау және кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың санитариялық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтердi, санитариялық заңдарды және Қазақстан Республикасы заңдарының адамның денсаулығын сақтауға қатысты бөлiгiн орындауын қадағалау арқылы жұқпалы және кәсiптiк аурулардың алдын алу болып табылады.

     Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет өз
жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан
Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң
жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
қаулыларын және өзге нормативтiк актiлердi басшылыққа алып
отырады.
     
        II. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық
                    қызметтiң құрылымы

     Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызметтiң
құрылымына мыналар кiредi:
     - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң
Санитариялық-эпидемиологиялық бас басқармасы;
     - Қазақстан Республикасының тиiстi аумақтарында 
мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалайды жүзеге 
асыратын органдар мен мекемелер:
     Қазақ республикалық санитариялық-эпидемиологиялық
     станциясы
     Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық станциялар
     Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық станциялар
     Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциялар;
     - Темiр жол көлiгiнде мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық
қадағалайды жүзеге асыратын органдар мен мекемелер:
     Жол санитариялық-эпидемиологиялық станциялары
     Бөлiмшелiк станциялық-эпидемиологиялық станциялар
     Желiлiк санитариялық-эпидемиологиялық станциялар;


      - Әуе көлiгiнде мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын органдар мен мекемелер:
      Орталық санитариялық-эпидемиологиялық станция
      Бiрлескен авиаотрядтардың санитариялық-эпидемиологиялық станциялары;
     - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне iссапарға жiберiлiп, оның объектiлерiнде мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалайды жүзеге асыратын органдар мен мекемелер:

     Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi жанындағы
Орталық санитариялық-эпидемиологиялық станция
     Iшкi iстер басқармалары жанындағы санитариялық-эпидемиологиялық
станциялар;
     - Министрлiктердiң, компаниялардың, концерндердiң,
корпорациялардың объектiлерiнде мемлекеттiк 
санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын
мекемелер;
     Объектiлердегi санитариялық-эпидемиологиялық станциялар;
     - Ерекше қауiптi және карантиндiк iндет бойынша жұқпалы
аурулардың таралуына қарсы шаралар ұйымдастыру мен өткiзудi
қамтамасыз ететiн органдар мен мекемелер:
     Қазақ обаға қарсы ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгi
     Аймақтық обаға қарсы станциялар;
     - Алдын ала және ошақтық дезинфекция, дезинсекция, 
дератизация жүргiзетiн органдар мен мекемелер:
     Республикалық "Дезинфекция" бiрлестiгi
     Облыстық "Дезинфекция" бiрлестiктерi
     Шаруашылық есептегi қалалық және аудандық дезинфекциялық
станциялар;
     Бюджеттегi қалалық және аудандық дезинфекциялық 
станциялар;


      - Салауатты өмiр салтын насихаттауды, халықты гигиеналық жағынан оқыту мен тәрбиелеудi жүзеге астыратын органдар мен мекемелер:
      Республикалық "Денсаулық" орталығы
      облыстық "Денсаулық" орталықтары
      қалалық "Денсаулық" орталықтары;
      Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен мекемелерi заңды ұйымдар болып табылады, олардың дербес шығыстар сметасы, өзiнiң негiзгi қорлары мен айналым қаражаты, банкiлерде бюджеттiк және арнаулы шоттары, Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленген және өзiнiң атауы жазылған мөрi болады.
      Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен мекемелерiнiң құруды, қайта құруды және таратуды Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызметтiң жоғары тұрған басқару органдары белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
      Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен мекемелерiнiң құрылымы, адам саны мен штат кестесi санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға сәйкес құрылып, оны белгiленген жалақы қоры шеңберiнде органның және мекеменiң басшысы бекiтедi.
      Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарына бiлiктiлiк категориясын беру үшiн аттестациялауды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Санитариялық-эпидемиологиялық бас басқармасы жанындағы комиссия және облыстық санитариялық-эпидемиологиялық станциялардың комиссиялары жүзеге асырады;
      - Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызметтi ғылыми жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын мекемелер:
      Қазақ эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институты
      Қазақ гигиена және кәсiптiк аурулар ғылыми-зерттеу институты
      Қазақ обаға қарсы ғылыми-зерттеу институты.

           III. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық
                қызметке, оның органдары мен мекемелерiне
                          басшылық жасау

      Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызметтi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк санитариялық Бас дәрiгерi басқарады, ол Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң орынбасары болып табылады, қызмет органдары мен мекемелерiне орталықтан басқару қағидаларына сай басшылық жасауды қамтамасыз етедi.
      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Санитариялық-эпидемиологиялық бас басқармасы мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызметке басшылық жасайды, оны Санитариялық-эпидемиологиялық бас басқарманың бастығы - Қазақстан Республикасы мемлекеттiк санитариялық Бас дәрiгерiнiң бiрiншi орынбасары басқарады. Санитариялық-эпидемиологиялық бас басқарма бастығының орынбасарлары Қазақстан Республикасының мемлекеттiк санитариялық Бас дәрiгерiнiң орынбасарлары болып табылады.
      Санитариялық-эпидемиологиялық бас басқарманың бастығын және оның орынбасарларын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк санитариялық бас дәрiгерiнiң ұсынуымен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Қазақ республикалық санитариялық-эпидемиологиялық станциясы Қазақстан Республикасында мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалайды жүзеге асыратын барлық органдар мен мекемелерге практикалық және ұйымдық әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады, оны Бас дәрiгер басқарады, ол Қазақстан Республикасының мемлекеттiк санитариялық Бас дәрiгерiнiң орынбасары болып табылады.
      Қазақ республикалық санитариялық-эпидемиологиялық станциясының бас дәрiгерiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк санитариялық Бас дәрiгерiнiң ұсынуымен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Облыстың және республикалық бағыныстағы қаланың мемлекеттiк санитариялық бас дәрiгерi - облыстық (қалалық) санитариялық-эпидемиологиялық бас дәрiгерi, (қалалық) санитариялық-эпидемиологиялық басқарманың бастығы болып табылады және облыстың (қаланың) әкiмшiлiк аумақтарында мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалайды жүзеге асыратын мекемелерге, министрлiктердiң, компаниялардың, концерндердiң, корпорациялардың объектiлерiнде мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын мекемелерге, сондай-ақ бюджеттегi дезинфекциялық станцияларға басшылық жасайды.
      Темiр жол және әуе көлiгiнде мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын органдар мен мекемелердiң, ерекше қауiптi және карантиндiк iндет бойынша жұқпалы аурулардың таралуына қарсы шараларды қамтамасыз ететiн мекемелердiң, шаруашылық есеппен дезинфекциялық, дератизациялық және дизинсекциялық шаралар жүргiзетiн органдар мен мекемелердiң, "Денсаулық" орталықтарының қызметiн бақылайды және үйлестiрiп отырады.
      Санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық мәселелерiнде облыстың барлық емдеу-профилактикалық және санитариялық-эпидемиологиялық мекемелерiнiң арасындағы үйлестiру iсi мен қарым-қатынасты жүзеге асырады.
      Облыстың (республикалық бағыныстағы қаланың) мемлекеттiк санитариялық бас дәрiгерiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк санитариялық Бас дәрiгерi облыстың (қаланың) әкiмiмен келiсе отырып қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Қаланың мемлекеттiк санитариялық бас дәрiгерi қалалық санитариялық-эпидемиологиялық станцияның бас дәрiгерi болып табылады және қала аумағында мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалайды жүзеге асыратын мекемелерге басшылық етедi.
      Темiр жол және әуе көлiгiнде қала аумағында ерекше қауiптi және карантиндiк iндет бойынша жұқпалы аурулардың таралуына қарсы шараларды орындайтын, дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық шаралар жүргiзетiн мекемелердiң, қалалық "Денсаулық" орталығының объектiлерiнде санитариялық-эпидемиологиялық станциялардың қызметiн үйлестiрiп отырады.
      Қаланың мемлекеттiк санитариялық бас дәрiгерiн облыстың мемлекеттiк санитариялық бас дәрiгерi қала әкiмiмен келiсе отырып қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Ауданның мемлекеттiк санитариялық бас дәрiгерi аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станцияның бас дәрiгерi болып табылады және оның жұмысына басшылық етедi.
      Темiр жол және әуе көлiктерiнде, аудан аумағында ерекше қауiптi және карантиндiк iндет бойынша жұқпалы аурулардың таралуына қарсы шараларды орындайтын, дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық шаралар жүргiзетiн мекемелердiң объектiлерiнде санитариялық-эпидемиологиялық станциялардың қызметiн үйлестiрiп отырады.
      Ауданның мемлекеттiк санитариялық бас дәрiгерiн облыстың мемлекеттi санитариялық бас дәрiгерi аудан әкiмiмен келiсе отырып қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Темiр жолдың мемлекеттiк санитариялық бас дәрiгерi жол санитариялық-эпидемиологиялық станциясының бас дәрiгерi болып табылады және темiр жолдың бөлiмшелерi мен желiлiк учаскелерiнде мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын мекемелерге басшылық етедi.
      Темiр жолдың мемлекеттiк санитариялық бас дәрiгерiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк санитариялық бас дәрiгерi Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен келiсе отырып қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Темiр жол бөлiмшесiнiң мемлекеттiк санитариялық бас дәрiгерi және бөлiмшесi санитариялық-эпидемиологиялық станциясының бас дәрiгерi болып табылады және темiр жол бөлiмшесiнiң желiлiк учаскелерiнiң санитариялық-эпидемиологиялық станцияларына басшылық етедi.
      Темiр жол бөлiмшесiнiң мемлекеттiк санитариялық бас дәрiгерiн Темiр жолдың мемлекеттiк санитариялық бас дәрiгерi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Темiр жолдың желiлiк учаскесiнiң мемлекеттiк санитариялық бас дәрiгерi желiлiк санитариялық-эпидемиологиялық станциясының бас дәрiгерi болып табылады және оның жұмысына басшылық етедi.
      Желiлiк учаскенiң мемлекеттiк санитариялық бас дәрiгерiн темiр жолдың мемлекеттiк санитариялық бас дәрiгерi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Әуе көлiгiндегi мемлекеттiк санитариялық бас дәрiгер - әуе көлiгiндегi Орталық санитариялық-эпидемиологиялық станцияның бас дәрiгерi болып табылады, әуе көлiгiнде мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалайды жүзеге асыратын бiрлескен авиаотрядтардың санитариялық-эпидемиологиялық станцияларына басшылық етедi.
      Әуе көлiгiндегi мемлекеттiк санитариялық бас дәрiгердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк санитариялық бас дәрiгерi Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен келiсе отырып қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Бiрлескен авиаотрядтың мемлекеттiк санитариялық бас дәрiгерi бiрлескен авиаотряд санитариялық-эпидемиологиялық станциясының бас дәрiгерi болып табылады және оның жұмысына басшылық етедi.
      Бiрлескен авиаотряд санитариялық-эпидемиологиялық станциясының бас дәрiгерiн әуе көлiгiнде Орталық санитариялық-эпидемиологиялық станцияның бас дәрiгерi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiнiң объектiлерiнде мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын Бас мемлекеттiк санитариялық дәрiгер Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi жанындағы Орталық санитариялық-эпидемиологиялық станцияның бастығы болып табылады және Iшкi iстер басқармалары жанындағы санитариялық-эпидемиологиялық станциялардың жұмысына басшылық етедi.
      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң объектiлерiнде мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалайды жүзеге асыратын Бас мемлекеттiк санитариялық дәрiгердi Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк санитариялық дәрiгерi Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрiмен келiсе отырып қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Iшкi iстер басқармаларының объектiлерiнде мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызметтi жүзеге асыратын Бас мемлекеттiк санитариялық дәрiгер Iшкi iстер басқармалары жанындағы санитариялық-эпидемиологиялық станциялардың бастығы болып табылады, оны Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi жанындағы Орталық санитариялық-эпидемиологиялық станцияның бастығы iшкi iстер басқармасының бастығымен келiсе отырып қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне iссапарға жiберiлiп, оның объектiлерiнде мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын органдар мен мекемелердiң адам құрамы iшкi iстер органдарының кiшi, орташа, аға және жоғары басшы құрамына Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң кадр құрамында тұратын жұмысшылар мен қызметшiлерге бөлiнедi.
      Iшкi iстер органдары үшiн белгiленген құқықтық мәртебе, әлеуметтiк қорғау және зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне iссапарға жiберiлiп, оның объектiлерiнде мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалайды жүзеге асыратын органдар мен мекемелердiң қызметкерлерiне қолданылады.
      Министрлiк, компания, корпорация объектiсiнiң мемлекеттiк санитариялық бас дәрiгерi - объект санитариялық-эпидемиологиялық станциясының бас дәрiгерi болып табылды және оны облыстың мемлекеттiк санитарлық бас дәрiгерi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Қазақ обаға қарсы ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгiнiң бас директоры сонымен бiрге Қазақ обаға қарсы ғылыми-зерттеу институтының директоры да болып табылады және аймақтық обаға қарсы станцияларға басшылық етедi.
      Қазақ обаға қарсы ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгiнiң бас директорын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк санитариялық бас дәрiгерiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Аймақтық обаға қарсы станцияның бастығы обаға қарсы бөлiмшелерге басшылық етедi, оны облыстың мемлекеттiк санитариялық бас дәрiгерiмен келiсе отырып Қазақ обаға қарсы ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгiнiң бас директоры қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Республикалық "Дезинфекция" бiрлестiгiнiң бас директоры республикалық және облыстық "Дезинфекция" бiрлестiктерiне басшылық етедi, оны облыстық "Дезинфекция" бiрлестiктерiнiң Директорлар кеңесiнiң ұсынуы бойынша және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк санитариялық бас дәрiгерiмен келiсе отырып Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Облыстық "Дезинфекция" бiрлестiгiнiң директоры шаруашылық есептегi қалалық және аудандық дезинфекция станцияларына басшылық етедi, оны облыстық мемлекеттiк санитариялық бас дәрiгерiмен келiсе отырып республикалық "Дезинфекция" бiрлестiгiнiң бас директоры қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      <*> (37-абзац)
      Қалалық (аудандық) дезинфекция станциясының бас дәрiгерi тиiсiнше бюджеттегi қалалық (аудандық) дезинфекция станциясына басшылық етедi, оны облыстық мемлекеттiк санитариялық бас дәрiгерi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. <*>
      Республикалық "Денсаулық" орталығының бас директоры облыстық және қалалық "Денсаулық" орталықтарына басшылық етедi, оны Қазақстан Республикасының мемлекеттiк санитариялық бас дәрiгерiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Облыстық "Денсаулық" орталығының бас дәрiгерi облыстық және қалалық "Денсаулық" орталығына басшылық етедi, оны облыстың мемлекеттiк санитариялық бас дәрiгерiмен келiсе отырып республикалық "Денсаулық" орталығының бас дәрiгерi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Қалалық "Денсаулық" орталығының бас дәрiгерi қалалық "Денсаулық" орталығына басшылық етедi, оны қаланың мемлекеттiк санитариялық бас дәрiгерiмен келiсе отырып облыстық "Денсаулық" орталығының бас дәрiгерi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Қазақ эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институты мен Қазақ гигиена және кәсiптiк аурулар ғылыми-зерттеу институтының директорлары осы мекемелерге басшылық етедi, оларды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк санитариялық бас дәрiгерiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      ЕСКЕРТУ. III-тарау өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.07.09. N 651
               қаулысымен. P980651_

          IV. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
              санитариялық-эпидемиологиялық қызметiнiң
                           функциялары

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызметiнiң функциялары "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабында баяндалған, оған сәйкес:
      1. Санитариялық-эпидемиологиялық бас басқарма:
      Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызметке кiретiн органдар мен мекемелерге басшылық етедi;
      республика халқының денсаулығын сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулылары мен өкiмдерiн әзiрлеуге қатысады;
      Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызметтiң халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiн жетiлдiру бағдарламасын әзiрлейдi;
      министрлiктер мен ведомстволардың қоршаған ортаны жақсартуға және халықтың денсаулығын сақтауға бағытталған кешендi санитарлық-сауықтыру шараларын үйлестiрiп отырады;
      министрлiктердiң, ведомстволардың, компаниялардың, концерндердiң, корпорациялардың "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындау жөнiндегi қызметiн бақылайды;
      мемлекеттiк стандарттарды, өнiмге, тауарларға, процестер мен қызметтерге, жобалау нормаларына, гигиеналық нормаларға техникалық шарттарды келiседi;
      санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету мәселесiнде басқа да мемлекеттiк бақылау органдарымен қарым-қатынас жасайды;
      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiнiң бұйрықтары, алқа қаулыларын, Кеңестердiң шешiмдерiн әзiрлеуге қатысады;
      санитариялық-эпидемиологиялық салауттылық мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бөлiмдерiмен, Жоғарғы Кеңес комитеттерiмен, министрлiктермен, ведомстволармен, компаниялармен қарым-қатынас жасайды;
      мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен мекемелерiнiң карантиндiк және ерекше қауiптi iндеттер әкелуiне және таралуынан шекараны қорғау жөнiндегi қызметiн ұйымдастырып, үйлестiрiп отырады;
      санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықтың көкейкестi мәселелерi және жұқпалы аурулар таралуының ушығуына байланысты ел аумағында карантин енгiзу бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзедi;
      санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзедi;
      мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызметтi ғылыми жағынан қамтамасыз ету iсiн үйлестiрiп отырады;
      гигиена мен эпидемиология саласындағы ғылыми жетiстiктердi практикаға енгiзуге бақылауды қамтамасыз етедi;
      мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызметтiң санитариялық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтердi, басқа да нормативтiк-техникалық құжаттамаларды қажетсiнуiн анықтайды, оларды әзiрлеу мен келiсуге қатысады, басып шығаруды ұйымдастырады;
      басшы кадрлар резервiн iрiктеу мен даярлауды жүзеге асырады;
      орталық аттестация комиссиясын құрып, мамандарға бiлiктiлiк категорияларын беру үшiн аттестация өткiзедi;
      қалалық мекендердi жоспарлау мен салу жөнiндегi жобалық құжаттаманы әзiрлеу кезiнде санитариялық ережелер мен нормалардың, гигиеналық нормативтердiң сақталуын бақылайды, объектiлердi салу мен жаңғыртуға iрiктеп бақылау жасайды;
      жұмыс iстеп тұрған объектiлердi мемлекеттiк-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады;
      мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызметке кiретiн барлық органдар мен мекемелердiң қызметiн бақылауды жүзеге асырады, оның нәтижелерi бойынша материалдар дайындап, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi басшылығының талқылауына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi жанындағы алқа мен санитариялық-эпидемиологиялық кеңеске ұсынады.
      2. Республикалық санитариялық-эпидемиологиялық станция:
      Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк аумақтарында, темiр жол және әуе жолы көлiктерiнде, министрлiктерiнiң, компанияларының, концерндерiнiң, корпорацияларының объектiлерiнде мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын органдар мен мекемелерге практикалық және ұйымдық-әдiстемелiк басшылықты қамтамасыз етедi;
      санитариялық-гигиеналық, профилактикалық, жұқпалы аурулардың таралуына қарсы шараларды, ерекше қауiптi және карантиндiк iндеттi әкелуден және таратудан шекараны қорғау жөнiндегi шараларды ұйымдастыру мен өткiзуде жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарға, Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызметтiң органдары мен мекемелерiне практикалық көмек көрсетедi;
      автоматтандырылған басқару жүйелерiн пайдалана отырып, есеп жүргiзу және есеп беру көмегiмен санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға бақылауды жүзеге асырады;
      жұқпалы және кәсiптiк ауруларға шалдығуға, оның iшiнде уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты сырқаттануға қоршаған ортаның жай-күйiмен өзара байланысты талдау жасап, баға бередi;
      санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға және мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызметке кiретiн органдар мен мекемелердiң қызметiн үйлестiруге бағытталған басқарушылық шешiмдер қабылдау үшiн ақпарат базасын қалыптастырады;
      объектiлердi жобалау, салу және пайдалану кезiнде санитариялық ережелер мен нормалардың, гигиеналық нормативтердiң сақталуына мемлекеттi санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады;
      санитариялық-химиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, радиологиялық және токсикологиялық, зерттеулер жасайды, шуды, тербелiстi, электромагниттi өрiстердi және басқа физикалық факторларды өлшейдi;
      аумақтарда, темiр жол, әуе жолы көлiктерiнде, министрлiктердiң, компаниялардың, концерндердiң, корпорациялардың объектiлерiнде мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын органдар мен мекемелердiң қызметiн бақылайды;
      мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен мекемелерiнiң қызметiн ұйымдастыру мен басқару жөнiндегi, лабораториялық бақылау әдiстерi, халықты санитариялық-эпидемиологиялық қорғау шараларын жетiлдiру жөнiндегi әдiстемелiк нұсқауларды, нұсқамаларды және басқа директивалық құжаттарды әзiрлейдi және енгiзедi;
      жаңа аспаптар мен жабдықтарды, лабораториялық зерттеулер мен өлшеулер әдiстемесiн, жұмыстың алдыңғы қатарлы түрлерi мен әдiстерiн сынақтан өткiзедi және енгiзедi;
      санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзедi;
      мәселелердi алқаларда, кеңестерде, комитеттерде қарау үшiн материалдар дайындауға қатысады;
      сертификаттық зерттеулер жүргiзуге және еңбек жағдайларын сараптауға қатысады; <*>
      мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен мекемелерiнiң лабораторияларын аттестациялауды жүзеге асырады, сынақ орталықтары мен лабораторияларын тiркеуге қатысады;
      санитариялық-эпидемиологиялық станциялардың материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етiлу жағдайын зерттейдi, жаңа аппаратуралар, аспаптар, арнаулы автокөлiк, медициналық-биологиялық препараттар, химиялық реактивтер сатып алуға жәрдемдеседi;
      ғылыми-зерттеу институттарымен, медициналық институттардың кафедраларымен, басқа да ғылыми және практикалық мекемелермен бiрлесiп санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау проблемалары бойынша семинарлар, кеңестер, конференциялар ұйымдастырады және өткiзедi, өзiнiң салалық бөлiмшелерi базасында мамандар даярлайды;
      санитариялық-эпидемиологиялық станцияларды кадрлармен қамтамасыз ету, мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру мәселелерiмен айналысады.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.07.09. N 651
               қаулысымен. P980651_

      3. Облыстық, қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциялар:
      кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың санитариялық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтердi сақталуына, қоршаған ортаның ластануын болдырмауға, жоюға, еңбек, оқу, тұрмыс және демалыс жағдайларын жақсартуға, жұқпалы, паразиттiк, кәсiптiк-ауруларға шалдығудың және уақытша еңбек ету қабiлетiнен айрылуға байланысты сырқаттанудың, тамақтан және кәсiптiк уланулардың алдын алуға бағытталған санитариялық-гигиеналық және жұқпалы аурулардың таралуына қарсы шаралардың өткiзiлуiне;
      қалалық және селолық мекендердi жоспарлау мен салуға, тұрғын-үй-азаматтық және өнеркәсiптiк құрылыс объектiлерiне оларды орналастыруды перспективалық жоспарлау, жер учаскелерiн бөлу, жобалау, салу және салынып бiткен объектiлердi қабылдау кезеңдерiнде;
      тағам өнiмдерi мен азық-түлiк шикiзатын өндiруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға;
      тамақ өнiмдерiне және ауыз сауға қатысы бар технологиялық жабдықты, мүкәммалды, ыдыстар мен орайтын материалдарды өндiру мен пайдалануға;
      балалар ойыншықтары мен тауарларын, косметикалық және жуғыш құралдарды өндiру мен сатуға;
      радиоактивтi заттарды және иондандыратын сәулелену көздерiн өндiруге, тасымалдауға, сақтауға, қолдану мен көмiп тастауға, халыққа және оның жекелеген топтарына түсетiн сәуле күштерiне, қоршаған ортаның адамға радиациялық әсерiнiң мөлшерiн құрайтын объектiлерiнiң радиоактивтiлiгiне;
      улы және күштi әсер ететiн заттардың, химиялық және биологиялық өсiмдiк қорғау құралдарының, жануарлар мен өсiмдiктер өсуiн тездететiн құралдардың сақталуы мен қолданылуына;
      өнеркәсiп орындарында ережелер мен нормалардың, гигиеналық нормативтердiң сақталуына, кәсiптiк аурулар мен уланудың алдын алу жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға, уақытша еңбек ету қабiлетiнен айрылуға байланысты сырқаттану жағдайларын азайтуға;
      ел қоныстанған жерлердегi сумен жабдықтаудың, канализацияның және тазалаудың жай-күйiне, жер бетiндегi және жер асты суларының, шаруашылыққа арналған сумен және ауызсумен жабдықтау көздерiнiң, демалатын орындардың, атмосфералық ауа мен топырақтың, коммуналдық және тұрмыстық мақсаттағы объектiлердiң ластануын болдырмау және жою жөнiндегi шараларды жүргiзуге;
      жұқпалы және паразитарлық ауруға шалдығудың жай-күйiне, ауруларды және жұқпалы ауруларға шалдығуы мүмкiн деген күдiк тудырған адамдарды ауруханада ұстау жөнiндегi шараларды орындауға, дезинфекция және дератизация ошақтарына, аурулармен бiрге болған адамдарды лабораториялық тексеруге, алдын ала егулер жүргiзуге;
      шекараны карантиндiк және ерекше қауiптi инфекциялардың әкелуiнен және таралуынан санитариялық қорғау жөнiндегi шаралар кешенiн жүргiзуге мемлекеттiк санитариялық қадағалауды жүзеге асырады:
      - алдын ала және мерзiмдi медициналық байқауға жататын контингенттердi анықтауға қатысады, кәсiптiк аурулар мен кәсiптiк улануларды есепке алады, тергеу және талдау жүргiзедi, еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған шараларды орындауға бақылау жасайды;
      - тамақтан улану жағдайларын тергейдi, олардың пайда болу себептерiн анықтайды, алдын алу шараларын ұйымдастыру мен өткiзуге бақылау жасайды;
      - санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзедi;
      - зерттеулердiң бекiтiлген номенклатурасына сәйкес аумақтар мен объектiлердiң санитариялық-эпидемиологиялық жағдайына сипаттама беру үшiн қажеттi бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, санитариялық-химиялық, токсикологиялық, радиологиялық зерттеулер жүргiзедi және құралдармен өлшейдi.
      4. Облыстардың, республикаға бағынысты аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциялары бар қалалардың санитариялық-эпидемиологиялық станциялары (басқармалары), темiр жолдардың жол санитариялық-эпидемиологиялық станциялары, әуе көлiгiндегi Орталық санитариялық-эпидемиологиялық станция сонымен бiрге мынадай ұйымдық-нұсқамалық функцияларды орындайды:
      халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша ақпараттық-әдiстемелiк хаттар мен нұсқамалар әзiрлейдi;
      мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды, лабораториялық зерттеулердi және құралдармен өлшеулердi жүзеге асыру жөнiндегi жаңа әдiстердi зерттейдi, сынақтан өткiзедi және енгiзедi;
      кадрлар орналастыруды, бiлiктiлiк арттыру курстарында мамандар даярлауды жүзеге асырады;
      аттестациялық комиссиялар құрады және мамандарға бiлiктiлiк категорияларын беру үшiн аттестация өткiзедi;
      санитариялық-эпидемиологиялық қамтамасыз ету мәселелерi бойынша мамандардың кеңестерiн, конференцияларын, семинарларын, курстық даярлықтарын ұйымдастырады және өткiзедi;
      қазiргi заманғы автоматтандырылған басқару жүйелерiн пайдалана отырып, жергiлiктi санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға баға беру iсiне практикалық көмек көрсетедi, қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциялардың қызметiн үйлестiредi;
      материалдық-техникалық базаны нығайтуға, лабораторияларды ең жаңа аппаратурамен, жабдықтармен жарақтандыруға және арнаулы автокөлiкпен қамтамасыз етуге көмектеседi.
      5. Темiр жолдағы және әуе көлiгiндегi санитариялық-эпидемиологиялық станциялар темiр жол және әуе көлiгi объектiлерiнде осы Ереженiң 3,4-тармақтарына сәйкес мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады.
      6. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi мен iшкi iстер басқармалары жанындағы санитариялық-эпидемиологиялық станциялар Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң объектiлерiнде мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады және оны осы Ереженiң 3,4-тармақтарына сәйкес iшкi iстер органдарының, iшкi әскерлердiң адам құрамына, олардың отбасы мүшелерiне, мамандандырылған мекемелердегi арнаулы контингентке қатысты жүргiзедi.
      7. Министрлiктердiң, компаниялардың, концерндердiң, корпорациялардың объектiлерiнде мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалайды жүзеге асыратын санитариялық-эпидемиологиялық станциялар оны осы Ереженiң 3-тармағына сәйкес қамтамасыз етедi.
      8. Ерекше қауіптi және карантиндiк iндеттер бойынша жұқпалы аурулардың таралуына қарсы шаралардың ұйымдастырылуы мен өткiзiлуiн қамтамасыз ететiн органдар мен мекемелер:
      - Қазақ обаға қарсы ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгi мынадай функцияларды атқарады:
      Қазақ обаға қарсы ғылыми-зерттеу институты мен аймақтық обаға қарсы станциялар құрамында бiрыңғай ғылыми-өндiрiстiк және шаруашылық қызметтi жүзеге асырады;
      аймақтық обаға қарсы станциялардың қызметiн басқарады және жұмысын бақылайды;
      республикасы аумағында ерекше қауiптi және карантиндiк iндеттер бойынша эпидемиологиялық жағдайға баға беру мен болжауды қамтамасыз етедi, олардың алдын алу, шекараларды санитариялық қорғау жөнiндегi ғылыми негiзделген бағдарламалар әзiрлейдi;
      ерекше қауіптi және карантиндiк iндеттер, шекараларды санитариялық қорғау кезiндегi профилактикалық және жұқпалы аурулардың таралуына қарсы шараларды ұйымдастырады және орындайды;
      мамандандырылған лабораториялардың жұқпалы аурулардың таралуына қарсы режим талаптарына сай келетiндiгiн анықтау үшiн аттестация өткiзедi;
      жаңа медициналық иммунобиологиялық препараттар жасап, енгiзедi, санитариялық-жұқпалы аурулардың таралуына қарсы шаралар кешенiн, ерекше қауiптi және карантиндiк iндеттерге қарсы күресу жөнiндегi ғылыми және әдiстемелiк шаралар әзiрлейдi;
      ерекше қауiптi және карантиндiк iндеттер бойынша дәрiгерлердi, биологтар мен лаборанттарды мамандандыру мен олардың бiлiмiн жетiлдiру, обаға қарсы және санитариялық-эпидемиологиялық станциялар басшы қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру iсiн ұйымдастырады және өткiзедi;
      ерекше қауiптi және карантиндiк iндеттердiң алдын алу және шекараларды санитариялық қорғау мәселелерi бойынша Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызметке кiретiн барлық ұйымдар мен мекемелердiң және емдеу-алдын алу мекемелерiмен қарым-қатынас жасайды;
      - Аймақтық обаға қарсы станциялар:
      обаға қатысты эпидемиялық салауаттылыққа бағытталған профилактикалық шаралар кешенiн ұйымдастырып, өткiзедi және iндеттiң таралған аумақтан шығып кетпеуiнiң алдын алады;
      станциялардың эпидемиологиялық ушығулардың пайда болу жағдайларына үнемi дайын тұруын, ерекше қауiптi және карантиндiк iндеттер ошағын шектеу және жою, шекараларды санитариялық қорғау жөнiнде жұқпалы аурулардың таралуына қарсы шараларды ұйымдастыру мен өткiзудi қамтамасыз етедi;
      ерекше қауiптi және карантиндiк iндеттердiң алдын алу және шекараларды санитариялық қорғау жөнiндегi шараларды өткiзуде денсаулық сақтау органдары мен мекемелерiне практикалық, әдiстемелiк және консультациялық көмек көрсетедi;
      ведомстволық бағыныстылығына қарамастан қауiптiлiктiң 1 және 2 топтағы қоздырғыштарын анықтау жөнiндегi зерттеулер жасайтын лабораториялардағы жұқпалы аурулардың таралуына қарсы режимге бақылауды жүзеге асырады;
      емдеу-профилактикалық мекемелердiң ерекше қауiптi және карантиндiк iндеттердiң пада болу жағдайына әзiрлiгiн бақылайды.
      9. Профилактикалық және ошақты дезинфекцияны, дезинсекцияны, даратизацияны ұйымдастыратын және өткiзетiн органдар мен мекемелер:
      - Республикалық "Дезинфекция" бiрлестiгi мынадай функцияларды орындайды:
      аумақтарда профилактикалық дезинфекциялық, дератизациялық, дезинсекциялық шараларды өткiзу мәселелерi бойынша облыстық "Дезинфекция" бiрлестiктерiне ұйымдық-әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;
      профилактикалық дезинфекциялық қызметтi басқаруды перспективалық даму және жетiлдiру жоспарларын әзiрлейдi, олардың жергiлiктi жерлерде iске асырылуына бақылау жүргiзедi;
      дезинфекция, дезинсекция, дератизация проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер ұйымдастырады, жаңа құралдар мен препараттарды сынақтан өткiзедi және енгiзедi, жұмыстан осы заманғы нысандары мен әдiстерiн әзiрлеп, енгiзедi;
      бiлiктiлiктi арттыру курстарында кадрлар даярлауды ұйымдастырады;
      - Облыстық "Дезинфекция" бiрлестiктерi:
      қалалық және аудандық дезинфекция станцияларының жұмысын басқаруды және ұйымдастыруды, олардың қызметiне және өткiзген шараларының сапасына бақылауды қамтамасыз етедi; <*>
      дезинфекция станцияларының материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуiн жүзеге асырады;
      дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық шараларды және күнделiктi санитариялық қадағалау iсiн орындайды; <*>
      эпидемиялық ушығу кезiнде дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық шаралар өткiзуге қатысады;
      - қалалық және аудандық дезинфекция станциялары: <*>
      инфекциялық аурулар ошақтарында дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық шараларды жүзеге асырады;
      объектiлер мен елдi мекендер аумақтарында мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды қамтамасыз етедi;
      профилактикалық дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргiзедi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 9-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.07.09. N 651
               қаулысымен. P980651_

      10. Республикалық, облыстық және қалалық "Денсаулық" орталықтары:
      салауатты өмiр сатын насихаттауды, халықты гигиеналық оқыту мен тәрбиелеудi, сондай-ақ жекелеген кәсiптiк топтарды арнайы даярлықтан өткiзудi жүзеге асырады;
      халықтың арасында және ұйымдасқан ұжымдарда санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргiзедi;
      бұқаралық ақпарат құралдарымен, баспалармен қарым-қатынасты қамтамасыз етедi;
      баспа қызметiн жүзеге асырып, денсаулық сақтау органдары мен мекемелерiн арнаулы әдебиетпен қамтамасыз етедi.
      11. Қазақ гигиена және кәсiптiк аурулар ғылыми-зерттеу институты, Қазақ эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институты, Қазақ обаға қарсы ғылыми-зерттеу институты мынадай функцияларды орындайды:
      мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен мекемелерiнiң гигиена, эпидемиология және кәсiптiк патология проблемалары жөнiндегi әлеуметтiк тапсырыстарды қамтамасыз етедi;
      санитариялық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтердi, әдiстемелiк нұсқамаларды әзiрлейдi;
      жұмыс аймағының ауасында, атмосфера ауасында, шаруашылыққа арналған және ауызсулар мен мәдени-тұрмыстық жағдайларға арналған сулардағы химиялық және биологиялық заттардың жол беруге болатын шекте шоғырлануының және әсерiнiң қауiпсiз деңгейiнiң гигиеналық регламенттерiн және физикалық факторлардың жол беруге болатын шектi деңгейiн негiздейдi;
      иммунобиологиялық препараттар шығарады, жаңа вакциналар, қоректену орталары мен диагностикумдар шығаруды игередi, оларды қолдану мен бақылау жөнiндегi әдiстемелiк ұсыныстар әзiрлейдi;
      республиканың әртүрлi аймақтарындағы жұқпалы және паразитарлық аурулардың эпидемиялық процестерiнiң ерекшелiктерiне зерттеу жүргiзедi, олардың алдын алу жөнiнде ғылыми негiзделген ұсыныстар әзiрлейдi;
      өндiрiстiк және табиғи ортаның қолайсыз факторларымен өзара байланыста халықтың және оның жекелеген топтарының денсаулық жағдайын зерттейдi, тиiстi ұсыныстар әзiрлейдi;
      Қазақстан Республикасы аумағында және жекелеген аймақтарда санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар кешенiн өткiзуде Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен мекемелерiне практикалық көмек көрсетедi;
      санитариялық-эпидемиологиялық сараптама өткiзуге қатысады;
      Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарын даярлау iсiн ұйымдастырады және өткiзедi.
      12. Темiр жолдағы және әуе көлiгiндегi санитариялық-эпидемиологиялық станциялар, Қазақ обаға қарсы ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгi аймақтық обаға қарсы станциялармен бiрге, Қазақ эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институты, Қазақ еңбек гигиеналық және кәсiптiк аурулар ғылыми-зерттеу институты, республикалық және облыстық "Дезинфекция" бiрлестiктерi қалалық және аудандық дезинфекция станцияларымен бiрге, Республикалық, облыстық және қалалық "Денсаулық" орталықтары өз мiндеттерiн орындаған кезде санитариялық-жұқпалы аурулардың таралуына қарсы шаралар өткiзудi Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк аумақтарында мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызметтi жүзеге асыратын органдармен және мекемелермен қарым-қатынас жасап, келiсiп отырады.
      Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi мен iшкi iстер басқармалары жанындағы санитариялық-эпидемиологиялық станциялар Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк аумақтарында мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын органдармен және мекемелермен қарым-қатынас жасап, елдi мекенде аумақтарының санитариялық жай-күйiн, көше саудасының жай-күйiн, көлiк құралдарын пайдалануды бақылау функцияларын бiрлесiп атқарады, коммерциялық құрылымдарды қадағалау, сондай-ақ жұқпалы аурулар мен бактерия көздерiн анықтау кезiнде көмек көрсетедi.

           V. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық
                    қызметтi қаржыландыру

      Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызметтi қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттер есебiнен жүзеге асырылады.
      Республикалық бюджеттен Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызметтiң республикалық органдары мен мекемелерi, темiр жол мен әуе көлiгiнде мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды қамтамасыз ететiн санитариялық-эпидемиологиялық органдар мен мекемелер қаржыландырылады.
      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне бөлiнетiн нысаналы қаражат есебiнен денсаулық сақтау мекемелерiн иммунобиологиялық препараттармен, санитариялық-эпидемиологиялық станцияларды осы заманғы әрi бiрегей жабдықтармен, аспаптармен, санитариялық автокөлiкпен жабдықтау жүзеге асырылады.

     Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызметтiң
аумақтық органдары мен мекемелерi, объектiлерде мемлекеттiк
санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын
мекемелер аудандық, қалалық, облыстық қаржы басқармалары
(бөлiмдерi) арқылы тiкелей қаржыландырылады.
     
<*>
(бесінші)
     
<*>
(алтыншы)
     
<*>
(жетінші)
     
<*>
(сегізінші)
     
<*>
(тоғызыншы)
     
<*>
(оныншы)


      Жұқпалы аурулардың таралуына қарсы күрес жөнiндегi шараларға, сондай-ақ сырқаттану көбейген немесе жұқпалы және паразитарлық аурулардың жайылу қаупi туған кезде жоспардан тыс жұқпалы аурулардың таралуына қарсы шаралар жүргiзуге республикалық және жергiлiктi бюджеттерде арнаулы қаражат (эпидемиологиялық қор) көзделедi, ол қолданылып жүрген нұсқамаларға сәйкес мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мекемелерiнiң шығыстар сметасы бойынша пайдаланылады.
      Жұқпалы және паразитарлық аурулардың таралу ошағын жоюға таратылған адамдарға тәулiктiк қаражат қолданылып жүрген заңдарға сәйкес төленедi.
      Санитарлық-эпидемиологиялық мекемелер ұсынатын тауарларды сату мен қызмет көрсетулерден түсетiн түсiмдердi олар Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi айқындайтын тәртiппен пайдаланады.
      ЕСКЕРТУ. Y-бөлiмнiң 5,6,8,9,10-абзацтары алынып тасталған -
               ҚРҮ-нiң 1997.04.08.N 505 қаулысымен. P970505_
      ЕСКЕРТУ. Y-бөлiмнiң 5 және 7-абзацтары алынып тасталған -
               ҚР Үкіметінің 1999.06.07. N 708 қаулысымен. P990708_
      ЕСКЕРТУ. Y-бөлiм абзацпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.07.
               N 1315 қаулысымен. P991315_

           VI. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық
               қызметтiң мүлкi және оны материалдық-
                   техникалық қамтамасыз ету

      Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет құрамына кiретiн органдар мен мекемелердiң үйлерi, ғимараттары, жабдықтары, көлiк құралдары және басқа мүлкi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң иеленуiне, пайдалануы мен басқаруына берiледi және жекешелендiруге, акцияландыруға, басқаға беруге және басқа шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге сатуға болмайды.
      Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету республикалық және жергiлiктi бюджеттер, бюджеттен тыс арнаулы қаражат және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да қаржыландыру көздерi есебiнен жүзеге асырылады.
      Әкiмдер, министрлiктер, темiр жолдар, компаниялар, концерндер және корпорациялар өз қаражаты есебiнен санитариялық-эпидемиологиялық станциялардың материалдық-техникалық базасын нығайтады, оларды байланыс құралдарымен және коммуникациялармен, ал қызметкерлерiн осы ведомстволар үшiн белгiленген жеңiлдiктермен қамтамасыз етедi.

          VII. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық
               қызметтiң ведомстволық санитариялық-эпидемиологиялық
               қызметтермен, басқа да мемлекеттiк қадағалау
                      органдарымен қарым-қатынасы

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызметi Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қарулы Күштерiнiң, Шекаралық және Iшкi әскерлерiнiң санитариялық-эпидемиологиялық қызметтерiне ұйымдық-әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады және бiрлескен ережелер негiзiнде олармен қарым-қатынас жасайды.
      Басқа да мемлекеттiк қадағалау органдарымен қарым-қатынас белгiленген тәртiппен бекiтiлген бiрлескен ережелер негiзiнде жүзеге асырылады.